74
береді. ӨКМ шеңберінде екінші шикізатты жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін
кәсіпорындардың шығындарын өтеу жүзеге асырылады. Кеңейтілген міндеттемелер құралының
арқасында қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша
шағын және орта бизнес
кәсіпорындарының саны 2016 жылғы 115-тен 2018 жылы 150-ге дейін, 2019 жылы 170-ке дейін
артты.
2018 жылдың өзінде 14 нысан енгізілді: «Баян» ЖК (Ақмола обл.); «Astana Clean Time»
ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.); «Green Technology Industries» ЖШС (Түркістан обл.); «Hill Corparation»
ЖШС, «Евро кристалл» ЖШС (Шымкент қ.); «Green Recycle» ЖШС (Алматы қ.); «Элемент
ресурс» ЖК, «Оразбек» ЖК, «Kostanay eco citу» ЖШС (Қостанай обл.); «Ақтау Таза қала»
ЖШС, «Global ecosort» ЖШС; (Маңғыстау обл.); «Кама Центр» ЖШС (БҚО); «Екібастұз
Коммун Сервис» ЖШС (Павлодар обл.); «Ақсу Полигон» ЖШС (Павлодар обл.).
2018 жылы жиналған және қайта өңделген автокомпоненттер көлемі 83700 тоннаны
құрады, бұл 2017 жылдан 3 есе жоғары. Жиналған
және қайта өңделген қаптама
қалдықтарының көлемі 95872 тоннаны құрады, бұл 2017 жылдан 2 еседен астам жоғары. 2019
жылы орамада жиналған және қайта өңделген қалдықтардың көлемі 38106 тоннаны құрады
(1.5.9-кесте).
1.5.9-кесте. ӨКМ іске асыру шеңберінде қайта өңделген қалдықтардың саны.
2017
2018
2019
Жиналған және қайта өңделген шиналардың
көлемі
20 047
27 710
19 001
май
4 198
11 252
16 936
аккумулятор
20 000
20 000
10 314
антифриз
2 300
3 400
0
Шыны қалдықтары
5 634
22 772
17 854
платмасса қалдықтары
6 066
8 995
8 456
Қағаз бен қатты қағаз қалдықтары
45 025
31 595
10 828
Жиналған көп айналымды шыны ыдыстың
көлемі, млн. дана
4 334
3 621
789
Электронды
қалдықтар, тонна
2 461
4 666
0
Дереккөз: ЭГТРМ
Ескі автомобильдерді кәдеге жарату Қарағандыда жылына 50 мың автомобиль қуаты бар
зауытта жүзеге асырылады. Зауыттың өндірістік процесі ескі автомобильдерді
қабылдау/зауытқа жеткізуден бастап қайталама шикізат алуға және қара және түсті
металдар
қорытпалары түрінде кәдеге жаратуға, газ синтезіне дейін кәдеге
жаратудың толық циклін
қамтиды.
Ескі автомобильдерді қабылдау бағдарламасы қолданыла бастағаннан бері (2016 жылғы
21 қараша) халықтан 124,9 мың бірлік
ескі автомобильдер қабылданды, бұл бизнесті
ынталандыруға мүмкіндік берді, жаңа кәсіпорындардың пайда болуына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: