Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Сынаппен тарихи ластану Павлодар және Қарағанды облыстарында орналасқан.
2003 жылы Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк арасында Нұра өзенін 
сынаптан тазарту жобасын жүзеге асыруға қарыз туралы келісім (ҚР 2004 жылғы 26 мамырдағы 
N 556-II Заңы) жасалды. Тапсырыс беруші ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары 
комитеті болды. Осы жобаны іске асыру шеңберінде сынаппен ластанған 2,1 млн.тонна 
көлеміндегі қалдықтар Теміртау қаласының маңындағы Бұқар Жырау ауданының аумағында 
орналасқан «Апан» полигонында көмілді.
Алайда, «ТЭМК» АҚ кәсіпорны аумағындағы сынап жұққан коллектор мен тазарту 
құрылыстары Нұра өзенін тазарту бойынша негізгі жобаға енбеген, өйткені жобада тек өзеннің 
өзін тазалау ғана көзделген болатын. Осылайша, «ТЭМК» АҚ кәсіпорнының коллекторынан 
Нұра өзенінің сынаппен қайта ластануы байқалады.
«Қазгидромет» РМК мониторингінің деректері бойынша Нұра өзені бассейніндегі жалпы 
сынаптың ең жоғары концентрациясы 0,00011 мг/дм3 құрады, бұл «ластанудың жоғары 
деңгейі» деп бағаланады.
«ТЭМК «АҚ Теміртау қаласының батыс өнеркәсіптік аймағында өнімділігі тәулігіне 
10000 м3 болатын өндірістік ағынды суларды тазарту және бейтараптандыру қондырғысының 
құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Жобаны іске асыру 2019 
жылы 082 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалар 
мен өңірлерде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде басталды. 
Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2019 жылға 350 млн.теңге бөлінді. Жобаны 
іске асырудың жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайды.
2005 жылдан бастап сынап мониторингі бағдарламасын іске асыру шеңберінде Павлодар 
қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағы ауданында жыл сайын облыстық бюджет қаражаты 


69 
есебінен іс-шаралар өткізіледі.
Көп жылдық сынап мониторингінің қорытындылары бұрын 2002 
- 2004 жылдары орындалған демеркуризация жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді. 
Сынаптың қоршаған ортаға әсері тұрақты деп сипатталады.
2017 жылы Павлодар облысының 
әкімдігі 2019-2025 жылдарға іске асыру мерзімімен сынап мониторингі бағдарламасын түзету 
бойынша жұмыс жүргізді.
Бағдарламада жер асты суларында сынапқа мониторинг жүргізу үшін 
41 дана мөлшерінде Жаңа бақылау ұңғымаларын жайластыру бойынша бұрғылау жұмыстары 
көзделген, оны іске асыру 2019 жылға (21,3 млн.теңге), сондай-ақ биологиялық үлгілерде 
(балық, суда жүзетін құс, адам шашы) сынамалар іріктеу көзделген.
2019 жылы «Павлодар 
қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағы ауданында бұрынғы № 6 сорғы станциясынан 
былқылдақ жинақтағышына дейінгі автожолдың батыс жағынан тереңдігі 20 м сүзгіге қарсы 
шымылдық салуға» ЖСҚ әзірленді. 
БҰҰДБ/ҒЭҚ «Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, Қазақстанда медициналық 
қалдықтарды ұлттық жоспарлау және ұтымды басқару процесіне орнықты органикалық 
ластауыштарды басқаруды интеграциялау» жобасын іске асыру шеңберінде сынапты алдын ала 
түгендеуге негізделген сынапты пайдалануды қысқарту және жинау жөніндегі Ұлттық 
жоспардың жобасы әзірленді.
Ол сынап туралы Минаматтық Конвенцияның қағидаттарын іске 
асыруға бағытталған, Қазақстандағы сынапты азайтуға бағытталған өткен және ағымдағы 
қызметі туралы мәліметтерден тұрады және 2017 – 2020 жылдар кезеңіне жоспарланған іс-
шараларды сипаттайды. 
Бүгінгі таңда ластанудың негізгі көздері «Тарихи ластағыштар» болып табылатын келесі 
мәселелер шешілмей отыр: 
- өткен ғасырдағы Семей ядролық полигоны және Азғыр, Солтүстік Балқаш маңы әскери 
базаларының аумақтары және т. б. сияқты осы күнге дейін халық пен қоршаған орта үшін 
қауіпті болып табылатын әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарын толық оңалту; 
- ескірген пестицидтердің және басқа да агрохимиялық препараттардың тарихи 
көмінділерін (көмінділерін) іргелес жатқан жер учаскелерін рекультивациялай отырып кәдеге 
жарату; 
- хром және бормен ластанған Елек өзенін С.М.Киров атындағы Алға химия зауытының 
шлам қоймаларынан тазарту. Бұрынғы зауыттың бүкіл аумағы мен айналасын және оның 
шламын тазарту проблемалары болған кезде, өзеннің ластануы тек күшейе түседі, бұл әсердің 
ұзақ уақыт сақталып отырғанын көрсетеді; 
- бұрынғы Шымкент қорғасын зауытына іргелес жатқан қорғасынмен ластанған 
аумақтарды оңалту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет