45
Күрделі сөз тіркестері
аралас атрибутивті-атрибутивтік сөз тіркестерінің өзі объектив-
тілі жəне объектісіз жай сөз тіркестерінен
тұратындығын көр-
сетеді»
[39, 177].
Н.А. Баскаковтың күрделі сөз тіркесі туралы айтуы бойын-
ша оның барлық моделін беру мүмкін емес. Автордың бір күр-
делі сөз тіркесі дейтінінің өзінде он шақты сөз бола береді.
Ондағы сөздер сөз табы жағынан əртүрлі жəне əртүрлі байланысу
формаларында болады. Оны автордың мына мысалдарынан анық
көруге болады.
1. Жаңағы қойдың ішіндегі көк қошқар. «Тот упомянутый се-
рый баран, находящийся среди овец».
2. Жаңағы үлкен əйелдің баласын арқалап қашқан көк қош-
қар. «Серый баран, который утащил ребенка той старшей же-
ны» [39, 166]. Күрделі сөз тіркестерін жасау үшін тек толық
мағыналы сөздер ғана қатысты.
Екіншіден, кейде сөз тіркесінің
аясының кеңеюіне толық мағыналы сөздермен бірге, дербес
мағынасы, синтаксистік қызметі еленбейтін күшейткіш үстеулер-
дің қатысы бар дейтін
«ең жақсы кеңес, очень хороший умный
совет» деп
жақсы жəне
жақсы кеңес, очень хороший умный со-
вет» деп
жақсы жəне
ең сөзін анықтауыш деп күрделендіретін
күрделі жəне аралас (смешанные) тіркестер деп бөле отырып,
ондай сөз тіркестерінің тек толық мағыналы сөздердің негізінде
жасалатындығын көрсетеді [40, 80].
Жалпы сөз тіркесінің құрылысы туралы арнайы еңбек жазыл-
ған емес. Тіпті орыс тіл білімінің өзінде осы күнге дейін арнайы
зерттелмеген. Н.А. Баскаков түркі тілінің материалының негі-
зінде алғаш рет
докторлық диссертация қорғап, соның негізінде
«Словосочетания в
современном турецком языке» деген түркі
тілінің сөз тіркесінің құрылысы туралы монографиялық еңбегін
шығарды. Онда автор бірінші рет түркі тілінің материалының
негізінде жай жəне күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолда-
рын, олардың ерекшеліктерін арнайы сөз етті. Автор күрделі сөз
тіркестерінің жасалу модификациясын жасады [41; 42].
Сөз тіркесі жəне оның құрылысы туралы М.З. Закиевтің құн-
ды пікірлері бар. Автор татар тілінің
синтаксистік құрылысына
арналған еңбегінің «Жай жəне күрделі сөз тіркестері» деген та-
рауында жай жəне күрделі сөз тіркестерін, олардың бір-бірінен