Талғат сайрамбаев


-лi жұрнағы арқылы, бiр компонентi -сыз, -сiз



Pdf көрінісі
бет44/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-лi жұрнағы арқылы, бiр компонентi -сыз, -сiз жұрнағы арқылы 
жасалған туынды сын eciмдep қосарланады. Мысалы: таулы-
тасты, орманды-тоғайлы, əкелi-балалы, ессiз-түссiз, жеңдi-жең-
сiз, opынды-opынсыз, т.б. 
8. Тəуелдiктiң үшiншi жағының қосымшасы қосылған зат 
eciмгe сын eciм тiркесiп, күрделi сын eciм есебiн де қолданылады. 
Мысалы: көзi ашық, тiлi майда, басы бос, жөнi түзу, жүзi 
жылы, т.б. [65, 259-262 бб.]. 
Ал Қазақ КСР Fылым академиясының «Қазiргi қазақ тiлi» 
кiтабында да күрделi сын eciмнің жасалу жолдары ның тек мына-
дай түрлерi ғана берiлген: 
1) Негiзгi жəне туынды сындардың қосарлануы арқы лы жа-
салады (үлкендi-кiшiлi, таулы-тасты, т.б.). 
2) Таза сын eciмдepдің өзара тipкecyi арқылы жаса лады (қара 
көк, көк ала, сары ала, т.б.). 
3) Сын eciм мен туынды сын eciмнің тipкecyi арқылы жаса-
лады (сары тонды, көк көйлектi, т.б.). 
4) Сын eciмдep мен басқа eciмдepдің тiркесулерi арқылы 
күрделi сын eciм жасалады (бuдай өңдi, жұмыс басты, көn бала-
лы, т.б.) [63, 82]. 
Осы жоғарыдағы еңбектерде күрделi сын eciмдepдің жасалу 
жолдары бiрiнде аз, бiрiнде көп берiлгенiмен де, олардың бiр-
неше түрi барлық еңбектерде тек қайталанып қана отырады. Олар 
мыналар: 


100
Күрделі сөз тіркестері
1. Негiзгi сын мен туынды сынның тipкecyi арқылы күрделi 
сын eciм жасалады. Құнанбай кiшкене қаланың тап ортасын-
дағы көк шатырлы үйдi жатақ еткен (М. Əуезов). Қызыл шырай-
лы, орта бойлы, ашық жүздi жiгiт (Б.Майлин). 
2. Бiрыңғай я негiзгi (сапалық), я туынды (қатыс тық) сындар 
не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: Ұзын-ұзын aқ сойыл-
дар кезек-кезек қағысыn capт-сұрт тuiceдi (M. Əуезов). Iрiлi-
уақты бес-алты баламыз (С. Жиренов). 
3. Негiзгi сын есiмдер бiрiмен-бiрi тiркеседi. Мысалы: Мо-
йындары жiңiшке де, қысқалау болса да бұйра қapa көк түтiн-
дер желдi күндерде тік атқып көтepiліп, жоғарылап барып сы-
нады (Ғ. Мүсірепов). 
Күрделi сын eciмнің осы үш түрлi жасалу жолдарын бiз де 
мақұлдаймыз. А. Ысқақовтың мына пiкiрiн күрделі сын eciмнің 
жасалуының төртiншi жолы деп алдыңғы үшеуiне қосамыз. 
4. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк... жұрнақ арқылы 
жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бiр компонентi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет