тоқымын төсеніп, ерін жастандыда жата берді (Ғ.Мүсірепов).
Қалампыр сынық ашалы бақанды сүйретіп, қоңыр сиырдыай- нала қуады.Қанеки, қарындас,қолыңды тос! (Б.Майлин).
Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де
енеді.
Самалды салқын түнҚуанышты жұбата алмады (Б.Майлин).
ЖұмағұлАбайды тани барды (М.Əуезов). УшаковБайжанды шанасына мінгізіп алды (Ғ.Мүсірепов).
Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобы-
на абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануардың да) көру, сезу,
сөйлеу, үндеу, т.б. əрекетін білдіретін сабақты етістіктерден
құралған сөз тіркестері жатады.
Қуаныш солармен араласып өткізгенөмірді ойлайды. Ел жүрегінің қалай соғарын аңғарғың келсе, ең алдымен жазушының тамырын бас, асыра айтар, ауыр күрсінер, бірақ жалғаны бол- мас, шындықты аңғарарсың (Ғ.Мүсірепов). Ауыл адамдары ал- дыменжазды əңгіме қылып өтті (Б.Майлин). Елін ері қорғаса, елі де ерін қорғайды (Жамбыл). Сортаңдауды, тозуды біле ме ол жер? (С.Мұқанов). Біз сүйемізкөктем күнін (Х.Ерғалиев). Осы сырды Нысаналы ақын жақсыбіледі (Ғ.Мүсірепов).
Бұл топқа есімдікті, сапалық есімді (есімшелі) сөз тіркестері
де енеді.
Күн қазір ымырт бопты,оныда жаңабайқады.Екі көше ада- сып, пəтерінен асып кетіпті. Мұныда жаңабілді (М.Əуезов).
Бөлінгенді бөріжейді (Мақал). Шөптің шашылғанын жинап алуғада мұрша жоқ (Ғ.Мүсірепов). Жақсыны көрмек үшін (Мақал).
617
Қазіргі қазақ тілі §37 Барыс жалғаулы сөз тіркестері Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркес-
тері өзара меңгеріле байланысады да, жанама т о л ы қ т а у ы ш -
т ы қ , п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынастарда жұмсалады. Барыс
жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қаты-
насының əртүрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуы-
мен байланысты, мысалы, тауға шығу (б е т а л ы с ), тоғайға кіру, үйге келу (м е к е н ), балаға беру (а р н а у ), оқуға келу (м а қ с а т ),
кешке келу, жазға киіну (м е з г і л ). Барыс жалғаулы есімдер
кез келген етістіктермен тіркесе бермейді, олармен мағыналық
үйлесімді бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынан-
дай етістіктер: беру, кету, келу, жату, отыру, ұмыту, сену, нану, жалыну, ұнау, сіңу, қуану, таяну, қамау, беттеу, шығу, түсу, тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу, қамау, қою, жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындау, т.б.
Бұл етістіктердің көпшілігі – күйді, қимылды, сезімді білдіре-
тін салт етістіктер. Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс
жалғауы есімдер (зат есім, есімдік, сын есім, сан есім, есімше)
басыңқы сөздерге тікелей жəне демеулер арқылы қатысты болады.
Бұл сөзАбайға жеткенде, Тəкежан қатты сескеніп қалды (М.Əуезов). Байжаніске кірісті (С.Мұқанов).
Абайға ағашты таулар... шидем айналдырып киген кəрінің өңіндейкөрінеді (М.Əуезов). Паромға мініп, ар жаққа бұлар да өтті (С.Мұқанов). Оларзаңға бағынады. Ол Нұрланды көрген соң, табалдырықтан əрі аттамайтұра қалды (З.Шашкин).
Сабақты етістіктер де барыс жалғаулы есімді меңгере ала-
ды, бірақ олардың көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт
етістіктермен жасалған сабақтылар болады. Олармен тіркесетін
барыс жалғаулы есімдер тура объект қызметіндегі заттармен де
мағыналық байланыста тұрады: