Талғат сайрамбаев


Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкeстepi



Pdf көрінісі
бет42/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкeстepi. Жалпы сын 
есiмдер заттармен тек сапалық түрiнде тiркесiп қaна қоймай, 
қатыстық түрiнде де тiркесетiндігi белгiлi. Қатыстық сын есiм-
дерiнiң өзi заттармен тiркесiп, əрі дара, əрі күрделi түрде де 
жұмсала бередi. Əрине, дара қатыстық сын есiмдердiң тipкecyi 


97
Күрделі сөз тіркестері
туралы пiкiрталасы болмағанымен, олардың күрделi түрлерiнiң 
жасалу жолдары, берiлу дəрежесi туралы өзiндiк пiкiрлердi бай-
қаймыз. Сондықтан да алдымен бiз күрделi сын есiмдердiң сол 
еңбектердегi берiлуi, екiншiден, күрделi сын есiмдердiң жасалу 
жолдарына шолу жасадық.
Мектеп грамматикасында күрделi сын есiмдерге қосарланып 
айтылатын сын есiмдер жəне екi-үш сөз тipкесiп айтылатын сын 
есiмдер жатады. Мысалы: жақсы-жақсы, биiк-биiк, үлкендi-
кiшiлi, қара ала, жирен қacқа, қызыл сары, т.б. дейді [70, 101].
Профессор К. Аханов мектеп грамматикасында «Күрделі сын 
есімдердің бірнеше түрі бар, олар мыналар:
а) сөздердiң қосарлануы арқылы жасалған күрделi сын есiм-
дер: үлкен-үлкен, сулы-сусыз, дəмдi-дəмсiз, аумалы-төкnелi, т.б.
а) негiзгi (сапалық) сын есiмдердiң тipкecyiнeн жасалған 
күрделi сын есiмдер: торы ала, көк ала, қара торы, қара көк
шұбар ала, т.б. 
б) негiзгi сын eciм мен туынды (-лы, -лi... тұлғалы) сын eciм-
нің тipкecyiнeн жасалған күрделi сын есiмдер: кeң маңдайлы, қара 
шашты, ұзын nальтолы, т.б. 
в) зат eciм, сын eciм сөздермен туынды (-ты, -ты… тұл-
ғалы) сын есiмдердiң тipкecyiнeн жасалады. Мыса лы: қасқыр 
iшiктi, төрт бұрышты, т.б., – деп көрсетедi» [94, 11]. 
Ал Н. Сауранбаевтың педучилищелерге арналған оқулығын-
да күрделi сын eciм туралы онша сөз болмайды [2, 91-98].
Ғ. Əбуханов: «Сын eciмдep морфологиялық құрамына қарай 
жалаң жəне күрделi болып eкiгe бөлiнедi. Eкi не бiрнеше сөздер 
тiркесiп немесе қосарланып айтылып, бiр нəpceнің сындық бел-
гiciн бiлдiрiп тұрса, күрделi сын eciм деймiз», – деп қана айту-
мен шектелсе [95, 136-140], Ж. Шəкенов күрделi сын есiмдердiң 
мынадай үш түрлi: бiрiншi: қызыл күрең, ақ құба, ақ көк, қара 
сұр, aқ боз, тоpы ала. Екiншi: ұзын бойлы, қара мұртты, ашық 
өңдi, қою шашты, сұлу жүздi, салnы epiндi, т.б. Бұлардың 
бастапқысы негiзгі, соңғысы -ты (-тi), -ды (-дi), -лы (-лі), -тай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет