Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Қалдықтарды қайта өңдеу секторын мемлекеттік қолдау шаралары



Pdf көрінісі
бет41/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Қалдықтарды қайта өңдеу секторын мемлекеттік қолдау шаралары 
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, «Бизнестің жол картасы-2020» 
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау 
құралы - мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Осы Бағдарламаға сәйкес мемлекеттік 
гранттар бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін 
жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қалдықтарды жинау, өңдеу 
және жою, қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ қалпына келтіру және қалдықтарды жою 
саласындағы өзге де қызметтерді (ЭҚЖЖ 38 және 39) жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне беріледі. 


75 
Сондай-ақ, Бағдарлама аясында сыйақы ставкасын субсидиялау және банктердің 
кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру сияқты мемлекеттік қолдау шаралары 
қарастырылған. 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі 
– Кодекс) жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту үшін 
тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының 
заңды тұлғаларына инвестициялық преференциялар көзделген. 
Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген қызметтің 
басым түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) енгізілген қызмет түрлері бойынша 
инвестициялық жобаны іске асырған кезде беріледі.
Тізбеде экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес 38.12 «Қауіпті қалдықтарды 
жинау», 38.21 «Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою», 38.32 «Қара және түсті 
металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеуді қоспағанда, сұрыпталған 
материалдарды кәдеге жарату» сыныптары бойынша мынадай қызмет түрлері бар.
Көрсетілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай 
түрлері берілуі мүмкін:
- импортқа кедендік баждарды және қосылған құн салығын салудан босату;
- мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференцияларды берудің тәртібі мен шарттары Кодекстің 285 және 286-
баптарында айқындалған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
шеңберінде 
шошқа 
және 
құс 
шаруашылықтарында жаңадан салынатын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жабдықтарды 
сатып алу кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша тауар өндірушілерді 
инвестициялық субсидиялау көзделген. Алайда, бұл бағдарлама жұмыс істеп тұрған мал 
шаруашылығы кешендерін толық қамтымайды, олардың көпшілігі 25-30 жыл бұрын 
пайдалануға берілді. Содан бері тазалау жабдығы бір рет өзгерген жоқ, бірақ оны тозу себебі 
бойынша әр 10-15 жыл сайын күрделі жаңғырту қажет. Сондықтан, осы проблеманы шешу 
үшін мемлекеттік бюджеттен шығындар талап етіледі.
Қазір сұйық қи/көң өңдеу және кәдеге жарату мәселесі ең өткір болып табылады. Бірақ 
әрбір мал шаруашылығы кешенінде оларды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың заманауи 
жүйелері бар деп айта алмаймыз. Көптеген шаруашылықтарда жүйе бұрыннан ескірген және 
экологиялық нормаларға жауап бермейді. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша Ақмола, 
Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан 
облыстарында құс тезегі мен қи өңдеу бойынша инвестициялық жобалар іске асырылды және 
іске асырылуда.
ҚР салық заңнамасында инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды 
тұлғаларға салықтық преференциялар көзделген, олардың шеңберінде мынадай жеңілдіктер 
көзделген:
- корпоративтік табыс салығынан 10 жылға босату; 
- жер салығынан 10 жылға босату; 
- мүлік салығынан 8 жылға босату. 
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы 
№522 қаулысына сәйкес қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату 
бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларына жатқызылған.
Бағдарламаның 94-тармағына сәйкес бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары 
Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында өз жобаларын іске 
асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер болып табылады. 
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік 
компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін 
субсидиялау, банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру, өндірістік 


76 
(индустриялық) инфрақұрылымды дамыту, индустриялық аймақтарды құру, ұзақ мерзімді 
лизингтік қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. 
Бұдан басқа, Еуропалық инвестициялық банк «Даму» қорымен Қазақстанда мемлекеттік 
және жеке кәсіпорындарды («Даму» қорының талаптарымен мемлекеттік кепілдіксіз) 50 мың 
АҚШ долларынан басталатын жобаларды қаржыландыру мүмкіндігімен «жасыл» жобаларды 
ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін 200 млн.еуроға негіздемелік шартқа қол қойды. Жобаларды, 
оның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде қалдықтар бойынша жобаларды 
іске асыруға, шағын жобалар үшін жеке бағдарлама әзірлеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет