208
209
БалқУраЙ
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
БалқУраЙ
Ай-күнім,
Айман айым, денің сау ма?
Шырмалған ақ шабағым қиын ауға.
Алыстан ат терлетіп келдім жетіп,
Болсын деп шыбын жаным, саған сауға.
Қайырмасы:
Қару-жарақ тағынып,
Айрылдым деп не ғылып.
Айман-айым,
жұлдызым,
Жаңа таптым сағынып.
Кешіктім, көп отырдым тас қамауда,
Қапамен дәурен өтті күн санауда.
Жеткенім осы болды, кешірерсің,
Салайын
тон тонауды, жан талауға
Қайырмасы:
Қару-жарақ тағынып,
Айрылдым деп не ғылып.
Айман-айым, жұлдызым,
Жаңа таптым сағынып.
210
211
Дегенде
бес қарагер, бес қарагер,
Бес жүзік, бес білезік, бес тана бер.
Берсең бер,
бермесең қой соларыңды,
Жан сәулем, қайда жүрсең еске ала жүр.
Өкшесі етігіңнің айнала жез,
Көзіңнен айналайын дөңгелек көз.
Екеуміз екі ауылдың баласы едік,
Қаңбақтай-ау жел аударған болдық қой кез.
БЕсқарагЕр
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Көшкенде
жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
Көзімнің
қарасындай сәулем едің,
Көңлімнің қуанышы, дәурені едің,
Келмейді келсем кеткім еш қасыңнан,
Басымды не сиқырмен әуреледің.
Достарыңызбен бөлісу: