Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

* Теңіз суы есепке алынбайды . 
** Шахталық және коллекторлық-дренаждық су ескерілген. 
Дереккөз: https://stat.gov.kz 
Табиғи көздерден ең көп су алу Түркістан, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстарында 
байқалады.
2016 год
2017 год
2018 год
0
5000
10000
15000
20000
25000
мл
н м
³
1.1.1-сурет 2016-2018 жылдары жер үсті және жер асты көздерінен су алу
2019 жылы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне су тарту 15,8 км
3
құрады, оның 12,1 км
3
тұрақты суару қажеттіліктеріне пайдаланылды, ал қалған 3,7 км
3
көлбеу суару, шабындық және 
жайылымдарды суландыру қажеттіліктеріне пайдаланылды. Бұл ретте су жинаудың осы 
көлемінен бірінші кезекте суару жүйелерінің төмен техникалық жай-күйімен байланысты 
шығындар 2,6 км
3
құрайды. 
Ауыл шаруашылығын кепілдендірілген сумен қамтамасыз ету үшін су ресурстарын 
8
2018 ЖЫЛҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ 
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. ж. Нұр-Сұлтан. 2019 жыл 



үнемдеудің заманауи әдістерін енгізу, атап айтқанда, республикалық меншіктегі 35 
гидротехникалық құрылысты (ГТҚ) немесе ГТҚ жалпы санының 18%-ын қайта құру және 
жөндеу бойынша шаралар қабылдануда. 
Өнеркәсіптік сектордағы суды тұтыну 2019 жылы 5,7 км3 немесе жалпы судың 22,4% 
құрады. Қайтарымсыз тұтыну көлемі жылына 1,36 км
3
немесе жалпы бас тоғанның үштен бір 
бөлігін құрайды. Бас тоғанда ең үлкен үлес салмағын жылу энергетикасы, түсті металлургия, 
мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары алып жатыр. Сонымен қатар, көптеген салалар мен 
кәсіпорындар бойынша өнім бірлігіне таза су шығыны жоғары болып қалуда. Сондай-ақ, 
айналма (0,8 км
3
) және қайта сумен жабдықтауды (8,8 км
3
) пайдаланудың төмен деңгейі 
байқалады.
Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне жыл сайын жалпы су жинағыштың 4-6% 
пайдаланылады. Осы көлемнен қалаларда тұтыну – 55%, ауылдық елді мекендерде – 11%, ал 
тұтынушыларға суды тасымалдау және жеткізу кезіндегі шығындар барлық су тартқыштың 
17%-ға жуығын құрайды.
2019 жылы тұрмыстық және ауыз су қажеттіліктеріне су алу 0,9 км
3
құрады, тасымалдау 
кезіндегі ысыраптар 0,14 км
3
құрады.
Сумен жабдықтаудың коммуналдық жүйелеріндегі судың мол шығыны су құбыры 
жабдықтарының қатты тозуына, ауыз суды өңдеудің ескірген технологияларын қолдануға, 
үйлердегі санитарлық-техникалық құралдардың төмен деңгейіне, су шаруашылығы желілерінің 
жеткіліксіз дамымауына байланысты. Бұл ретте бір тұрғынға судың үлестік шығынының азаю 
үрдісі байқалады, бұл суды есепке алу бойынша пәтерлік есептеуіштерді енгізуге байланысты.
Жалпы республика бойынша соңғы 5 жылда су жинау нүктесінен тұтынушыларға 
берілгенге дейін тасымалдау кезінде су шығыны орташа 2,7 км
3
құрайды. Бұл ретте су 
шығынының 80% ауыл шаруашылығы тұтынушыларының, 5% жуығы - өнеркәсіп 
тұтынушыларының және 5% - коммуналдық шаруашылықтардың суды тұтынуына тиесілі. 
Қалған 10% - басқа қажеттіліктер кезіндегі технологиялық шығындар.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылы Қазақстан кәсіпорындарына 
желілерге 2359,8 млн. м³, ал 2019 жылы - 2339,9 млн. м
3
су берілді, су көлемінің төрттен бір 
бөлігінен астамы тазартқыш құрылғылардан өткізілді. Тұтынушыларға жіберілген судың көлемі 
1168,3 млн. м³ ( 2019 ж — 1160,9) құрады, оның ішінде халыққа – 44,2% (2019 ж - 46,2%) су 
берілді. Су таратқыштың жалпы ұзындығы 26,3 мың км (2019 — 27,2); көше су құбыры 
желілері - 40,7 мың км (2019 — 44,1); кварталішілік және аулаішілік құбырлар - 11,9 мың км 
(2019 - 12,6) құрады. 
Электр энергетикасы және өңдеуші кәсіпорын саласында қызмет ететін кәсіпорындар 
есебінен берілген барлық судың 41,2 % (2019—40,1%) кәсіпорын мұқтаждықтарына жұмсалды. 
Судың жылыстауы кезіндегі шығын 217,8 млн. м³ (2019 жылы—241 млн. м³) құрады. 
Халық санының ұлғаюымен және біртіндеп экономикалық өсумен суға деген қажеттілік те 
артады. 
Перспективада экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жер үсті өзен сулары есебінен 
84%–ға, қалған көлемі - жер асты және шахта-кеніш, теңіз, көл және сарқынды сулар есебінен 
жүзеге асырылатын болады
.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау кезінде суға ұсыныс пен сұранысты 
басқару мақсатында су пайдаланудың ұзақ мерзімді лимиттері белгіленген, олар республика 
бойынша тұтастай алғанда жыл сайын 28,3 км
3
құрайды. Су ресурстарын ықтимал 
пайдаланудың осы көлемдері су жүйелерінің тозуына жол бермеуді ескере отырып 
айқындалған.
Су үнемдеу шаралары ретінде су пайдалануды нормалау жөніндегі ережелер енгізілді. 
Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың ірілендірілген нормалары әзірленді, 
олар ел бөлінісінде су ресурстарын пайдалануды жоспарлау жөніндегі міндеттерді шешуге 
арналған. Су тұтынудың ірілендірілген нормалары негізінде су пайдаланушылар су тұтынудың 


10 
үлестік нормаларын әзірлейді, олардың негізінде оларға су ресурстарын пайдалануға рұқсат 
беріледі. 
Ластаушы заттардың берілген лимиттерінің (нормативтік төгінділерінің) көлемі 2019 
жылдың қорытындысында, ЭГТРМ деректері бойынша шығарындылар көлемі бойынша 
жоспарланған 2,8 млн. тонна кезінде 2,0 млн. тоннаны құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет