177
цехында операция түрлері бойынша еңбек бөлінеді (етті жіліктеу, тазалау,
жартылай фабрикаттарды кесу, етті шабу және одан өнімдер дайындау).
Кішігірім цехтарда жұмысшы ретімен бірнеше операцияларды орындайды,
бірақ технологиялық үрдісті бұзуға болмайды.
Функционалды еңбекті бөлу – әртүрлі еңбек әрекеті түрлерін бөлшектеу
және мазмұны және экономикалық мәні бойынша әртүрлі өндірістік немесе
басқа функцияларды орындауға маманданған жұмысшылар тобымен нақты
жұмыстарды орындау.
Еңбекті функционалды бөлу қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үш
өзара байланысты функцияларды: азпаздық өнімдерді дайындау, оны өткізу
және тұтынуды ұйымдастыруды орындауына негізделген. Әрбір осы
функцияларды сәйкес мамандықты, әртүрлі білікті мамандар орындайды.
Осы принцип бойынша жұмысшылардың жеке топтары бөлінеді:
әкімшілік-басқару, өндірістік, саудалық және қосымша.
Одан ары қарай бөлу әрбір кәсіби топ ішінде жүзеге асады – жұмысшылар
біліктілігі және разряды бойынша бөлінеді. Бұндай еңбекті бөлу
біліктілік бөлу
деп аталады. Ол орындалатын жұмыстың күрделілігіне негізделген және
жұмысшылардың
кәсіби
дайындық
деңгейімен,
олардың
өндірістік
тәжірибесімен, дағдыларымен және шеберлігімен тығыз байланысты.
Мысалы, жоғары білікті жұмысшылар үлкен дағдыны қажет ететін аса күрделі
операцияларды орындайды. Мысалы VI және V разрядты аспаз міндетіне
фирмалық тапсырысқа берілетін және порциялық тағамдар даярлау кірсе, III
разрядты аспаз өнімдерді даярлауға көмектеседі, шикізатты алғаш өңдейді.
Еңбекті бөлу тек барлық аусым бойы өндіріс жұмысшыларын толық
жүктеу кезінде маңызды болып саналады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларының еңбек
өнімділігін арттыру үшін негізгі жұмысты қосалқы жұмыстан бөлу аса
маңызды. Негізгі жұмысты жоғары білікті жұмысшылар орындайды. Қосалқы
жұмысты (жүк тасу, бөлмелерді жинау, пышақ қайрау және т.б.) жұмысшылар,
жазалаушылар және т.б. орындайды
Жұмыс тиімділігін аттыру үшін еңбекті бөлу ғана емес, оны
Достарыңызбен бөлісу: