К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет90/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

талаптар
Бұндай 
талаптар 
жұмысшылардың біліктілігінің дамуы мен жоғарылатуды, еңбек 
коллективтін біріктіруді, еңбегімен және оның нәтижелерімен 
қанағаттануын, сонымен қатар оң психологиялық климат құруды 
ұсынады.


181 
Жұмыс орындарын жабдықтау – ұйымдастыруда бірінші және маңызды 
элемент. Жабдықтауға жұмыс орнының мамандануына сәйкес жұмыс орнында 
орналасқан барлық негізгі технологиялық жабдықтар, сонымен қатар қосымша 
жабдық, технологиялық және ұйымдастыру құрал-саймандары, байланыс 
құралдары мен еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария 
жөнінде арнайы қондырғылардың барлық жиынтығы кіреді.
Негізгі технологиялық жабдықтарға машиналар, аппараттар, агрегаттар, 
конвейерлер, автоматты желілер, пульттар және т.б. жатады. Негізгі 
технологиялық жабдықтармен жабдықтау бірқатар талаптарға жауап беру 
керек: біріншіден, ол жоғары дәрежеде жұмыс орнының мамандануына сәйкес 
келу керек. Жаппай және ірі ериялы өндірістебірлік және аз сериялы өндіріске 
қарағанда мамандану дәрежесі жоғары, сондықтан ол жоғары өнімділікті 
мамандандырылған жабдықтармен жабдықталуы мүмкін. Және керісінше, 
бірлік және аз сериялы өндірісте жұмыс орнын жабдықтау үшін, сонымен қатар 
жөндеу жұмыстарында жұмыс орындары әмбебап жабдықтармен және 
технологиялық және ұйымдастыру құрал саймандарымен кең жабдықталады.
Қосымша жабдықтарға: тасымалдау жабдықтары (механикаландырылған 
және қол арбалар, әртүрлі типті транспортерлар, рольгангтер); тиеу 
қондырғылары (қол немесе электр тальдер, крандар және басқа құрылғылар) 
және т.б. жатады.
Еңбекті ұйымдастыруда технологиялық құрал саймандар аса маңызды. 
Оларға: шапқы, қысқыштар, қалақшалар, сүзгілер, техникалық құжаттар 
жатады. Ұйымдастыру құрал саймандары да аса маңызды. Оған жұмыс 
орындарын жабдықтаудың барлық қосымша элементтері жатады: өндірістік 
жиһаздар; дайындамаларға, дайын өнімге және өндіріс қалдықтарына арналған 
өндірістік ыдыс (қорап, жәшік, контейнер, поддон және т.б.); техникалық 
құжаттарды сақтауға және қолдануға арналған құрылғылар (әртүрлі 
түпқоймалар, папкалар, планшет, стендтер); жалпы және жергілікті 
жарықтандыруда қолданылатын шамдар, байланыс және дабыл құралдары 
(телефон және жергіліктті қатты сөйлесу байланысы, дыбыстық және 
жарықтық дабыл және т.б.); еңбекті қорғау және өндірістік санитария 
ережелерімен қарастырылған қорғау құралдары (қоргау, экран, желдеткіш, 
респираторлар, қорғау көзілдіріктері мен қалқандары, сонымен қатар өндірістік 
киімнің арнайы заттары мен қауіпсіздік техникасы бойынша плакаттар); жұмыс 
орнының көркемдік заттары (гүлге арналған түпқойма, панно, сурет, өндірістік 
музыка). 
Жұмыс орындарын ғылыми негізделген, рационалды жабдықтау үшін 
эргономикалық талаптарды орындау маңызды саналады. Жалпы негізгі 
эргономикалық талаптар негізгі, қосымша жабдықтар мен құралдардың
құрылымы адам организмі мүмкіндіктеріне лайық және жұмыс ыңғайлылығын, 
физикалық және жүйке-психикалық жүктемелердің төмендеуін, өндірістік 
шаршауды азайтыды қамтамасыз ету керек, оның негізінде еңбек өнімділігін 
арттыру керек.


182 
Эргономика – өндірістік орта, жабдықтар (машина, механизм, құралдар) 
мен адам (жұмысшы) өзара қатынасын, адамның нақты еңбек үрдістерінде 
функционалды мүмкіндіктерін зерттейтін және жабдықтардың, технологиялық 
үрдістіу және құрал саймандардың адамның физиологиялық және 
психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ететін еңбек 
жағдайларын құру жөнінде негізделген ұсыныстарды құрастыратын өндіріс пен 
еңбекті ұйымдастыру ғылымындағы бағыт. Барлық эргономикалық талаптар 
эргономикалық көрсеткіштермен сипатталады, олардың жиынтығы «адам-
машина-орта» жүйесінің эргономикалық деңгейін сипаттайды. Бұндай 
көрсеткіштердің бес тобы бар: 
1. Гигиеналық көрсеткіштер (ауа ортасының күйі, оның температурасы, 
ылғалдылығы, атмосфералық қысым, шаң, ауа қозғалысы; шу мен 
дірілдің, радиацияның, магнитті және электр болуы мен деңгейі, улы 
булар мен газдардың және басқа өндірістік зияндардың болуы); 
2. Антропометриялық көрсеткіштер (жабдық және басқару құралдары 
құрылымының адам денесі өлшемдеріне сәйкестігі; әртүрлі жұмыс 
қалпында (тұру, отыру) машина және механизмдердің басқару 
орындарына қолмен, аяқпен жетуі; өндірістік шаршау мен адам бойына 
байланысты жұмыс орындарын ретту мүмкіндігін азайтуға ықпал ететін 
ыңғайлы және рационалды жұмыс қалпы); 
3. Физиологиялық және (4) психофизиологиялық көрсеткіштер (жабдық 
құрылымы мен технологиялық үрдіс ерекшеліктерінің адам организмінің 
келесі мүмкіндіктеріне: күш және энергетикалық, өлшем, пішін, түс, 
жарықтылық, кеңістікте орналасуы, сонымен қатар есту, иіскеу, татып 
көру сияқты психофизиологиялық көрсеткіштерге сәйкестігі). Бұл 
көрсеткіштер жұмысшының сенсорлық өріс белгілеріне, ал одан жұмыс 
қимылдарының жылдамдығы мен нақтылығына реакциясы тездігіне әсер 
етеді, бұл бір шама мөлшерде еңбек өнімділігімен байланысты; 
5. 
психологиялық 
көрсеткіштер 
(өндірістік 
ортаның, 
өндіріс 
технологиясының және машиналар мен механизмдердің құрылымдық 
ерекшеліктерінің жұмысшының ақпаратты қабылдау және өңдеу 
мүмкіндігіне, сонымен қатаржұмысшы динамикалық стереотиптерінің 
орнағу сенімділігіне байланысты, бұл өндірістік шаршаудың азаюына, 
біліктілікті арттыруға, осы әрекет түріне оң субъективті қатынастың 
қалыптасуына байланысты тікелей еңбек өнімділігімен байланысты). 
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру - оның рационалды жобасын 
қамтамасыз ету, құралдармен, жабдықтармен жабдықтау; материалдар, 
шикізаттар ыдыстарды уақытылы беру; қолайлы санитарлы-гигиеналық және 
эстетикалық жағдайларын құру. 
Жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде кәсіпорны қуаты мен мамандануын, 
ондай жүзеге асатын техникалық үрдістер сипатын оларды орындау ретін 
еңбекті бөлу дәрежесін ескерту қажет. 
Бірінен кейін бірі орындалатын операцияларға арналған жұмыс орындарын 
үздіксіз орналастырған жөн, яғни ағымды технологиялық желі құру керек. 


183 
Технологиялық желілер артық өндірістік емес қозғалыстарды қысқартады, 
еңбек жағдайларын жеңілдетеді. 
Негізінен кіші кәсіпорындар болып табылатын толық даярлау 
кәсіпорындарда құрама жұмыс орныдары басым, онда бірнеше технологиялық 
операциялар орындалады. Құрамы жұмыс орындарын жұмыс орнында 
орындалатын барлық технологилық операцияларды жүзеге асыруға қажетті 
толық құралдар жиынтығымен, ыдыстармен, аспаптармен қамтамасыз ету 
керек.
Тікелей әмбебап жұмыс орнында ағымдағы операцияға қажетті құралдар 
болу керек. Қалған құралдар мен аспаптарды жылжымалы жәшіктерге, 
сөрелерге қою керек. 
Еңбек өнімділігінің өсуі өндірісті дұрыс ұйымдастырудан ғана емес, жаңа 
техниканы енгізумен , еңбек жағдайын жақсартумен қатар кадрлар біліктілігін 
арттыру және дайындау жүргізіледі. Біліктілікті жоғарылауымен қатар 
өндірістік тәртіп деңгейі өседі, жұмыс уақыты шығындары азаяды, еңбек 
нәтижесі жақсарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет