Списоклитературы
1. Devore Jay L. Probability and Statistics for Engineering and the Sciences. 8
th
ed.
California Polytechnic State University, San Luis Obispo, 2010.
2. Изучение структурно-энергетических характеристик оксидов и гидроксидов
металлов с целью получения фосфатных связующих для жаростойких бетонов,
ЖурналТехнические науки – от теории к практике , Выпуск № 20 / 2013
3. Абдрахимова Е.С. Влияние некоторых отходов производств цветной металлургии
на физические и механические свойства кирпича // Известия вузов. Цветная металлургия.
2004. №2. С. 49.
"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
58
УДК 70
ТРЭВЕЛ-ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Бобеев Ернҧр Уалихнаҧлы
Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ магистранты
Алматы, Қазақстан
Маханова Ляйля Замадинқызы
Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ аға оқытушы
Алматы, Қазақстан
Тҥйін. Мақалада қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан, сонымен қатар толық
зерттеліп ҥлгермеген жунарлистика бағытының яғни трэвел-журналистиканың әр тҥрлі
аспектілері талқыланады. Заманауи трэвел-программа, трэвел-журналистиканың жарқын
кӛрінісі ретінде тҥрлі жанрларды қамтиды, сондай-ақ біршама медиа-платформаларды
пайдаланады. Зерттеудің әдіснамасы медианың мақсатын басқа елдер мен халық туралы
білімді кеңінен тарату және олардың халықаралық қатынастардағы рӛлі ретінде
қабылдауға негізделген. Мақалада трэвел-журналистиканың бҥгінгі ерекшеліктеріне
басты назар аударылады.
Кілт сӛздер: трэвел-журналистика, саяхат, трэвел-шоу, travel journalism, трэвел-
бағдарламалар.
Трэвел-журналистика (ағл. travel journalism) жалпы аудиторияға саяхат жайлы
ақпарат беретін журналистиканың жаңа әрі ерекше бағыты болып табылады. Саяхат
журналистикасы тарих, география, мәдениет, ӛнер, философия, этика, сондай-ақ туризм
секілді салаларды қамтиды.
Журналистиканың бҧл бағыты халықтың ҧлттық танымына тікелей әсер ете
отырып,ақпаратты бір мәдени контексттен екіншісіне ауыстырып, сонымен қатар
аудиторияда тҥрлі мәдениеттердің белгілі бір бейнесін қалыптастырады.
Ақпарат пен ойын-сауық салаларының қосындысы қазіргі заманғы БАҚ-тың,
әсіресе теледидардың маңызды даму тренді ретінде –трэвел-журналистиканы танымал
етуге БАҚ конвергенция мен теледидардағы "инфотейментті" кеңейту ҥдерістері ықпал
етеді.
Заманауи саяхат бағдарламасы трэвел журналистиканың жарқын кӛрінісі ретінде
кӛптеген жанрлар қҧрылымынан тҧрады. Тарихи географиялық хабарлар деректі ғылыми
фильмдермен, жол очерктерімен және білім беру фильм-дәрістермен байланысты болды;
алайда қазіргі заманғы телевизиялық жанр ретінде олар деректі фильмнің, білім беру
бағдарламасының, ойын-сауық ток-шоуының, реалити-шоудың, сериалдың, жарнамалық
роликтің элементтерін жҥргізушінің қатысуымен біріктіреді.
Бағдарламаның жҥргізушісі белгілі бір жҥйелілікпен кӛрерменмен бірге жаңа
мекенге саяхаттайды, сонымен қатар, жҥргізушінің шығармашылық, кейде актерлік
қабілеттері де маңызды рӛл атқарады – ол кӛңілді ақпарат пен жақсы кӛңіл-кҥйдің
жолсерігі ретінде, бағдарламадан аудиовизуалды ләззат алуға жауапты.
Қазіргі заманғы трэвел-бағдарламалар ҥшін екі ҥрдіс тән: біріншіден,
бағдарламаның форматына байланысты нақты мақсатты адресация (жасӛспірімдер мен
жастар, саяхатшылар, ҥй шаруасындағы әйелдер және т.б.); екіншіден, назарды
жергілікті тҧрғындардан жҥргізушілерге аудару, кӛбінесе олар – танымал актерлер,
шоумендер, саяси қайраткерлер мен бизнесмендер.
|