Р. С. Рахметова


 Құрмалас сөйлем синтаксисі



Pdf көрінісі
бет45/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
5. Құрмалас сөйлем синтаксисі 
 
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі. Жалпы, қазақ тіл біліміндегі құрмалас 
сөйлемдерді зерттеу тарихына көз салсақ, ХХ ғасырдың 30-жылдарының 
екінші жартысынан бастап қана ғылыми-зерттеу нысаны етіп алына 
бастағанын байқаймыз. Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген қазақ тілі 
грамматикаларында құрмалас сөйлем арнайы сөз болған емес. Ал «күрделі 
сөйлем», «бағыныңқы сөйлем» деген мысалдар тіліміздің фактілеріне 
қарап емес, орыс тіліне аударылған мағыналарына сай шешілген. Сонымен 
қатар, оларды құрмалас сөйлем деп арнайы қарастырмай, етістіктің 
есімше, көсемше және рай түрлерінің синтаксистік қызметтерін айқындау 
мақсатында ғана қарастырған. Мысалы: «Бір кішкене құла тай үстіне тер 
қарып тұр екен. Кемпірдің мойны үзіліп өлді».
65
Ол әкесінің артынан тұра 
жүгірді».
66
Құрмалас сөйлем жөнінде тіліміздің табиғатына сай алғаш ғылыми 
пікір айтушы, құрмаласқа қатысты терминдерді алғаш ұсынушы ретінде 
қазақ тіл білімінің көшбасшысы деп А.Байтұрсыновты айтамыз. Ғалым 
өзінің «Тіл-құралында» сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық: біріншісі 
– ішкі мағына желісі жөніндегі жақындық та, екіншісі – сыртқы қисын 
жақындығы 
барын 
айтқан. 
Тек 
мағына 
желісі 
бойынша 
жақындасатындарды «іргелес сөйлем», әрі сыртқы қисын жақындықтары 
барларын «құрмалас сөйлем» деп атаған. Құрмаластарды «сиыса 
құрмаласу», «қиыса құрмаласу» деп бөлген. Бұндағы «сыйыса құрмаласу» 
деп отырғаны – «Қарабай мен Сарыбай аңға шықты» тәрізді бірыңғай 
мүшелі жай сөйлемдер. Қиыса байланысқан құрмалас сөйлемдерді өзара 
тең дәрежеде байланысса, салалас түрі деп, тең болмай, кем дәрежеде 
(бағына дегені) байланысса, сабақтас түрі деп қараған. Салаластарды 
жиылынқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бес 
түрге бөлген. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар. Мен бардым, сен үйде 
болмадың. Не сен тұрасың, не мен тұрамын. Сабыр түбі сары алтын: 
сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа. Не өгіз өлер, не арба 
сынар – екенің бірі болар және т.б.
Профессор Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемдерді салалас құрмалас және 
сабақтас құрмалас деп екі түрге бөліп қарастырған. 
67
С.Аманжолов 
құрмалас сөйлемдерді салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас 
құрмалас және тиянақты басыңқысыз сабақтастар деп төрт түрге жіктеді. 
68
65
Краткая грамматика киргизского языка.1897.стр.37
66
В.Катаринский. Грамматика киргизского языка.1905 с.158-159
67
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 358-б
68
Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы. Алматы, 1941, 118-б.


74 
Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н.Т.Сауранбаев 
құрмалас сөйлемдерді алғашқыда екі түрге (салалас құрмалас пен сабақтас 
құрмалас), кейінірек үшке (іргелес құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас 
құрмалас), ең соңында төрт түрге (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, 
аралас құрмалас және үйірлі мүшелі сабақтастар) саралады.
69
Құрмалас сөйлемдерді зерттеген С.Жиенбаев екі түрге: салалас 
құрмалас пен сабақтас құрмаластарға бөліп қарастырған. Ғалым аралас 
құрмаласты құрмалас сөйлемнің бөлек түрі деп санамаған. Ол «аралас 
құрмалас сөйлемнің өз алдына басқа бір заңдары жоқ» деп есептеген.
70
Сөйлемдердің жалғаулықсыз байланысқан түрін тіл білімінде
паратаксис деп атайды. Бұл қазіргі таңдағы салалас сөйлемдер. Яғни ең 
бірінші орын тәртібі арқылы тең дәрежеде жасалған сөйлемдер пайда 
болған. Одан кейін тілдің дамуы барысында бір-біріне бағына, сабақтаса 
байланысқан сөйлемдер қолданыла бастаған. Мұны гипотаксис деп 
атайды. Бұл қазіргі сабақтас құрмалас сөйлемдер. Тіл дамуы үрдісінде 
сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастыратын дәнекерлер 
алдымен пайда болған жоқ, керісінше, сол дәнекер сөздерді керек ететін 
қажеттіліктер келіп шықты. Соның нәтижесінде сөйлемдер арасын 
жалғастырушы көмекші сөздер дүниеге келді. 
Құрмалас сөйлемнің түрлері. Бүгінгі таңда құрмалас сөйлем жасалу 
жолы жағынан үш салаға: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және 
аралас құрмалас деп жіктеліп оқытылып жүр. Салалас құрмалас пен 
сабақтас құрмаластардың өздеріне тән жасалу жолдары болса, аралас 
құрмалас сөйлемдердің, С.Жиенбаев айтқандай, өзіндік грамматикалық 
көрсеткіштері болмайды, тек салаласа, сабақтаса байланысу амал-тәсілдері 
араласа жүреді. 
Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады. 
Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем 
де ойды білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға түсіндіреді, 
сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады. 
Сөйлемдердің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары 
мен ішкі мазмұндарында болады. 
Құрамы жағынан жай сөйлем жеке сөздерден құралып, жеке ойды 
білдірсе, құрамалас сөйлем жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды 
білдіреді. 
Белгілі бір грамматикалық категориялардың өздеріне тән айырым 
белгілері, грамматикалық көрсеткіштері болады. Бұл оны өзгелерден 
саралап, өзіндік қасиетін даралап тұрады. Құрмалас сөйлемнің өзіндік 
белгілері: 
1. Жай сөйлем бір предикаттық қатынасқа негізделсе, құрмалас 
сөйлем ең кем дегенде екі предикаттық қатынасқа негізделеді. Мысалы, 
69
Сауранбаев Н.Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954, 520-б
70
Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941, 33-б


75 
Қоңырау соғылды (жай сөйлем). Қоңырау соғылып, сабақ басталды 
(құрмалас сөйлем); 
2. Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді; 
3. Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер өзара тығыз байланысқа түседі; 
4. Құрмаластың алғашқы сөйлемі (сөйлемдері) интонация жағынан 
тиянақсыз, ұласпалы қасиетті ғана сақтайды, ал тиянақты интонация тек 
соңғы сөйлемінде ғана болады. 
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды 
білдіретін 
сөйлемдерді 
құрмалас 
сөйлем 
дейміз
Құрмаластың 
құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса 
байланысады. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай 
сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-біріне тәуелді болмай, 
тең дәрежеде байланысады. Жай сөйлемдер бір-бірімен ұласпалы 
интонация, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Өзге 
жастан Кәкітай, Әбіш те бірге ермек болып еді, бірақ Абай оның екеуіне 
де ауылда болуды ұйғарды (М.Әуезов). Көп білген кемеңгер емес, білгені 
елге пайдалы кісі кемеңгер (Эсхил). 
Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің 
баяндауыштары тиянақсыз болып келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтаса 
байланысады. Дәурен кетіп қалған соң, сұрамағынына қатты өкінді  
(Т.Ахтанов). Бұл сабақтастың бірінші жай сөйлемдерін екіншілерінен 
бөліп, өз алдына дербес айтуға келмейді, өйткені қалған соң деген 
баяндауышы тиянақсыз. 
Сонымен құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса 
байланысуына қарай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас 
құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді. 
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдері кемінде үш 
жай сөйлемнен болады, бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та 
байланысады. Қарт әкенің қайғысын естіп, асыл перзентін жоқтаған 
ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымырлады, көзімізден 
жас парлады (Ә.Нұршайықов). 
Жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері. Құрмалас сөйлемнің 
құрамындағы жай сөйлемдер өзара төмендегідей жолдар арқылы 
құрмаласады: 
1. 
Интонация арқылы байланысады: Таң атып келеді,  
қимылдайтын кез болды (Ә.Н).
2. 
Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады: Абай мен  
Қарабасты үй іші бөгде қонаққа санаған жоқ, сол себепті дастарқан 
айналасында Сүйіндіктің барлық балалары да, бәйбішесі де отырған-ды 
(М.Әуезов).
3. 
Етістіктің көсемше формасы арқылы жасалады: Күшікбайдың  
басынан соққан боран жаңадан шыққан бейітті қармен көміп, 
қараушының көзінен тез жасырудың қарекетін істеп жатыр (М.Әуезов).
4. 
Етістіктің есімше формасы арқылы жасалады: Хатты оқып


76 
тұрған жаудыраған қой көзді, сұңғақ бойлы Нүрила «сағындым ғой» 
дегеннен кейінгі көп ноқаттарға сүрініп кеткендей аз ғана кідіріп 
қалғанда, ана жүрегін бұрқ етіп бұзып шыққан ыстық ірі жас 
тамшылары стол үстіне тырс-тырс тамып кетті (Ғ.Мүсірепов). 
5. 
Шартты райдың жұрнағы арқылы жасалады: Екі жаман
қосылса, ұяларлық ар бар ма? (Ақтамберді жырау). Соғыс кезінде бір 
тілекті адамдар бір ғана түн бірге түнеп шықса да, бірінің қуаныш-
қайғысына бірі оп-оңай ортақ болып қала береді (Ғ.Мүсірепов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет