Жылумен жабдықтау. Облыс аумағында 4 жылу электр станциясы – Өскемен ЖЭО,
Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласының ЖЭО-1 орналасқан, олар Өскемен, Семей және
Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Жылу энергиясын өндіру 111 жылумен жабдықтау көздерімен және 385 орнатылған
қазандармен (энергия қондырғыларымен) жүзеге асырылады. Қуаты 100 Гкал–ға дейінгі 672
қазандық жұмыс істейді, оның 462–і қатты отынмен, 26-ы сұйық отынмен және 184-і электр
қазандарын пайдаланатын қазандық. 2017 жылы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1051,4
км (2019 жылы — 1075,1 км), оның ішінде тозығы жеткен – 274,6 км немесе 26,1% (2019 жылы
— 291,7 км немесе 27,1%), 374,8 км немесе 35,6% (2019 жылы — 388,0 км немесе 36,1%)
ауыстыруды қажет етеді, 23,3 км (2019 жылы — 388,0 км немесе 36,1%) ауыстырылғаны -
20,4%) (2.5.5-кесте.).
2017 жылы 7873,7 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді (2019 жылы - 8166,8, мың Гкал).
Жылу энергиясының шығыны – 1013,2 мың Гкал (2019 жылы — 1104,4 мың Гкал) құрады.
Газбен жабдықтау. Сұйытылған мұнай газын (пропан-бутан) тұтыну 670 топтық
резервуарлық қондырғылар (оның ішінде жұмыс істеп тұрған – 204) арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету үшін газ тарату қондырғылары мен ыдыстар
техникалық қанағаттанғысыз жағдайда екенін ескере отырып, газ шаруашылығын біртіндеп
консервациялау жүзеге асырылады.
Зайсан ауданын Сарыбұлақ кен орнынан өндірілетін табиғи газбен газдандыру жүзеге
асырылуда.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
бірыңғай оператор болып "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ анықталды.
2017 жылы "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында бірінші кезектегі екінші іске
қосу кешенінің кварталішілік тарату желілерінің құрылысы" нысанының құрылысы аяқталды,
жалпы газ желілерінің ұзындығы 105,351 км, оның ішінде орта қысымды газ құбырының
ұзындығы 9,517 км, төмен қысымды газ құбырының ұзындығы 95,834 км. 2018 жылдың 1
қаңтарына Зайсан қаласында орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуге 1640 тұрғын
қосылды.
2018 жылы Зайсан ауданының 9 елді мекенінде (Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ,
Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдары) кентішілік газбен жабдықтау
желілерінің құрылысы аяқталды. Тұрғын үйлерді орталықтандырылған газбен жабдықтау
209
жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. 2020 жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша 1640 тұрғын үй
қосылған. Газ желілерінің жалпы ұзындығы 119 км (2.5.4-кесте).
2.5.4-кесте. Халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету
Мақсатты индикаторлар
Жылдар бойынша орындалуы
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
2020 ж.
жоспар
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің
үлесін төмендету, %
18,3
16,4
13,9
11,0
Қалаларда орталықтандырылған
сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету, %
97,3
97,8
98,2
98,6
моноқалалар
99,4
99,5
99,8
100,0
шағын қалалар
99,8
99,9
99,9
100,0
су тарту, %
70,0
71,0
72,0
73,0
моноқалалар
80,1
84,3
89,0
100,0
шағын қалалар
46,2
61,3
82,5
82,8
Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған
сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету, %
44,7
53,7
56,0
62,0
су тарту, %
10,0
8,7
8,3
7,7
Желілердің
жалпы
ұзындығындағы
жаңғыртылған
желілердің үлесі, %:
жылумен жабдықтау
11,2
18,9
20,4
29,7
моноқалалар
7,3
14,3
23,8
27,9
шағын қалалар
0
0,4
0,6
0,3
газбен жабдықтау
0
0
0
0
электрмен жабдықтау
0
0,7
0,6
0,5
моноқалалар
12,1
1,7
26,1
14,8
шағын қалалар
0,1
0,2
0,2
0,3
2019 жылы Зайсан ауданының 8 елді мекеніне магистралды жеткізу желілерінің
құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру басталды. Шарт бойынша ҚМЖ құны 852 515,8 мың
теңгені құрады. 2019 жылы 200 000,0 мың теңге, 2020 жылы 652 515,8 мың теңге бөлінді. Игеру
пайызы 98%. Бүгінгі таңда 52 км жоғары қысымды газ құбыры салынды (0,6 МПа), орнатылды.
8-дана ГРП (шкафты газ реттегіш пункт). Жобаны аяқтаудың жоспарланған күні 2020
жылғы 15 қараша.
Ағымдағы уақытқа облыстық бюджет қаражаты есебінен Зайсан ауданының 8 елді
мекеніне жеткізуші газ құбырлары және кентішілік газ желілерінің (Дайыр, Көкжыра, Қуаныш,
Біржан, Сартерек, Жарсу, Бақасу, Саржыра) құрылысына жалпы құны 89,6 млн. теңге ЖСҚ
әзірленуде.
2021 жылы жоғарыда аталған 8 елді мекенге кентішілік газ желілерін салу жобасын іске
асыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны-1 267 723,0 мың теңге. Газбен жабдықтау
объектілерін іске қосу кезінде орталықтандырылған газбен жабдықтауға 3 500 тұрғын үй
қосылады. Газ құбырларының жалпы ұзындығы - 71,0 км, сондай-ақ 10 дана ГРП (шкафты газ
реттеу пункті) орнатылады.
Алдын ала есептеулер бойынша қазандықтардың жылу өндірудің негізгі көзі ретінде
табиғи газға көшуі зиянды заттардың (көмір күлдері, күкірт диоксиді, азот және көміртегі
оксиді) атмосфераға шығарылуын 9 есе 31 мың тоннадан 3 мың тоннаға дейін төмендетуге
мүмкіндік береді, бұл өңірдегі экологиялық және әлеуметтік жағдайды едәуір жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |