66
қалдықтардың пайда болу көлемі – 122000 т. Республика бойынша медициналық
қалдықтардың жалпы көлемі 2018 жылы 47325 тонна құрады. Бұл деректер медициналық
қалдықтар туралы ақпарат берумен жағдайдың жақсарғанын куәландырады, өйткені 2011
жылы тек 16000 т қауіпсіз және 8500 т қауіпті қалдықтар туралы хабарланған.
Қауіпті медициналық қалдықтар термиялық зарарсыздандырылуға тиіс, ол үшін 2011
жылы медициналық қалдықтарды жағуға арналған 91 қоқыс жағу қондырғысы және 1000-нан
астам камералық пештер іске қосылды. 2017 жылдың мәліметтеріне сәйкес, медициналық
қалдықтарды залалсыздандыруға арналған жауғуға және залалсыздандыруға арналған 158
қондырғы және медициналық қалдықтарды жағуға арналған 69 жабдық жиынтығы
жабдықталған. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған қондырғылар саны
өскеніне қарамастан, ол әлі де жеткіліксіз.
2017, 2018 және 2019 жылдардағы өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік
кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша ақпараттық шолулардың деректері бойынша
медициналық қалдықтардың пайда болу көлемі 1.5.3-кестеде ұсынылған.
1.5.3-кесте. 2017-2019 жж. медициналық қалдықтардың түзілу көлемі
Қалдықтардың түрлері
Медициналық
қалдықтардың
жылдар
бойынша көлемі
2017 ж.
2018 ж
2019 ж.
А класты қалдықтар, т
847 657,32
30 920,23
121 799,60
Б класты қалдықтар, т
203 863,57
15 779,13
112 280
В класты қалдықтар, т
3 698,20
558,89
11 300
Г класты қалдықтар:
Аспаптар, шт.
127 589,00
114 465,00
24 085,00
Қатты, кг
13 490,62.
10 480,467.
5774,30
Сұйық, л
1 292,46
2 606,10
150,00
Д класты қалдықтар (радиоактивтік), т
0
57,00
0,38
Қауіпті медициналық қалдықтар термиялық зарарсыздандырылуға тиіс, ол үшін 2011
жылы медициналық қалдықтарды жағуға арналған 91 қоқыс жағу қондырғысы және 1000-нан
астам камералық пештер іске қосылды. 2017 жылдың мәліметтеріне сәйкес, медициналық
қалдықтарды залалсыздандыруға арналған жауғуға және залалсыздандыруға арналған 158
қондырғы және медициналық қалдықтарды жағуға арналған 69 жабдық жиынтығы
жабдықталған. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған қондырғылар саны
өскеніне қарамастан, ол әлі де жеткіліксіз
63
.
Ауруханалар жергілікті деңгейде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесін
дербес шешетін болады. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің аймақтық тәсілі іске
асырылған жоқ. Осының нәтижесінде, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу құны
көбінесе тоннасына 2000 АҚШ долларына жетіп, жоғары күйінде қалып отыр. Жеке үй
шаруашылықтарынан медициналық қалдықтарды жинау жүзеге асырылмайды.
2017 жылы денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және
сақтау тәртібін белгілейтін медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа қағидалары
бекітілді (Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №357 бұйрығы).
Достарыңызбен бөлісу: