К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Еңбекті нормалау әдістері



Pdf көрінісі
бет101/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

 
8.3. Еңбекті нормалау әдістері 
Еңбек нормасының сапасы еңбекті нормалау әдісіне байланысты.
Нормалау әдісі деп еңбек үрдісін талдаудан, рационалды технологияны 
құрудан, еңбекті ұйымдастыру мен нормаларды есептеуден тұратын еңбек 
нормаларын орнату тәсілдерінің жиынтығы аталады. 
Еңбекті нормалау әдісін таңдау нормаланатын жұмыстар сипатымен және 
оларды орындау жағдайларымен анықталады.
Еңбекті нормалау әдістері мен тәсілдері 8.1-суретте келтірілген. Қоғамдық 
тамақтандыруда нормалау аналитикалық және қосынды болып ажыратылады.
Аналитикалық әдіс мәні еңбек үрдісін жан-жақты талдау мен нақты 
жүзеге асыру және әрбір оның элементін орындаудың ең рационалды тәсілін 
таңдау негізінде орнатылады. Бұндай нормалар ғылыми негізделген, сондықтан 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында уақыт нормасын орнатудың негізгі әдісі 
аналитикалық әдіс болп табылады, оның көмегімен өнім өндіруге қажетті уақыт 
шығындарын ғана емес, машиналарды (жабдықтарды) қолдану көрсеткіштерін 
негіздейді. 
8.1-сурет.Еңбекті нормалау әдістері мен тәсілдері 
Нормаларды орнату әдістері 
аналитикалық 
қосынды 
ЗЕРТТЕУ 
ЕСЕПТІ 
типтік 
нормалар 
бойынша 
аналогтар 
бойынша 
статистикалық 
мәліметтер 
бойынша 
формула 
бойынша 
жұмыс уақыты 
шығындарын зерттеу 
эксперименталды 
зертханалық зерттеулер 
нормативтер 
бойынша 
эмпирикалық 
формулалар 
бойынша


198 
Аналитикалық әдіс екі түрге бөлінеді: зерттеу және есепті.
Уақыт шығындарымен қатар, жабдықтардың жұмыс тәртібін қамтитын 
зерттеу нәтижелері бойынша нормаларды орнату кезінде жеке элементтердің 
орындалу құрамын талдау және жобалау өндірістік жағдайда орнатылады. 
Уақыт шығындарын зерттеу және олардың рационалдылығын бағалау арнайы 
бақылауды жүргізуді, ал жабдық жұмысының тәртібін зерттеу – зертханалық 
жұмыстарды жүргізуді қарастырады. Зерттеулерді кәсіпорын үшін ең 
рационалды 
ұйымдастыру-техникалық 
жағдайда 
міндетті 
түрде 
жұмысшылардың ең жақсы тәжірибесін қолданып жүргізеді.
Зертханалық зерттеулер жабдықтардың жұмысының рационалды тәртібін 
орнатумен қатар, нәтижесі машина өнімділігімен анықталатын жағдайда 
үрдістерді модельдеумен байланысты.
Есептеулер негізінде нормаларды орнату кезінде кең материалдар спектрі 
болу керек. Бұл әдістің мәні аспаптар мен дербес ЭЕМ көмегімен бірнеше 
нұсқаларды құрудан және қатаң психофизиологиялық және әлеуметтік 
шектеулер кезінде экономикалық критерий бойынша (шығындар минимумы) ең 
жақсысын таңдаудан тұрады.
Еңбекті нормалау үшін алдын-ала құрастырылған нормативтерді қолдану 
жедел нормалауға кететін еңбек шығындарын азайтуға алып келеді. 
Нормативтерді құрастыру көп еңбекті қажет ететін үрдіс, бірақ бір рет 
шығындалған үлкен шығындар көп салаларда бір нормативтерді көп рет 
қолдану шығын өтелуіне ықпал етеді.Сондықтан алдыме еңбек шығындары 
нормативтерін құру керек, ал содан кейін әр кәсіпорында зерттеу әдісімен 
оснуақыт нормаларын орнатудың орнына еңбек нормативі негізінде уақыт 
нормаларын есептеу керек. 
Аналитикалық әдіс негізінде орнатылған нормалар әдетте техникалық 
негізделген деп аталады, сирек ғылыми негізделген деп аталады.
Аналитикалық (техникалық) әдіс - нормалау әдісінің прогрессивті түрі. 
Еңбек нормаларын тікелей жұмыс орнында жұмыс орнының фотографиясы мен 
хронометраж көмегімен орнатылады. Қоғамдық тамақтандыруда техникалық 
нормалау негізінде техникалық негізделген уақыт нормалары құрастырылған. 
Техникалық нормалау кәсіпорынның өндірістік әрекетінің технико-
экономикалық көрсеткіштерін негіздеуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет