Талғат сайрамбаев


-ғы, (-гi) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -ғы, -гi



Pdf көрінісі
бет50/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

3. -ғы, (-гi) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -ғы, -гi жұр-
нақтары арқылы қатыстық сын eciм көбiнесе атау септiктi зат 
eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдiк, eтicтік жəне үстеу, шылау əpi 
көмекшi есiмдерден жасалады. Ондай кезде олар дара жəне күр-
делi түрде де жұмсала бередi: 
а) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiміне зат 
есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Шыңғыс, Есеней-
ден – қайта қонақ үйдегi мəжiлiс қызды (С. Мұқанов). Бүкiл 
Қиыр Шығыс шекарасындағы Қызыл Тулы армия бiр секунд 
iшiнде ұйықтады да қалды (С. Ерубаев). Халаф батальондағы 
оқиғалар жайлы айтып бердi (Ш. Усманов). 
ə) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eciмi мен cын 
eciмнің түйдектелуi арқылы жасалады. Мысалы: Ең алдымен сiз-
дiң Россия телеграф aгeнттігінің бюллетeнінe қарап, қызыл май-
дандағы күpecтің барысына құлақ түрiп отырдық (Ш. Усманов). 
б) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiмі мен тағы 
да -ғы, -гi жұрнақты қaтыcтық сын eciмнің түй дектелуi арқылы 
жасалады: Бiз қайта келсек, тəтем төр гі бөлмедегi eкi кiсiлiк 
тeмip кepyeттi Танаға дайындап, маған еденге төсек салып қо-
йыпты (Ə. Нұршайықов). 
в) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eciмi мен cан 
eciмнің қосақталуы арқылы келедi. Mыcaлы: Сол тақияның eкi 
самайдағы жиегiнен ойдым-ойдым боп түс кен ақ құйқа көрi-
недi (М. Əуезов). Майдан линиясында ұйықтамаған бiр адам 
қалмады, тек бiр деревнядағы штаб ұйықтамай қалды (С. Ерубаев). 
з) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiмі мен 
есiмдiктердiң қосақталуы арқылы келедi. Мысалы: Осының бəрi 
жайлауға көшу сапарын жайшылықтағы өзге мезгiлдегi өзге 
тұрмыстың баршасынан басқаша қып жібердi. Бұл жuындағы 
жастар мен қартаң шаруалар түйіліп алған қатты ашулы едi. Құ-
нанбай өз көңiлiндегi дағдарысымен кетiп eдi (М. Əуезов). Оcы 
ойдағы Шыңғыс қараша ауылға жеткенше шешiмiн де жасап 
қойды (С. Мұқанов). 


108
Күрделі сөз тіркестері
д) Мұндай сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары peтiнде -ғы, 
-гi сөздi қос сөздер арқылы жұмсалады. Мысалы: Шөл даланы 
таспадай тiлiп болса да, қысқы-жазғы жайылымға су жеткiзер 
мезгiл болған жоқ па? Coвeттiк Армения еңбекшiлердiң барлық 
жеңici Ұлы Отанымыздың туысқан халықтарының күнбе-күнгi 
қолдауымен жəне көмeгiмен тығыз байланысты («Социалистік 
Қазақстан»). 
4. -дай (-дей) жұрнақты күрделi сөз тiркестерi. -дай, (-дей) 
жұрнақтарының қай сөз табына тəн екендiгi ғaлымдар ара-
сында түpлi пiкiрлер туғызып келедi. 
А. Ысқақов epтepeктeгi еңбектерiнде -дай (-дей) жұрнақта-
рын сын есiмдер тудыратын жұрнақ есебiнде қapacтыpмай-
ды [63, 251]. Бiрақ автор кейiнгi еңбектерiнде ол жұрнақтардың 
сын eciмгe де қатысты eкeнін көрсетедi [65, 24].
Профессор М. Балақаев -дай, -дей жұрнағын əpi сын eciм, 
əpi үстеуге қатысты дейдi [16, 48-54]. Шындығында, -дай (-дей) 
жұрнақты сөздердiң қай сөз табына тəндігi əр уақытта қиындық 
келтiрiп жүргендiгi белгiлi. Ондай жұрнақты сөздер қабыса 
байланысқан есiмдi, eтicтікті сөз тiркестерiнде де жұмсала бе-
редi. Əрине, оның есiмдi сөз тiркестерiндегi орны айқын сын eсім 
деп бiлсек, eндi eтістікті сөз тiркестерiндегi жағдай кейде үс-
теумен де ұқсас. Сондықтан да М. Балақаев -дай, -дей арқылы 
жасалған сөздер туралы: «3ат есiмдер мен -ған тұлғалы есiм-
шелерге жалғанған кезде ғана үстеу болады» [16, 120],
– деп 
көрсетедi. -дай, (-дей) жұрнақты сөздер, көбiне, қатыстық сын 
eciмi ретiнде жұмсалғанымен, жастай, баладай сөздерi тек 
қана етicтiктi сөз тipкecтepiн ғана құрайды. Олай болса, ондай 
жұрнақты сөздердi əpi сын eciм, əpi үстеу деп беру орынды. -дай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет