91
бағыныңқы сөйлеммен байланысқа түсуіне
қарай көп бағыныңқылы
сабақтас сөйлемдер жарыспалы көп бағыныңқылы және сатылы көп
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.
Құрамындағы
бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы
сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты
жарыспалы көп бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Жаңбыр жауа бастаған соң, барлық
қорқынышты ұмыттық та, үшеуіміз үш жақтап жүріп, Сарқындыны
жерлеп те үлгердік (О.Бөкей).
Құрамындағы бағыныңқы сөйлемдері
басыңқы сөйлеммен тікелей
байланыспай, өзара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтастың
түрі
сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Ертістен
бер жаққа қарай өтіп, Шығысқа қарай тартатын үлкен керуен жолына
түсіп алған соң, кең-байтақ оңашада Оспан арбадан түсті (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: