Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет74/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

1.9. Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру 
Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада 
айқындалған негізгі қағидаттардың бірі бизнесте және халық арасында экологиялық 
мәдениетті оқытуды және қалыптастыруды декларациялайды. Осы қағидатты іске асыру үшін 
мынадай қажетті шарт айқындалған – кең жұртшылық арасында қоршаған ортаны қорғау 
бойынша жаңа экомәдениетті насихаттау, ол үшін қоршаған ортаны қорғауға байланысты 
тақырыптарды білім беру ұйымдарының оқу жоспарларына толыққанды енгізу қажет.
111
Бұл 
өскелең ұрпаққа табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді 
және қосымша пайда әкеледі.
Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда Нұр-Сұлтанда 2017 жылдың 
маусым-тамыз айларында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу маңызды мәнге ие 
болды. Көрмеде соңғы буындағы энерготиімді технологиялар, сондай-ақ оларды қалай және 
неге пайдалану керек екендігі туралы дәлелдер базасы ұсынылды. ЭКСПО-2017 Болашақ 
энергиясын өндіру, бөлу және пайдалану жөніндегі тұрақты жоспарды құру мен іске асыруға 
әркімнің жеке жауапкершілігі мен жеке қатысуы туралы идеяға баса назар аударды. Экспо-
2017 аясында инженерлері мен ғалымдардың WSEC-2017 «Болашақ энергиясы:
инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру» дүниежүзілік конгресі және көптеген 
басқа да іс-шаралар өтті.
Қазақстанда экологиялық білім беру жалпы білім беру жүйесінің бір бөлігі болып 
табылады және ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының оқу бағдарламалары арқылы 
білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Экологиялық білім беру Отанға және туған 
өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілікке, құрмет пен ұқыпты қарауға тәрбиелеуге 
бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық компонентті зерделеу жаратылыстану-
биологиялық цикл шеңберінде қарастырылады және жеке пәндердің мазмұнын 
экологияландыру арқылы жүзеге асырылады:
1) бастауыш деңгей (1 - 4 сыныптар) - экологиялық аспектілер «Дүниетану» пәнінің 
мазмұнына енгізілген (аптасына 2 сағат);
2) негізгі орта және жалпы орта деңгейлер (5 - 7 сыныптар) - экологиялық аспектілер 
«Биология», «География», «Химия» пәндерінің мазмұнына енгізілген. 
800 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер оқушылардың туристік-өлкетану 
қозғалысының түрлі бағдарламаларына қатысады: «Атамекен», «Болашақ», «Жас Ұрпақ», 
«Шұғыла» және т.б. Оқушылардың «Менің Отаным-Қазақстан» туристік-өлкетану 
экспедициясы аясында жыл сайын ондаған жаяу, шаңғы, су, велосипед және басқа да жорықтар, 
экспедициялар мен экскурсиялар өткізіледі, оларға мыңдаған жас туристер мен олардың ересек 
тәлімгерлері қатысады. 
Мектептерде өлкетану үйірмелері мен клубтары жұмыс істейді, туристік-өлкетану 
111
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама. 


145 
экспедициялары мен экскурсиялар өткізіледі, 1670 мектеп мұражайы жұмыс істейді, оның 
ішінде 856 – тарихи мұражай, 290 – Жауынгерлік Даңқ, 42 – әдеби және көркем, 85 – табиғи 
ғылыми (географиялық, табиғатты қорғау, геологиялық), 155 – этнографиялық, 36 – халық 
шығармашылығы, 60 – мемориалдық, 146 – басқа. Қазіргі уақытта өлкетану туризмімен 7-17 
жас аралығындағы 90 мыңнан астам бала қамтылған. 
Қазіргі уақытта республикада: 
- 22935 оқушыны қамти отырып, 40 жас турист-өлкетанушылар станциясы мен 
орталықтары; 
- 2581 экологиялық үйірмелер, 58169 оқушы қамтылған; 
-2179 туристік-өлкетану жұмыскерлері 46923 оқушыны қамтыды; 
-58169 балалар мен жасөспірімдерді қамтитын жалпы білім беретін мектептерде 2581 
туристік-өлкетану үйірмелері. 
2017 жылдан бастап жыл сайын еліміздің ең үздік өлкетану командаларының қатысуымен 
"Табиғатты аяла" Республикалық Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистер форумы (2 
500 – ден астам қатысушы), "Менің Отаным-Қазақстан" туристік экспедициялық отрядтардың 
Республикалық слеті, "Шеберлер қаласы: біздің бабаларымыздың мұраларын сақтаймыз және 
көбейтеміз" өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі және т. 
б. өткізіледі. 
www.ziyatker.org сайтында жас натуралистер электронды клубы жұмыс істейді, 
балалардың интернет-қауымдастығы құрылды.
Тоқсан сайын www.ziyatker.org сайтында «Экоәлем» және «Темірқазық» балалар 
танымдық журналдары электронды форматта (4 нөмір) жарияланады.
2018 жылғы 23 ақпанда балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағытындағы 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының Республикалық үйлестіру 
кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 
«Балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері». Іс-шараға 115 адам 
қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында балаларға қосымша білім 
берудің туристік-өлкетану бағытындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, 
білім беру ұйымдарында туристік-өлкетану қызметін дамыту перспективасы, ведомствоаралық 
өзара іс-қимылды күшейту негізінде өңірлерде балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 
жаңа тәсілдері мен ұйымдастырушылық формаларын анықтау мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында балаларға қосымша білім беру саласында, оның ішінде туристік-
өлкетану бағытында, «Kazakh Tourism «Ұлттық компаниясы» АҚ-мен, «ЮНЕСКО 
Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы» ҚБ-мен, «Қазақстандық мектепке дейінгі 
ұйымдар ассоциациясы» ҚБ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 
"Туған жер" арнайы жобасы бойынша "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы шеңберінде 
2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде 3162316 адамды (99,2%) 
қамтитын 1619 іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектепке дейінгі білім берудің барлық деңгейіндегі 
білім алушылар тартылды. 
Республикада 900-ге жуық"Рухани жаңғыру" орталығы жұмыс істейді. 2018 жылы ЖОО - 
да 59 шағын кеңсе, колледждерде 123 және мектептерде 531 кабинет ашылды. 
Еліміздің жоғары оқу орындары бағдарлама бойынша 659-ға жуық ғылыми-практикалық 
конференциялар, дөңгелек үстелдер мен талқылаулар өткізді. 1000-нан астам мақалалар мен 
монографиялар шығарылды. 
2019 жылы қосымша ресурс ретінде "өлкетану" хрестоматиясы енгізілді (490 мыңнан 
астам дана сатып алынды). Бұл курс кіші отан тарихын зерттеу, өсіп келе жатқан ұрпақтың 
ұлттық кодын нығайту үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. 
"Өлкетану" біріктірілген курсының материалдары 5-7 сыныптарда "Қазақстан тарихы", 
"Қазақ әдебиеті" (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін "Қазақ тілі мен әдебиеті"), 
"География", "Музыка" оқу пәндері шеңберінде оқытылады. 
"Өлкетану" курсының оқу жүктемесінің көлемі 20 сағатты құрайды. Сонымен қатар, 
«Өлкетану» сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, музей сабақтары аясында оқытылады. 


146 
Мұражайлар, мәдениет саласындағы ұйымдар мен тарихи нысандар базасында сабақтар 
өткізу тәжірибесі табысты жалғасуда. 
Барлық өңірлер "Өлкетану/краеведение" оқулықтарымен қамтамасыз етілген. 
2019 жылдың наурыз айында "Алматыкітап баспасы барлық өңірлер үшін "Өлкетану" 
жалпы хрестоматиясын әзірледі, ол сапаны бағалаудың барлық кезеңдерінен өтті, "Өлкетану" 
пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келеді және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, 
құралдар және басқа да қосымша әдебиеттер, оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы 
әдебиеттер тізіміне енгізілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығы). 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, жыл сайын мемлекеттік білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет