Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет377/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
366 
Рухани жаңғыру іске асырылып жатқанда Серікбол Қондыбайдың қҧнды 
зерттеулері қажетті болатыны айдай анық. Серікбол Қондыбай Мәңгілік Елдің аталар 
мен ҧрпақтар арасындағы рухани сабақтастығын, адам мен болмыстың тҧтастығын, 
кӛшпендінің 
микрокосмосы 
менен 
Жаһанның 
ҥндестігін, 
мәдениетіміздің, 
философиямыздың тҥпсіздігін, бітпестігін, ҥзілмес асыл мирас екендігін дәлелдеген. 
Мҧның дәлелі – ӛзіміздің мәдениетіміз бен ауыз әдебиетімізде жатыр. 
Серікбол Қондыбайдың еңбектері– тек ғана ғылымға арналған ескерткіш емес, 
рухани, мәдени ошағы, арғықазақ мифологиясына арналған ерекше еңбектер. Ал 
Маңғыстау – қаймағы бҧзылмаған, кӛне салт-дәстҥрлеріміз сақталған, ҧлттық рухы берік 
ҧсталған, сан әулие, пірлер, батырлар, ерлер, жыраулар ӛткен жер, жыр-дастандарға, 
аңыз-әпсаналарға толы қасиеті бар мекен. Кӛктемнің шығатын кезі, қыс пен жаз, кҥн мен 
тҥн кҥресетін жыл мезгілі. 
Ақ пен қара ажыратылатын шақ. Бҧл кезде ақ пен қараны ажыратып, халқымыздың 
бабалардан қалған мәдени, рухани мҧрасының тҥбіне дейін қазып зерттеген, салт-
дәстҥрімізде, ырым-жырымымызда, наным-сенімдерімізде сиқырлы қҧпияларын, бабалар 
шешіп ҧрпаққа аманат қылған белгілерін, символдарын іздеген жан Серікбол Қондыбай 
қазақ елінің бақытына жаралған.
Әдет-ғҧрпымыз, ырым мен тиымдарымыз табиғи, табиғатпен ҥндес, жаратылыс 
заңдарына сәйкес келеді. Кӛшпенділер табиғатпен, дҥниемен тҧтас болып, қоршаған 
ортамен гармонияда тҧратын еді. Бҧл ҧстаным қазақ халқының және кӛшпенді тҥркі 
халықтарының мәдениетінде және ауыз әдебиетінде кӛрінеді. Әсіресе, кӛшпенділердің 
философиясының 
негіздері, 
рухани 
қҧндылықтарының 
принциптері 
халық 
мифологиясында кӛрсетілген. Кӛшпенділер, кӛне тҥрік, қазақ мифологиясы ӛте бай, 
қызық, әлемге әйгілі кӛне Мысыр, Шумер, Скандинавия, грек, рим ифологиясынан кем 
емес. Ата-бабаларымыздың генетикалық кодына сінген мифологиясын және жалпы қазақ 
руханиятының тҥп-тамырын жалықпай зерттеген Серікбол Қондыбай еді. 
Табиғат 
кӛріністерінің 
ӛзі
Жерге 
емес, 
Айға, 
Марсқа, 
ғарыштағы 
ғаламшарларының ӛркениеттерінің біріне немесе ертегілердегі, мифтағы, анимациядағы 
сиқырлы ғажап дҥниелерінің біріне ҧқсайды. Қырымның қырық батырларының 
аттарының дҥбірі естілген, Ноғайлы заманының абыз жыраулардың мҧңды сарының, ой 
тҥбінде жатқан сӛзін ҧққан, Адай ата, Ер Қосай, Бекет атаның мекені Маңғыстаудың 
қадіріне кім жетсін!
Серікбол Қондыбай осындай жерде туған, ӛмір сҥрген, топырағынан нәр алған. 
Қоршаған орта, қасиетті елдің кҥш-қуаты, энергетикасы зерттеуші ғалымға әсер етіп дем 
берген. 
Ғалымның ӛмірі қамшының сабындай қысқа, шолақ және сынауларға толы еді. 
Ауыр дерттің кесірінен зерттеуші кӛп жыл жҥре алмай, тӛсек тартып жатты. Бірақ, 
ауруына қарамастан, Серікбол Қондыбай халық мәдениетін, мифологиясын зерттеп, 
тҥбін қазып, том-том кітап жазды. Әдебиетте ӛткен ғасырда осындай тҧлға Николай 
Островский еді. Ал қазақ әдебиетінде ақын Айжарық Әбілқасымовтың атын атауға 
болады.
Тарих кӛлеңкесінде қалған мәселелердің бірі –кӛне қазақ мифтері, аңыз-әңгімелері. 
Ежелгі замандарда адамзаттың ӛзінің шығу тегі және қоршаған ортасы: дҥниенің 
жаратылуы жӛнінде дҥниетанымдық тҥсініктері қалыптасты. Жазу-сызу болмаған 
замандарда бҧл тҥсініктер ауызша дәстҥрмен эпос, аңыз әңгімелер, мифтер, салт-дәстҥр, 
әдет-ғҧрыптар, тіпті сӛздік қор арқылы бізге жетті. Алайда кеңестік формациялық 
методология мен тек жазба дерекке сҥйенетін батысевропалық позитивтік әдіс ауызша 
тарихты дерек ретінде қолдануға тиым салып, кӛптеген ҧлттарды, соның ішінде, қазақ 
халқын да «тарихы жоқ» халықтар қатарына қосты.
С.Қондыбайдың артында бірнеше еңбектері қалды. Бҧл еңбектер қазақ ғылымында 
ҥлкен серпіліс тудырды. Әлем халықтарының мифтерін ғылыми талдаудан ӛткізген ол 
қазақ мифлогия ғылымын қалыптастыруға ӛлшеусіз ҥлес қосты. Ол ежелгі шығыстық: 
египеттік, қос ӛзендік (шумерлік, вавилондық, ассириялық, библиялық, т.б.), ҥнділік, 
қытайлық, парсылық, гректік, римдік, скандинавтық-европалық, славяндық мифтік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет