Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған



Pdf көрінісі
бет121/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету
Сумен жабдықтау. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның сумен қамтамасыз етілген 
өңірлерінің біріне жатады. 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларына 
жіберілген ауыз су сапасы 129,8 млн. м
3
құрады, ал 2019 жылы 189,1 млн. м
3
судың негізгі 


210 
тұтынушылары мыналар болып табылады: өндірістік және коммуналдық кәсіпорындар мен 
халық. 
Халықты коммуналдық-тұрмыстық сумен жабдықтау жүйесінде 2017 жылы 4745,1 км 
және 2019 жылы 5191,8 км су құбыры жұмыс істеді, оның ішінде 2019 жылы 2172,2 км 
ауыстыруды қажет етті.
Сумен жабдықтау желілерінің қанағаттанғысыз жай-күйі су құбыры 
желілеріндегі апаттар санының артуының, су көлемінің біржола жоғалуының және халықтың су 
тұтынуының үлестік нормаларының артуының себебі болып табылады.
2017 жылы сумен 
жабдықтау желілерінде барлығы 343 апат анықталды және жойылды. 29,7 км желі жөнделді. 
2019 жылы 308 авария жойылды, 19 км ауыстырылды, 28,3 км желі жөнделді, бірақ жөндеу 
және қалпына келтіру жұмыстарының көлемі жеткіліксіз. 
2017 жылдың қорытындысы бойынша 21 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді, 
бұл ауылдық елді мекендерді сумен қамту 49,3%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 711 елді 
мекеннің 10 қаласы, 3 кент және 343 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен 
қамтамасыз етілген. Үш ауылда (Бородулиха ауданының 41 разъезд станциясы, Дүйсекен 
разъезі және Семей қаласының Жазық ауылында) 256 адам тасымалданатын суды пайдаланады.
2018 жылы 16,8 млрд. теңгеге 51 жоба іске асырылды, 22 нысан іске қосылды. 14 елді 
мекенде сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, 26 – сумен жабдықтау және 4 – су бұру 
желілерін қайта жаңарту жүзеге асырылды.
Нәтижесінде облыс халқын орталықтандырылған су 
құбыры сумен қамтамасыз ету 2018 жылы қалаларда 94,7%-ды, ауылдық елді мекендерде 
53,7%-ды,
2019 жылы тиісінше — 98,2% және 56% құрады.
Су тарту. Облыстың 711 елді мекенінен орталықтандырылған су тарту 43, оның ішінде 9 
қалада, 2 қала үлгісіндегі кентте және 32 ауылда жұмыс істейді. Абай, Аягөз, Көкпекті, Күршім, 
Тарбағатай және Үржар аудандарында кәріздік тазарту құрылыстары жоқ.
2019 жылы қалаларда 
халықтың орталық су тарту қызметтерімен қамтамасыз етілуі 72%–ды, ауылдық елді 
мекендерде-8,3%-ды құрады (2.5.5-кесте.). 3 өңірде (Абай, Бесқарағай және Катонқарағай 
аудандарында) тұрғындар орталықтандырылған су тарту қызметтерін пайдаланбайды. 
70-жылдары салынған тазарту құрылыстары өзінің пайдалану ресурстарын өндірді, 
құрылыстардың жобалық қуаты қайта өңдеу үшін жеткіліксіз, соның салдарынан Ертіс өзеніне 
тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік, ағынды және нөсерлі сулар ағызылады.
Әсіресе, шағын қалалар мен аудан орталықтарында ауыр жағдай қалыптасады. Ауылдық 
елді мекендердің тазарту құрылыстары аз жүктемеден істен шығады. Нәтижесінде облыстың су 
шаруашылығы жүйелеріндегі нормативтік техникалық ысыраптардың орташа деңгейі шамамен 
25 - 30% құрайды. 2017 жылы кәріз желілерінде 44 авария, 2019 жылы – 27 авария тіркелді.
44 кәсіпорын жұмыс істейді, су бұру жүйесінің жалпы ұзындығы 2017 жылы 1551,9 км 
және 2019 жылы 1572,7 км құрады, оның ішінде 2019 жылы — 612,3 км ауыстыруды қажет 
етеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі "Семей қаласының Тихомиров каналы 
ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін канализациялық дюкерді қайта жаңарту" жобасын 
әзірледі. Құрылыстың жалпы құны 1,2 млрд. теңгені құрайды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - 
2020 жылғы 25 желтоқсан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет