Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


ТДМ-ға қол жеткізудің проблемалары



Pdf көрінісі
бет77/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

 
ТДМ-ға қол жеткізудің проблемалары.
Экологиялық мәдениет пен экологиялық білім беруге тікелей ТДМ 4-ке қатысты болады 
(1.9.1-кесте).
2017 жылы Қазақстандағы мектептердің 49,3%-ы орталықтандырылмаған кәріз 
жүйелерін пайдаланады, ал 9,7%-ы орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген. Барлық 
мектептердің 86%-ы оқушылардың ыстық тамақтануын қамтамасыз етеді, ал 9,7%-ы тамақ 
дайындау кезінде әкелінетін ауыз суды пайдаланады. Мектептерде жарықтандыру, жиһаз 
және тамақтану сапасына тұрақты бақылау жүргізіледі. Алайда SEARCH II (2011-2012 
жылдар) жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеу нәтижелері тексерумен қамтылған 
мектептерде ауаның химиялық ластағыштармен ластануының жоғары деңгейін көрсетеді.
116
Орнықты дамудың 4-ші Жаһандық мақсатының (ТДМ) міндеттеріне қол жеткізу үшін 
БҰҰ білім беруді қаржыландыруды мақсатты түрде ұлғайтуды және оның мұқтаждарына ЖІӨ 
- нің кемінде 3 - 4% бөлуді ұсынады. Қазақстанда 1991 жылдан бастап бұл көрсеткіш жыл 
сайын ЖІӨ-нің орташа 3,8%-ын құрайды. Алайда, егер Қазақстанда орта білім беруге ЖІӨ-
ден шығыстардың үлесі ЭЫДҰ елдерімен (тиісінше 2,1% және 2,2%) салыстыруға болатын 
болса, онда мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім беруге 
арналған шығыстардың үлесі ЭЫДҰ елдеріне қарағанда үш есе төмен.
Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, үй-жайлардың 
ішінде, атап айтқанда мектептерде, балабақшаларда және балаларға арналған басқа да қоғамдық 
ғимараттарда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған мына шараларды 
қабылдауға тиіс: 
(a) Балалар тұратын, оқитын және ойнайтын жерлерде үй-жайлардың ішінде балалар үшін 
қолайлы және салауатты қоршаған ортаны құру саласындағы мемлекеттік органдардың 
функциялары мен міндеттерін, сондай-ақ денсаулық үшін қауіп-қатерді азайту және үй-
жайлардың ішінде салауатты ортаны құру жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық және 
басқа да шараларға қойылатын талаптарды айқындайтын заңнаманы әзірлеу;
115
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 
116
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


154 
(b) Балалар үшін қоғамдық ғимараттардың үй-жайларының ішінде қоршаған ортаның жай-
күйі мониторингінің ұлттық жүйесін құру және үй-жайлардың ішінде ластаушы заттардың 
балалар денсаулығына әсер ету тәуекелдерін өзектілендірілген бағалауды дайындау.
117
Сондай-ақ Қазақстанда 4.7 мақсатты міндетті шешу үшін 4.7.1 көрсеткіші бақыланбайды.
1.9.1-кесте Халықтың экологиялық мәдениеті мәселелеріне байланысты ТДМ-ға қол 
жеткізу проблемалары
ТДМ мақсаттары мен 
міндеттері 
Халықаралық 
көрсеткіштер 
Қазақстандағы 
көрсеткіш 
Қол 
жеткізу 
проблемаларының 
болуы 
Көрсеткіштерді 
жүргізу 
қажеттілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет