200
124 - кесте
К.МАРКСТІҢ ҚАРАСТЫРҒАН
БЕС ҚОҒАМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРМАЦИЯСЫ
__________________________________________________________________
1
АЛҒАШҚЫ
ҚАУЫМДЫҚ
ҚҰРЫЛЫС
Жеке еркіндік пен теңдік; Қоғамнан тыс
мәжбүрлеуші жариялық биліктің болмауы;
Еңбекті ұйымдастырудың қарапайым
формалары; Жеке
меншіктің болмауы,
рулық-тайпалық қатынастар, т.б.
2
ҚҰЛ
ИЕЛЕНУШІЛІК
ҚҰРЫЛЫС
Жеке меншіктің пайда болуы, «тірі»,
«сөйлейтін» құлдардың болуы (Аристотель);
Әлеуметтік теңсіздік және қоғамдық жіктелу
(таптар); Мемлекет пен жариялық билік;
3
ФЕОДАЛДЫҚ
ҚҰРЫЛЫС
Ірі жер иеленушілер, феодалдар меншігінің
үстем болуы; Феодалдардан экономикалық
тәуелділікте
болатын шаруалардың еңбегі;
Еркін кәсіп, қолөнер орталығы –қалалардағы
ерекше өндірістік қатынастар;
4
КАПИТАЛИСТІК
ҚҰРЫЛЫС
Экономикадағы өндірістің негізгі рөлі;
Өндіріс әдістерінің күрделенуі –механизация,
еңбек ұйымдасуы; Өндіріс жабдықтарының
буржуазиялық
таптың қолында болуы; Құқық
жағынан еркін, бірақ буржуазиядан
экономикалық тәуелді жұмысшы табының
ерен еңбегі;
5
КОММУНИСТІК
(СОЦИАЛИСТІК)
ҚҰРЫЛЫС
Өндіріс жабдықтарына мемлекеттік
(қоғамдық)
меншіктің болуы; Өндірілген
өнімді қоғамның барлық мүшелеріне әділ
теңдей үлестіру; Меншік иелерінің қанауынан
азат жұмысшы, шаруа, интеллигенцияның
еңбегін қамтамасыз ету, т.б.
211
Қосымша сұрақтар:
Қоғам – дегеніміз не, оның құрылымы қандай?
Қоғамның табиғаттан ерекшелігі неде?
Қоғам туралы ілімнің қандай даму кезеңдері бар, олар немен
сипатталады?
Социология туралы ілімнің негізін кімдер қалады? Социологияның
анықтамасы қандай?
Қоғамның қандай түрлері бар?
Қоғамдық қатынастардың сипаты неде?
Қоғамның қызметі неден тұрады және оның мәні неде?
Қоғамның әлеуметтік құрылымы. «Таптар» және «страттар».
Әлеуметтік құрылым туралы жаңа көзқарастың өзгешелігі неде?
Әлеуметтік жіктеу (стратификация) теориясының мазмұны неде?
Бұрынғы ССРО кезіндегі қоғамның таптық құрылымы қандай болды?
Қазіргі қазақ (қазақстандық) қоғамында қандай таптар болуы мүмкін?
Қоғамның демографиялық құрылымы дегенді қалай түсінесің?
Қоғамның кәсіби құрылымының мәні неде?
Қоғамның әлеуметтік-аумақтық құрылымы неден көрінеді?
Қоғамға мәдениеттанушылық немесе өркениеттік қатынас.
Маркс
ілімінің мәні, кемшілігі неде?
Қоғамның марксистік түсінігі.
Социализм қоғамдық жүйе ретінде неге өзін ақтамады?
Әлеуметтік бірлік - дегеніміз не?
Әлеуметтік заңдар дегеніміз не, ол қалай қалыптасады, нені
анықтайды?
Әлеуметтік заңдардың қандай түрлері бар?
Әлеуметтік байланыстар дегеніміз не, байланыстың қандай салалары
бар?
«Азамат», «азаматтық қоғам» деген сөздердің мазмұнын ашып
көрсетіңіз?
Азаматтық қоғамның қалыптасуына қандай (экономикалық және
әлеуметтік) үрдістер әсер етеді?
Құқықтық мемлекет деп қандай мемлекетті атаймыз? Құқықтық
мемлекеттің белгілері.
Құқықтық мемлекетте азаматтар қандай сапаға ие болуы керек?
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет арасында қандай
байланыстар бар?
Азаматтардың құқықтық мәдениетіне нелер жатады?
Демократия - дегеніміз не? Оның мазмұны неде?