Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет42/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

2-тапсырма. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді теріп жазыңыз. Қандай сөйлем 
мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын айтыңыз.
Олардай асыл тұқым болмаса да, қазақ малынан шыққан әсем 
кесілген тор жорғалар, боз жорғалар, қара жорғалар да қар боратып, 
безек қағады. Орыс жылқысы асыл тұқымды желіскерлер де өз жарыс, 
бәсекесін салып ағызып өтіп жатыр. Бір шақта Мағаш, Майқан 
қатарынан аңғарып, дауыстап айтысып қалды. Осы шақта жорғалардың 
ең алдыңғы тобында, қояндай аппақ боз жорғамен «үзеңгі қағысып» 
Торжорға да безілдеп келеді екен. Тұрғандар бір ауыздан «Әбсәмет, бас!» 
– деп еріксіз үн қатып, айқайласып қалды. 
Жарыс жаңа басталыпты. Он жорға, алдыңғы бір қылаң, бір 
баранды ұзатып жібермей өкшелеп барады. Жарыс Колпоковский 
көшесімен барып, Ташкент аллейіне жетіп, содан паркті айналып


71 
қайтадан Колпоковский көшесін орайды. Осы Селскиймен тартып барып, 
ақ шеркеудің алдындағы алаңда, мал базарында тоқтайды. 
Көпшілік сол хабарды естіген соң, енді жорғалардың бәйгесін 
көмбеде көргісі келді.
Әредікте, әсіресе ақ түйме, сұр шинельдерімен гимназия оқушылары 
көбірек байқалады. Әр кеңсенің сарала түймелі чиновниктері де 
әйелдерімен көріне түседі. Бірақ бар жиында ең қалың молшылық, сарала 
қылыш асынған қызыл-сары тоқыма баулары айқыш-ұйқыш салбыраған 
полицейлер, урядник, стражениктер. Осылар ерекше көп көзге түседі. 
Олардың төрелері, жандарм офицерлері де жиі байқалады (М.Әуезов). 
3-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі бірыңғай 
мүшелердің жасалу жолдары бойынша өз пікіріңізді дәлелдеңіз.  

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. » 

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен 
дәлелдей аламын ……» 

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды 
шешімге келдім ....». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет