211
Елді мекендерде атмосфералық ауаның ластануының жоғары және өте жоғары деңгейі
азот
диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді,
формальдегид, күкіртті сутегі, қалқыма
бөлшектер, фенол, аммиак) төмендегілерге байланысты:
1) қалалық көлікпен автожолдардың жүктемесі (облыс бойынша автокөлік құралдарының
саны 2017 жылы 364 мың бірлікті құрайды, оның ішінде Өскемен қаласы бойынша-107,8 мың
бірліктен астам). Барлық автомобильдердің 90,4%-дан
астамы бензинмен жұмыс істейді,
автомобильдердің 78,3 %-ы 10 жылдан асқан.
2) өнеркәсіп кәсіпорындарынан эмиссияларды (азот диоксиді, күкіртті ангидрид,
формальдегид, бензапирен, фенол, көміртегі оксиді және қалқыма
заттар бойынша ластаушы
заттар шығарындыларының негізгі көздері металлургия және жылу өнеркәсібі кәсіпорындары
болып табылады);
3) елді мекендердің атмосфералық кеңістігінің төмен желдетілуі.
Сондай-ақ, облыс аумағы Семей ядролық полигонының сынақтарынан болған зардаптарға
ұшыраған.
Өңірде қауіптіліктің 1 санатына жататын 198 табиғат пайдаланушы жұмыс істейді.
Оның
ішінде республиканың 9 ірі кәсіпорны бар: "Қазмырыш" ЖШС, "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС,
"AES УК ЖЭО" АҚ, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ, "Үлбі металлургиялық зауыты"
АҚ, "Бұқтырма цемент компаниясы" АҚ, "Семей цемент зауыты "өндірістік компаниясы"
ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы-Құсмұрын–Ақбастау кеніші" ЖШС, "Қазмырыш" ЖШС,
«Востокцвемет» ЖШС.
Анықтама: тау–кен өндіру және тау–кен өңдеу кәсіпорындары – 78(39,4%), құрылыс
секторы – 34 (17,1%), жылу энергетика секторы – 21(10,6%), коммуналдық шаруашылық – 27
(13,6%), ауыл шаруашылығы секторы – 13 (6,6%),
металлургия-8 (4,0%), мұнай-газ секторы-2
(1,0%), өзге (көлік, тамақ, химия) - 15 (7,7%).
2017 жылы атмосфералық ауаға нормативтік шығарындылардың көлемі 0,191 млн.
тоннаны, ал 2018 жылы - 0,195 млн. тоннаны құрады (2.5.6-кесте.).
Облыс әкімінің деректері бойынша 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін ластаушы
заттар шығарындыларының жалпы көлемі 10 мың тоннаға (140-тан 130 мың тоннаға дейін)
төмендеді. Өскемен бойынша шығарындылар 7 мың тоннаға (11,5%-ға, 61-ден 54 мың тоннаға
дейін) азайды.
2019 жылы ШҚО бойынша кәсіпорындар атмосфераға 128,7 мың тонна зиянды заттарды
шығарды, бұл республика бойынша нақты шығарындылардың жалпы көлемінің 5,2%-ын
құрады және орташа республикалық көрсеткіштен (147,6 мың тонна) 12,5%-ға төмен.
Төгінділер-20,4
мың тонна, қалдықтар-106 383,078 мың тонна.
Соңғы 6 жылда облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі
10
Достарыңызбен бөлісу: