ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
303
Репликация неге жойылатын
РНҚ праймерлерінің
орнына жоюды қажет етпейтін ДНҚ праймерлерін қол-
данбайды? Өзін-өзі түзейтін полимераза тізбектерді
de novo бастай алмайтындығы кері мағына тудырады:
жаңа тізбекті бастайтын фермент өзін түзетуде мұқият
бола алмайды.
Сондықтан, Оказаки фрагменттерін
синтездейтін фермент, салыстырмалы түрде, мұқият құрылмаған
тізбек синтездейді
(10
5
нуклеотидтерде 1 қате). Егер, соңғы өнімде қате мөлшері 5%-ға дейін төмендесе
(мысалы, әр 200 нуклеотидте 10 қате), онда толық геном ауқымында барлық қате-
лердің мөлшері организмге өте қауіпті бола алады. Сонымен,
ДНҚ тізбектерінің ор-
нына РНҚ праймерлерін қолдану клеткаға артықшылық береді: праймер құрамындағы
рибонуклеотидтер (ДНҚ-РНҚ гибридтері) осы
тізбекке «күмәнді» деген дәреже береді де, оның
түзетілуін қоздырады. Клетканың репарациялық
жүйесі РНҚ праймерлерін комплементарлы ДНҚ
тізбегі бойында алмастырады да, ДНҚ-ның нақты
қос тізбегін түзеді.
Арнайы белоктар репликативтік айыр
алдында ДНҚ-ның қос тізбекті спиралін
тарқатуға көмектеседі
ДНҚ синтезінің жалғасуы үшін
ДНҚ-ның қос
тізбегі репликативтік айыр алдында тарқатылу қа-
жет. Дегенмен, ДНҚ-ның қос тізбегі өте тұрақты
құрылым және пробиркада екі ДНҚ тізбегін ажы-
рату үшін қайнаған судың температурасы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: