208
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама
аясында облыстың барлық 655 мектебінде 17 418 қыздыру шамы энергия үнемдейтін шамдарға
ауыстырылды.
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық шеңберінде инфрақұрылымды
жаңғыртуға және энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған жобаларды іске
асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, "Өскемен және Семей қалаларының көше жарықтандыру жүйелерін
жаңғырту "жобасы аясында құны 4,8 млрд.теңге болатын 26 488 шамды энергия тиімді көше
шамдарына ауыстыру жоспарлануда. Аталған жобаларды іске асыру электр энергиясын
тұтынуды 40%-ға дейін қысқартуға немесе жылына шамамен 228 млн. теңгені үнемдеуге
мүмкіндік береді.
ЕҚДБ қарыз қаражаты есебінен жалпы сомасы 20,9 млрд.теңгеге жылумен жабдықтау
және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде. Семей және Өскемен
қалалары бойынша 37,3 км су құбыры және 54,6 км жылумен жабдықтау желілерін қайта
жаңарту жоспарланған. 2018 жылдан бастап жасалған шарттар шеңберінде жеткізу кестесіне
сәйкес қаражат игерілуде. Жобаларды іске асыру 70% - дан астам тозған инфрақұрылым
объектілерін ауыстыруға бағытталған, бұл жаңа технологияларды қолдану есебінен желілердегі
нормативтен тыс ысыраптарды және энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, облыстың көшені жарықтандыру жүйесіне энергия үнемдейтін
технологиялар енгізілуде. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында көше шамдарын
жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары басталды.
Достарыңызбен бөлісу: