"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019 367
жҥйелерді салыстыра келіп, қазақ мифтерінің жҥйе тҥрінде емес, аңыз- ертегілер, мақал-
мәтелдер, тҧрмыстық салт–жоралғылар, әдет-ғҧрыптар мен эпос мазмҧндарында, сӛз
тіркестерінде сақталғанына және олардың әлем мифтерімен ҧқсастығына назар аударды.
[2]. Оның қиыр шеттегі, шалғай жерде ӛмір сҥріп, тым қысқа ғҧмырында тағдыр
тауқыметін тартып, ертеңінің не боларын білмей, дәрменсіз ауру болса да,жазылудың
жолын іздеп, бар мҥмкіндігін тән саулығын тҥзетуге жҧмсаудың орнына бар арман-
аңсарын елінің ғажайып ертеңіне қызмет ететін, бҥгінде ҧмыт қалған ӛткен тарихын
ашуға жҧмсағанына таңданыс пен ризашылық білдіреді. Шындығында, С.Қондыбай
шығармаларын зерделей келе, оның қазіргі әлемдік тарихнама қолданатын жаңа әдістерді
терең меңгергенін кӛруге болады.
Алаш атауы бҥгінгі кҥнге дейін тҥрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай, т.б. халықтардың
есінде сақталған. Кеген тас жазуында «алты бӛріг» («алты қасқыр») деген сӛздің «алты
алаш» мағынасын беретіні жӛнінде (ҥйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғҧн
тайпалары) ғылыми болжамдар бар [3].
Осы пікірлерді саралай келе, С.Қондыбай ҧлтымыздың алғашқы ҧғымы «Алаш»
атауының тҥбі тҥркілік терең дәуірлерде жатқанын қайталап қана қоймай, оны
пәнаралық әдістермен дәлелдеуге тырысты. Қазіргі тарих ғылымы қолдана бастаған
мифтерді, тарихи ҧғымдар мен кӛне атауларды, текстерді лингвистикалық талдау арқылы
халқымыздың тарихының ежелгі ӛркениеттермен сабақтастығына назар аударды. Жалпы
біз кеңестік кезеңде толыққанды дерек ретінде мойындалмай келген қазақ шежіресінің
мәліметтерінің аңыз еместігінің бҥгінде генетикалық зерттеулердің дәлелдеген айтуымыз
қажет. Сондықтан зерттеуші Алащ этнонимін ғылыми сараптауда ауызекі дәстҥр арқылы
жеткен протоқазақтық этнонимдер Қалша Қадыр, Алаша хан, Алшын, Эфталит т.б
атауларымен сабақтастырады. С. Қондыбай қазақтың шежірелік тҥп-аталарының бірі –
Қалша Қадыр мен аққу (қаз) қҧс кейпіндегі перінің қызы, перизаттан "Қазақ" атты ҧл
туғаны, ал одан Ақарыс, Жаңарыс, Бекарыс деген қазақтың 3 жҥзінің аталар таралатыны
туралы мифті талдай отырып, қазақ этногенезінде кеңінен қолданылатын Қадырбай
атауының Қалша сӛзімен тіркесіп айтылуының себебін тҥсіндіреді. [7]
Қазақ халқында ҧрпағының болашағын ескеруден пайда болған ҧлын ҥйлендіріп,
қызын ҧзатуда ғасырлар бойы желісін ҥзбей келе жатырған салт-дәстҥрлері бар. Бҧл
жергілікті қазақтардыӊ ерте дәуірлерден бері қарақалпақ, ӛзбек халықтарымен туыстас,
іргелес, аулы аралас, қойы қоралас ел болғандығымен байланысып жатыр.Ҧзақ жылдық
тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы ӛлке қазақтары тіліне аталған тілдерден ауысқан
сӛздер аз емес. Олар ӛздері енген тілге әбден сіӊісіп кеткен. Той дәстҥрлерімен
байланысты қолданылатын этнографизмдерді ҥйреніп, олардың мәнін ашуды мақсат
еттік. Қарақалпақстанда жасайтын қазақтардың арасында қыз алып қашу, тәп берді,
қуғыншы сияқты әдет-ғҧрыптар кең таралған. Қазақ дәстҥріңде ҥйлендірудің бірнеше
тҥрлері болған. Мысалы, екі жолдас адамның әйелдері бір мезгілде аяғы ауыр болса, олар
«егер біріміз ҧлды, ал екіншіміз қызды болсақ, екеуміз қҧда болайық» деп әлі туылмаған
балаларын атастырып қояды. Яғни, ескі әдет бойынша ата-аналары ҧлы мен қызына жас
уақтында-ақ қҧда тҥсіп қояды. Бҧндай қҧдаласу тҥрін жергілікті қазақтар «бел қҧда» деп
атайды. Жергілікті қазақтар дәстҥрінде қҧда тҥсудің бесік қҧда деп аталатын тҥрі де
сақталған. [1]. Бҧл дәстҥр бойынша нәрестелер бесікте жатқанда-ақ екі жақ қҧда тҥсіп
шарттасып, балалары ер жеткен соң ӛз уақтында орындалған. Қҧда сӛзі ҥйленген жас
жҧбайлардың ата-аналары, жақын туысқандары мағынасында қазіргі кӛпшілік тҥркі
тілдерінде, атап айтқанда қазақ, қарақалпақ, ӛзбек, қырғыз, татар, башқҧрт, тҥркмен,
ноғай, қарақалпақ, тува және алтай тілдерінде қолданылады. Қазақ және қарақалпақ
тілдерінде қҧда сӛзі арқылы бас қҧда, бел қҧда, бесік қҧда, ақтай қҧда, қарсы қҧда,
кәтқҧда сияқты этнографизмдер пайда болғандығын кӛреміз.
Беташар- Қазақтың ескі замандардан келе жатырған дәстҥрлерінің бірі.
Келіншектің бетін шаршы топта ақындар ӛлеңмен ашады. Беташар жыры екі бӛлімнен
тҧрады:1) Беташардың айтымы; 2) беташар. Беташарды ашқан адамға қәде ретінде ақша
не мата береді. Бҧл қаде жергілікті қазақтар тіліңде айтымал деп аталады.