Талғат сайрамбаев


тоқымын төсеніп, ерін жастанды



Pdf көрінісі
бет321/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

тоқымын төсеніп, ерін жастанды да жата берді (Ғ.Мүсірепов). 
Қалампыр сынық ашалы бақанды сүйретіп, қоңыр сиырды ай-
нала қуады. Қанеки, қарындас, қолыңды тос! (Б.Майлин). 
Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де 
енеді.
Самалды салқын түн Қуанышты жұбата алмады (Б.Майлин). 
Жұмағұл Абайды тани барды (М.Əуезов). Ушаков Байжанды 
шанасына мінгізіп алды (Ғ.Мүсірепов). 
Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобы-
на абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануардың да) көру, сезу, 
сөйлеу, үндеу, т.б. əрекетін білдіретін сабақты етістіктерден 
құралған сөз тіркестері жатады.
Қуаныш солармен араласып өткізген өмірді ойлайды. Ел 
жүрегінің қалай соғарын аңғарғың келсе, ең алдымен жазушының 
тамырын басасыра айтар, ауыр күрсінер, бірақ жалғаны бол-
масшындықты аңғарарсың (Ғ.Мүсірепов). Ауыл адамдары ал-
дымен жазды əңгіме қылып өтті (Б.Майлин). Елін ері қорғаса, 
елі де ерін қорғайды (Жамбыл). Сортаңдауды, тозуды біле ме ол 
жер? (С.Мұқанов). Біз сүйеміз көктем күнін (Х.Ерғалиев). Осы 
сырды Нысаналы ақын жақсы біледі (Ғ.Мүсірепов). 
Бұл топқа есімдікті, сапалық есімді (есімшелі) сөз тіркестері 
де енеді.
Күн қазір ымырт бопты, оны да жаңа байқады. Екі көше ада-
сып, пəтерінен асып кетіпті. Мұны да жаңа білді (М.Əуезов). 
Бөлінгенді бөрі жейді (Мақал). Шөптің шашылғанын жинап 
алуға да мұрша жоқ (Ғ.Мүсірепов). Жақсыны көрмек үшін 
(Мақал).


617
Қазіргі қазақ тілі
§37 Барыс жалғаулы сөз тіркестері
Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркес-
тері өзара меңгеріле байланысады да, жанама т о л ы қ т а у ы ш -
т ы қ , п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынастарда жұмсалады. Барыс 
жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қаты-
насының əртүрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуы-
мен байланысты, мысалы, тауға шығу (б е т а л ы с ), тоғайға кіру, 
үйге келу (м е к е н ), балаға беру (а р н а у ), оқуға келу (м а қ с а т ), 
кешке келу, жазға киіну (м е з г і л ). Барыс жалғаулы есімдер 
кез келген етістіктермен тіркесе бермейді, олармен мағыналық 
үйлесімді бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынан-
дай етістіктер: беру, кету, келу, жату, отыру, ұмыту, сену, нану, 
жалыну, ұнау, сіңу, қуану, таяну, қамау, беттеу, шығу, түсу, 
тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу, 
қамау, қою, жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындау, т.б.
Бұл етістіктердің көпшілігі – күйді, қимылды, сезімді білдіре-
тін салт етістіктер. Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс 
жалғауы есімдер (зат есім, есімдік, сын есім, сан есім, есімше) 
басыңқы сөздерге тікелей жəне демеулер арқылы қатысты болады.
Бұл сөз Абайға жеткенде, Тəкежан қатты сескеніп қалды 
(М.Əуезов). Байжан іске кірісті (С.Мұқанов).
Абайға ағашты таулар... шидем айналдырып киген кəрінің 
өңіндей көрінеді (М.Əуезов). Паромға мініп, ар жаққа бұлар да 
өтті (С.Мұқанов). Олар заңға бағынадыОл Нұрланды көрген 
соңтабалдырықтан əрі аттамай тұра қалды (З.Шашкин).
Сабақты етістіктер де барыс жалғаулы есімді меңгере ала-
ды, бірақ олардың көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт 
етістіктермен жасалған сабақтылар болады. Олармен тіркесетін 
барыс жалғаулы есімдер тура объект қызметіндегі заттармен де 
мағыналық байланыста тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет