"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019 365
УДК 37.01 ЖАС ҦРПАҚҚА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ С.ҚОНДЫБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БЕРЕР РУХАНИ АЗЫҒЫ Шҥкіров Жәрдемғали Жҧбанғалиҧлы Қ.Жҧбанов атындағы Ақтӛбе мемлекеттік
ӛңірлік университетінің доценті,
физика-математика ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан педагогикалық ғылымдар
академиясының мҥше корреспонденті Жҧмағҧлова Шынар Амангелдіқызы Ақтӛбе кӛпсалалы АГУ
Тарлан колледжінің оқытушысы Әр ҧлттың қай кезеңде болмасын алдында тҧратын ҧлы міндеттерінің ең бастысы ӛзінің
ісін, ӛмірін жалғастыратын салауатты саналы ҧрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін
жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми ӛрісі озық етіп тәрбиелеу аға
буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп
ӛсіруде халықтық салт дәстҥрлердің тәлім -тәрбиелік білім танымдық ролі зор.
Кілт сӛздер:С.Қондыбай мҧрасы, тәрбие, патриотизм, ӛршіл рух, тарих, салт-дәстҥр,
ҥлгі-ӛнеге.
Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мҧрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың
кҥмбірлеген кҥміс кҥйі, сыбызғы сырнайының ҥні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық
жырлары мақал-мәтел, шешендік сӛз, айтыс ӛлеңдерінің сан ғасыр бойы ӛз ҧрпағын сегіз
қырлы, бір сырлы, ӛнегелі де ӛнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат
етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ҧрпағын тәрбиелеуде,
олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын
сҥюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-
дәстҥр негізін ҧстансақ ӛте ҧтымды болар еді.
Бҥгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ҧлттық тәрбиені,озық ӛнегелі
дәстҥрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда,оны
ҧтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз
Сондықтан ҧлттық мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен
болашағы да жас ҧрпақ тәрбиесіне байланысты.
Рухани жаңғырусыз – жаһан кӛшіне ілесу әсте мҥмкін емес. Бәсекелестік қабілет
қазіргі таңда жеке адамға ғана емес, тҧтас халықтың ӛзі бәсекеге қабілетін арттырса ғана
табысқа жетуге мҥмкіндік алады. Бҧл Елбасының бас басылымдағы жарияланған
мақаласының тҥп мақсҧты. Қоғамды серпілтіп, ел болашағын айқындайтын аса қҧнды
қҧжатта барша қазақстандықтардың арман-мҧраты тоғысқандай. Халқымыздың
бабалардан қалған мәдени, тҥбіне дейін қазып зерттеген, салт-дәстҥрімізде, ырым-
жырымымызда, наным-сенімдерімізде сиқырлы қҧпияларын, бабалар шешіп қазақ елінің
бақытына жаралған. Қазақ ҧлттық мәдениеті, мифологиясы, ауыз әдебиеті, халқымыздың
жыр-дастандары, аңыз-әпсаналары, ертегілері, кӛшпенділердің жҧлдыздар туралы
тҥсініктері табиғатпен, жаратылыспен, ғарышпен, Жаһанмен тығыз байланысты.
Дамудың діңгегі рухани байлықтардан басталары хақ. Ол мәдени-тарихи құндылықтармен сабақтасады. Қоғамдық сананы жаңғырту заман талабы. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды. Қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру ұлтын сүйіп, ұлт тағдырын өз тағдырымен байланыстыратын жүрегі ізгілікке толы азамат –Маңғыстау топырағынан шыққан зерттеуші Серікбол Қондыбай жұмыстанған еді.