12
3. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы экономиканың барлық
салалары бойынша өңірлерді дамытуды көздейді. Сумен жабдықтау саласында осы секторды
дамытудың кешенді саясаты ұмыт қалған.
4. «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру
жүйелерін жаңғыртуды (реконструкциялау және салу) көздейді. Тікелей нәтижелердің
көрсеткіштері.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ бюджетке түсетін
жүктемені төмендету мақсатында бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі көзделген.
Бюджеттік кредиттер жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) кейіннен табиғи монополиялар
субъектілеріне (ТМС) кредит бере отырып, республикалық бюджеттен бөлінеді. Осы тетіктің
негізгі міндеті бөлінетін трансферттерді қайтару болып табылады. Бюджеттік кредиттеу
шарттары:
- ЖАО үшін сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 0,01% ;
- ТМС үшін сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 0,02% ;
- несиелеу мерзімі 20 жылға дейін;
- қаржыландыру валютасы - теңге;
- жеңілдікті кезең – несие беру мерзімінің 1/3.
Республикалық меншіктегі
гидротехникалық құрылыстарды тұрақты пайдалануды
қамтамасыз ету үшін жыл сайын пайдалану іс-шаралары, ағымдағы жөндеу, су тасқынына
қарсы және су қорғау іс-шаралары жүргізіледі.
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикада 1705 гидротехникалық
құрылыстар (ГТҚ) бар, оның ішінде республикалық меншікте - 516 ГТҚ, коммуналдық
меншікте - 962 ГТҚ, жеке меншікте - 201 ГТҚ, иесіз - 26 ГТҚ. Барлық иесіз ғимараттар
бойынша жергілікті атқарушы органдар оларды мемлекеттік меншікке ауыстыру бойынша
жұмыстар жүргізуде.
Республикалық су шаруашылығы құрылыстарының баланс ұстаушысы «Қазсушар» РМК
болып табылады. «Қазсушар» РМК балансында 87 су қоймасы, 88 су торабы, 36 бөгет, 93 сорғы
станциясы, 24 бас құрылыс, 33 топтық су таратқыш, 4348 арна және басқа да су шаруашылығы
объектілері бар.
Сонымен қатар, су шаруашылығы құрылыстарының басым көпшілігі кеңес замамнында
құрылды және қазіргі уақытта олар физикалық және моральдық тұрғыдан да тозған.
Бөгеттердің тозуы орта есеппен 40% құрайды. Арналардың физикалық тозуы 60%-80%
құрайды, соның нәтижесінде олардың пайдалы әсер коэффициенті 0,45 – 0,62 дейін төмендеді.
Коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылданатын шаруашылықаралық және
шаруашылықішілік арналардың жай-күйі да ұзақ уақыт тиісті деңгейде пайдаланылмауына
байланысты қанағаттанарлық емес. Тік дренаж ұңғымалары 75%-ға дейін тозған.
ҚР ІІМ мәліметі бойынша, қауіпсіз режимде жұмыс істепуі үшін 1705 гидротехникалық
ғимараттың 436-сы жөндеуді талап етеді.
Осының нәтижесінде суды арналар арқылы жеткізу кезінде өнімсіз шығындар бар,
суармалы жерлерде агромелиоративтік іс-шаралардың тиімділігі төмендейді, сондай-ақ
бөгеттердің жарылу қаупі артады.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 41
авариялық су қоймасын қайта жаңарту көзделген, оның негізгі мақсаты су шаруашылығы
құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: