Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Су қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық



Pdf көрінісі
бет7/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Су қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары 
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 
Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 
келісіммен реттеледі (12.09.2001 ж., Астана қ.). 2015-2019 жж. кезеңінде 9 БЖТ отырысы 
өткізілді. 
Бірлескен комиссияның 15-ші отырысы кезінде (2017 жылғы 15 қараша, Пекин) Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сумбе 
өзеніндегі су-суды алудың Қазақстан-Қытай бірлескен құрылысын қайта құру туралы келісімге 
қол қойылды. 
Сүмбе өзеніндегі қазақстан-қытай бірлескен су тарту құрылысын қайта жаңарту 
жұмыстары 2018 жылы аяқталды.
2019 жылғы 17 сәуірде су тарту имаратының қазақстандық бөлігінің аумағында Сүмбе 
өзеніндегі қазақстан-қытай бірлескен су тарту имаратын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды 
аяқтау рәсімі өтті. 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай 
комиссиясының төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және трансшекаралық өзендердің 
ластануының алдын алу жөніндегі жұмыс тобының отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.
2019 жылғы 17-18 мамыр аралығында Пекин қаласында (ҚХР) қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының трансшекаралық 
10
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы. № 1 БЮЛЛЕТЕНЬ (84). 
Маусым 2020 


14 
өзендер суының сапасын мониторингтеу, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобының 8-ші 
отырысы өтті. Отырыс барысында тараптар жұмыс тобының 2019-2020 жылдарға арналған 
жұмыс жоспарын келісіп, бекітті, сондай-ақ отырыс хаттамасына қол қойды. 
2019 жылғы қарашада Нұр-Сұлтан қаласында комиссияның сегізінші отырысы өтті, оның 
барысында мынадай мәселелер қаралды: 
- трансшекаралық өзендердегі төтенше жағдайлар туралы ақпарат алмасу және байланыс 
арналарын тексеру бойынша оқу-жаттығулар өткізу
- трансшекаралық өзендерде төтенше экологиялық жағдай туындаған кезде өзара қолдау 
нысандары; 
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы 
облыстары арасындағы қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін төтенше жағдайлар 
туралы өзара хабардар етудің жұмыс тетігін қалыптастыру. 
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының трансшекаралық су объектілерін 
пайдалану және қорғау 2010 жылғы 7 қыркүйектегі «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп 
пайдалану және қорғау туралы» келісіммен (1992 жылғы 27 тамыздағы Келісімнің орнына) 
реттеледі. 
Келісімді іске асыру мақсатында Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану 
және қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясы құрылды. Оның шеңберінде Жайық, Ертіс, 
Есіл, Тобыл, Қиғаш, Үлкен (Қараөзен) және Кіші Өзен (Сарыөзен) өзендерінің трансшекаралық 
бассейндерінің су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі 6 жұмыс тобы құрылды. 
Комиссия отырыстары тараптардың аумақтарында кемінде 1 рет, ал жұмыс топтары жылына 2 
рет, кезекпен өткізіледі. 
2018 жылғы 15-16 қарашада Мәскеу қаласында (РФ) трансшекаралық Жайық өзені 
бассейнінің экожүйесін сақтау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші отырысы 
өтті. Бұл отырыс 2016 жылғы 5 қазанда Астанада өңіраралық және шекара маңы 
ынтымақтастығы форумы барысында қабылданған «Орал өзені бассейнінің экожүйесін сақтау 
туралы РФ мен ҚР арасындағы келісімді» жүзеге асыру аясында өтті. 
2019 жылғы 25-26 шілдеде Орал қаласында халықаралық тәжірибені зерделеу және Орал 
(Жайық) өзені бассейнінің экожүйесін сақтаудың бірлескен институционалдық және 
экономикалық тетігі бойынша ұсыныстар дайындау бойынша семинар өткізілді. 
Әмудария және Сырдария өзендері бассейнінің шектес мемлекеттерімен су қатынасы 
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан 
Республикасы және Түрікменстан арасындағы «Мемлекетаралық көздердің су ресурстарын 
пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы» 1992 жылғы 18 
ақпандағы келісіммен реттеледі. 
Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын реттеу бойынша өзара әрекеттестікті бассейн 
маңайындағы мемлекеттер МСҮК қызметі шеңберінде жүзеге асырады. Осы Келісімге сәйкес 
су қоймаларының жұмыс режимі, электр энергиясы ағындарының көлемі, энергия 
тасығыштарды жеткізу жыл сайынғы үкіметаралық хаттамалармен бекітіледі. 
2018 жылы 23 тамызда ХАҚҚ басқармасы ПБАМ-4 әзірлеу жөніндегі тұжырымдаманы 
мақұлдады, онда ПБАМ-3 төрт негізгі бағыты сақталды, атап айтқанда: су ресурстарын кешенді 
пайдалану; 
экологиялық; 
әлеуметтік-экономикалық; 
институционалдық-құқықтық 
механизмдерді жетілдіру. Для разработки ПБАМ-4 әзірлеу үшін министрліктер мен ведомство 
өкілдерінен, сондай-ақ ХТДК және МСҮК өкілдерінен Өңірлік жұмыс тобы құрылды. 2019 
жылғы желтоқсанға дейін өңірлік жұмыс тобының үш отырысы өткізілді (Ашхабадта 2018 
жылғы 16-17 мамыр, 2019 жылғы 30-31 шілде және 2019 жылғы 28 қараша). 
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қырғыз Республикасына 
мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары 
Мемлекетаралық Кеңесінің бесінші отырысының (2019 жылғы 27 қараша, Бішкек қ.) 
қорытындылары бойынша тараптарға Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық 
ресурстарын пайдалану және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 
су қатынастарының басқа да мәселелері бойынша екі жақты ынтымақтастықты тереңдету 
жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құру тапсырылды. 


15 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы су 
қатынастары 2000 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз 
Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық 
пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімнің негізінде 
реттеледі. 
Келісімге сәйкес Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су 
шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз 
Республикасының комиссиясы жұмыс істейді. 2006-2019 жылдар аралығында комиссияның 26 
отырысы өткізілді.
2016 жылы Қазақстан мен Өзбекстан мемлекет басшылары деңгейінде ынтымақтастық 
саясатын үйлестіру бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан 
Республикасы арасындағы су қатынастарының барлық бағыттары бойынша уағдаластықтарға 
қол жеткізілді. 2017 жылғы қыркүйекте Ташкент қаласында (Өзбекстан) Тараптар Қазақстан 
Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы су қатынастары саласындағы 
ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасына қол қойды. Сондай-ақ, 2017 жылы су 
қатынастарының барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдету бойынша 
ұсыныстар әзірлеу бойынша ҚР-ӨР бірлескен жұмыс тобының 2, 3 және 4-ші отырысы 
өткізілді.
2019 жылы жұмыс тобының 2 отырысы өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша 
тараптар бірлескен мониторинг үшін жер үсті сулары сапасының 28 көрсеткіштерінің тізбесін 
бекітті. 
2001 ж. бастап Қазақстан трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау 
және пайдалану жөніндегі ЕЭК Конвенциясының (Трансшекаралық су бойынша конвенция) 
қатысушысы болып табылады. Трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция Тараптары 
Кеңесінің жетінші сессиясында (Будапешт, Венгрия, 2015 жылғы қараша) Қазақстан 
қабылдаған міндеттемелерді іске асыру мақсатында 2018 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында 
трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция Тараптары кеңесінің кезекті сегізінші сессиясы 
өтті. Бұл іс-шара алғаш рет Азияда Африка өкілдерінің қатысуымен жаһандық деңгейде 
өткізілді.
Тараптар Кеңесінің регламентіне және оның сегізінші сессиясының шешіміне сәйкес 
трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция бюросына төрағалық ету Қазақстанға берілді және 
трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенцияның 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс 
бағдарламасы бекітілді.
Трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция бюросына төрағалық ету 
оның қағидаттарын жаһандық деңгейде ілгерілетуге, трансшекаралық сулар жөніндегі 
Конвенцияны жүзеге асырудың жаһандық стратегиясын орындауға және оның 2019 - 2021 
жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі бірқатар 
міндеттемелерді орындауды көздейді.
Төрағалықты жүзеге асыруға байланысты жоғарыда аталған міндеттерді назарға ала 
отырып, трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция бюросында Қазақстан Республикасының 
төрағалығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобы 
хатшылығының функциялары халықаралық суды бағалау орталығына (ХСБО) жүктелген. 
Жұмыс тобымен байланысты іс-шаралар тұрақты негізде ХСБО ресми веб-сайтында 
жарияланады.
2013 жылдан бастап Қазақстанда ЕО Су бастамасы шеңберінде су ресурстарын 
интеграцияланған басқару саласында ұлттық диалог іске асырылуда. Осы жұмыстың 
нәтижелеріне Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамаға елдің қосылуына дайындық, 
оның ішінде су және денсаулық бойынша мақсатты көрсеткіштерді әзірлеу жолымен, сондай-ақ 
Жайық және Қиғаш өзендері (Волга өзенінің ағысы) бойынша бірлескен Қазақстан-Ресей 
бағалауын жасау жатады.
2019 жылдың мамыр айында XII Астана экономикалық форумы алаңында Орталық 
Азияда су-энергетикалық консорциумын құру мәселесі бойынша "Су - Орталық Азиядағы 
экономикалық өсу және қауіпсіздік факторы ретінде" жоғары деңгейдегі панельдік сессиясы 
өткізілді.
2019 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында су мәселелеріне жауапты 


16 
мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес және халықаралық 
ұйымдардың өкілдері Қазақстанның трансшекаралық жер асты сулары саласындағы 
ынтымақтастығы, Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету және судың кездейсоқ ластануын болдырмау, сондай-ақ Орталық Азияда су-энергетикалық 
консорциумын құру мүмкіндігі мәселелері бойынша ССҰБ жөніндегі жұмыс тобының кеңесіне 
қатысты.
Қазақстанда ССҰБ бойынша үдерісті іске қосу сәтінен бастап Еуропалық Одақ 
қаржыландыратын БҰҰ ЕЭК қолдауымен ЕО\БҰҰДБ\ЕЭК БҰҰ "Жасыл экономикаға көшуде 
Қазақстанды қолдау" бірлескен жобасының кіші компоненті ретінде бірқатар жобалар сәтті 
жүзеге асырылды.
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі 
қоғамы (GIZ) ҚР-дағы ХАҚҚ Атқарушы Дирекциясының көмегімен Арал-Сырдария су 
шаруашылығы ауданының бассейндік кеңесінің отырыстарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі, 
Арал өңірінің шалғай ауылдық елді мекендерінің таза ауыз суға қолжетімділігін арттырады, 
халықтың осал топтарына мақсатты әлеуметтік-экономикалық көмек кзрсетеді. Бүгінгі таңда 
Арал-Сырдария су шаруашылығы аймағының бассейндік кеңесінің отырыстары Қазақстанның 
басқа бассейндік кеңестері үшін үлгі болды, сонымен қатар, Өзбекстанның су шаруашылығы 
өкілдері де осы тәжірибені қабылдауда.
2019 жылы GIZ «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару» жобасы 
аясында ҚР-дағы МФСА Атқарушы дирекциясымен, Балық шаруашылығы ҚазҒЗИ, 
«Қазгипроводхоз» ӨК және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, Солтүстік Арал 
теңізінің Көкарал бөгетінде балық қорғау құрылғысын жобалау бойынша ірі инвестициялық 
жоба жүзеге асырылуда.
Трансшекаралық сулар бойынша ынтымақтастықтың маңызды элементі трансшекаралық 
су ресурстарының саны мен сапасына бірлескен мониторинг жүргізу болып табылады. 
Қазгидромет трансшекаралық өзендерде гидрологиялық мониторинг жүргізеді: гидрологиялық 
бақылау Ресей Федерациясымен шекарадағы 21 бекетте, Қытай Халық Республикасымен 
шекарадағы 6 бекетте, Өзбекстанмен шекарадағы бір бекетте және Қырғызстанмен шекарадағы 
тоғыз бекетте жүргізіледі. Елдер арасында гидрологиялық деректермен алмасу 
ұйымдастырылған.
Дегенмен, Қазақстанның су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастығы 
трансшекаралық жерасты суларын қамтымайтынын атап өту қажет. Тағы бір ерекше мәселе - 
Ертіс өзенінің тұтас бассейні бойынша үшжақты ынтымақтастықтың болмауы. 
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияға (Тегеран 
конвенциясына), төрт халықаралық Хаттамаға қол қою барлық Каспий маңы мемлекеттерінің, 
оның ішінде Қазақстанның да маңызды ұлттық үлесі болып табылады.
- мұнаймен ластануға әкелетін оқыс оқиғалар жағдайына аймақтық дайындық, әрекет ету 
және ынтымақтастық туралы хаттама (Ақтау хаттамасы);
- Каспий теңізін жер үсті көздерінен ластанудан қорғау туралы хаттама (Мәскеу 
хаттамасы);
- Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтау туралы хаттама (Ашхабад хаттамасы);
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша хаттама (Мәскеу хаттамасы).
Ақтау хаттамасын Каспий маңы мемлекеттері ратификациялады және 2017 жылы күшіне 
енді.
Сондай-ақ, Қазақстан 2014 жылы қол қойған және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 
шілдедегі №533 қаулысымен бекітілген Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы 
ынтымақтастық туралы келісім бойынша жұмыс жүргізуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет