5.14 Бұзылған дуплекстің екі ұшымен интактты гомологты дуплекске тізбек алма-
суы негізінде түзілетін қос Холлидэй құрылымын сызыңыз (
М5.3-сурет ). Холлидэй
құрылымындағы әр тізбектің сол жақ ұшын ата-аналық және рекомбинантты дуплекс-
тердің ара-қатынасы айқын болатындай 5’ немесе 3’ етіп таңбалаңыз. Қос Холлидэй
құрылымдарындағы жалғыз тізбекті аудандары синтез көмегімен қалай толтырылаты-
нын көрсетіңіз.
М5.3-сурет. Интактты гомологты дуплекспен алмасуға дайын жалғыз тізбекті ұштары бар үзілген дуплекс (5.14-мәселе).
5.15 ДНҚ мисматчтарын түзетуге қоса, мисматч репарациялық жүйеге ұқсас, бірақ
бірдей емес тізбектер арасындағы гомологты рекомбинацияны болдыртпау түрінде
әрекет етеді. Бір-біріне ұқсас, бірақ бірдей емес тізбектер арасындағы гомологты ре-
комбинация неге адам клеткаларына қауіп төндіреді?
5.16 Cre-рекомбиназа ДНҚ-ның екі LoxP сайттарының арасындағы рекомбинацияны
катализдейтін сайт спецификалық фермент болып табылады. Cre-рекомбиназа ферменті
екі LoxP сайтын бірдей бағытта жұптастырады, қостізбекті екі LoxP сайтында үзеді
және үзілген екі тізбекті қосады және екі LoxP сайтын қалпына келтіреді (
М5.4-сурет ).
Осы механизмге негізделе отырып,
М5.4Ә-суретінде көрсетілген ДНҚ-лардың әрқай-
сысы үшін Cre ферментімен қоздырылған сайт спецификалық рекомбинацияның нәти-
жесінде орын алатын тізбектер алмасуын болжаңыз.
М5.4-сурет. Cre рекомбиназасымен іске асырылатын сайт-спецификалық рекомбинация (5.16-мәселе). (A) Cre/
LoxP сайт-спецификалық рекомбинацияның сызбанұсқасы.
ДНҚ-дағы LoxP тізбектері сайт-спецификалық рекомбина-
ция оңай көріну мақсатында түсті үшбұрыштармен көр-
сетілген. Негізінде олардың тізбектері бірдей. (Ә) LoxP-дің
екі орналасу түрі бар ДНҚ субстраттары.