Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Халықаралық тәжірибе.
2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының су ресурстарының жай-күйі туралы «Ешкімді 


17 
шетте қалдырмау» дүниежүзілік баяндамасы жарыққа шықты
11
. Онда тағы бір рет 1980 
жылдан бастап су ресурстарын жалпы әлемдік пайдалану, демографиялық өсу, әлеуметтік-
экономикалық даму және тұтынудың өзгермелі үлгілері сияқты факторлардың жиынтық 
әсерінің нәтижесінде жылына шамамен 1%-ға өсетіні көрсетіледі. Су ресурстарына деген 
жаһандық қажеттілік бұдан әрі де 2050 жылға дейін шамамен осындай қарқынмен ұлғаяды 
деп күтілуде, бұл су тұтыну деңгейінің бүгінгі жылмен салыстырғанда, негізінен өнеркәсіптік 
және тұрмыстық қажеттіліктердің өсуіне байланысты 20-30%-ға артуына алып келеді. Су 
ресурстары жоғары жүктемеге ұшыраған елдерде екі миллиардтан астам адам тұрып жатыр 
және жылына кем дегенде бір ай су тапшылығына төрт миллиардтан астамы тап болады. 
2020 жылғы «Су ресурстары және климаттың өзгеруі» дүниежүзілік баяндамасының 
басылымы орнықты даму саласындағы күн тәртібінің кеңірек контекстінде су мен климаттың 
өзгеруі арасындағы маңызды байланыстарды көрсетеді. Әлемнің түрлі елдерінің мысалдарына 
сүйене отырып, баяндама климаттың өзгеруімен жасалатын проблемаларды да, мүмкіндіктерді 
де сипаттайды және бейімделу, салдарды жұмсарту және орнықтылықты арттыру тұрғысынан 
ден қоюдың әлеуетті шараларын ұсынады – олар су ресурстарын басқаруды жақсарту, сумен 
байланысты тәуекелдерді азайту және барлық адамдар үшін орнықты негізде сумен жабдықтау 
және санитария қызметтеріне қол жеткізуді жақсарту жолымен қабылдануы мүмкін.
12
Атап айтқанда, баяндамада жыл сайын бүкіл әлемде сумен жабдықтау мен 
санитарияның жеткіліксіздігі төмендегілерге себеп болып табылатыны атап көрсетілген: 
* 2 миллионға жуық алдын алуға болатын өлім; 
* 123 миллион мүгедектіктің алдын алуға болатын жылдар; 
* 5 жасқа дейінгі балаларға барынша әсер ету. 
БҰҰ ЕЭК аймағында Шығыс Еуропадағы, Кавказдағы және Орталық Азиядағы 
халықтың едәуір бөлігі аса ауыр жағдайда тұр. 
Сумен жабдықтау және санитария проблемаларын шешу бойынша баяндамада 
тұрғындар көп қоныстанған қалалық аудандарда пайдаланушылардың контингенттеріне 
қызмет көрсету үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану және жаппай үнемдеу есебінен 
үнемдеуге қол жеткізу үшін ірі ауқымды инфрақұрылым мен қызметтерді тарту орынды деп 
айтылған, бірақ екінші жағынан, шағын қалалық елді мекендер мен ауылдық аудандарда 
сумен жабдықтау және санитарияның орталықсыздандырылған жүйелерінің шығыны азырақ 
болып табылады. Халықтың тығыздығы аз ауылдық аудандарда басты міндеттердің бірі тиісті 
құрылымдарды тікелей адам тұратын жерге жақындату болып табылады. Осылайша, қызмет 
көрсетудің технологиялық тәсілін таңдаудың негізі озық тәжірибе принципі емес, тұрған 
міндеттерге барынша сәйкес келетін, яғни халықты сумен жабдықтау, санитария және гигиена 
қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.
БҰҰ ЕЭК сарапшылары сумен жабдықтаудың біршама жақсарғанына қарамастан, 
Қазақстанда бұл салада бірқатар проблемалар бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, сумен 
жабдықтаудың жаңа нысандарын пайдалану және күтіп ұстау проблемасы олар пайдалануға 
берілгеннен кейін де қалады. Тек аудандық деңгейдегі нысандар материалдық және еңбек 
ресурстарымен қамтамасыз етілген. Ауылдық жерлерде сумен жабдықтау жүйелерін басқару 
мен күтіп-ұстауды ауыл әкімдіктері жүзеге асырады, олар мұндай құрылыстарды пайдалану 
мен күтіп ұстауға немесе оларды мамандардың ұстауына қажетті ең аз қаражатпен 
қамтамасыз етілмейді
13
.
Жетілген жетістіктерге қарамастан, ауылдық жерлердегі сумен жабдықтаудың жағдайы 
қалаларға қарағанда әлдеқайда нашар (техникалық жағдайы мен жабдықталуы, басқару 
нысандары, білікті мамандардың болуы және т.б.). Осылайша, ірі қалаларды қоспағанда, ауыз 
су қауіпсіздігінің тұрақты мониторингін жүргізетін ұйымдастырылған зертханалар жоқ. 
Көптеген елді мекендерде ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің айналасындағы санитарлық-
11
«Жаппай қамту» Біріккен Ұлттар Ұйымының су ресурстарының жай-күйі туралы Дүниежүзілік 
баяндамасы, 2019 ж. 
12
Water and Climate Change, Paris, UNESCO 
13
Қазақстанның экологиялық тиімділігі туралы үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж.


18 
қорғау аймақтары белгіленбеген және сақталмаған.Ауылдық аймақтардағы су тарту 
құрылыстары мен сумен жабдықтау желілеріне хлораторлар мен дезинфекциялаушы 
заттардың саны жеткіліксіз мөлшерде орнатылды. Тағы бір маңызды аспект - тұрғындарды 
(ауыл тұрғындарын қоса алғанда) ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларының 
әлеуетін жеткіліксіз пайдалану. 
Күштер мен инвестицияларды ұлғайту Қазақстан үшін осы саладағы ұлттық мақсаттарға 
қол жеткізу үшін, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібінің 6-мақсаты 
шеңберінде байланысты міндеттемелерге қол жеткізу үшін өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет