Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты энергиямен қамтамасыз ету Облыс бойынша электр беру желілерінің жалпы ұзындығы - 17371 км, оның ішінде:
"Энергожүйе" ЖШС РЭК-14798,52 км, "KEGOK" АҚ-439,4 км, "Батыс Транзит" АҚ - 440,2 км,
"МК КТЖ" - 1661,3 км, "ЖемМұнайЭнерго" ЖШС-31,7 км. Облыстың электр энергетикалық
кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы шамамен 61% немесе 10000 км құрайды.
Қазіргі
уақытта облыстың электр энергиясымен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ инвестиция көлемі 22,5 млрд. теңге болатын қуаты 160 МВт
газ турбиналы электр станциясын кеңейту объектісі пайдалануға берілді.
Индустриялық аймақта "Ақтөбемұнай-финанс" АҚ-ның қуаты 97 МВт газ-поршенді жылу
электр станциясының құрылысы бойынша жобасын іске асыру жоспарлануда.
Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру мақсатында, Ұлт Жоспарына сәйкес-100
нақты қадам, аудандар мен Ақтөбе қаласы бойынша иесіз энергия объектілеріне түгендеу
жүргізілді. Қазіргі уақытта анықталған иесіз энергия объектілері ары қарай "Энергожүйе" ЖШС
ӨЭК балансына беріле отырып, әділет органдарында есепке қойылды, бұл энергиямен
жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, электр энергиясын беруге арналған шығындарды
азайтуға және тұтынушылар үшін электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
2019 жылы электрмен жабдықтауды іске асыруға республикалық бюджеттен 2086295,0
мың теңге сомасында қаражат қарастырылды. Игеру 2086 94,178 мың теңгені немесе 99,9%
құрады. Жергілікті бюджеттен 44773,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Нәтижесінде
58,743 км электрмен жабдықтау объектілері салынды. Энергия объектілерінің тозуын
төмендету мақсатында 2019 жылы жөндеу қоры шеңберінде 646,4 км электр беру желілері мен
221 трансформаторға жөндеу жүргізілді. 2020 жылға қарай 4 ауыспалы нысан, 5 нысан
пайдалануға берілді. Өңір тұтынушыларын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету және
энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін 2019 жылы "2030 жылға дейінгі
перспективаға арналған Ақтөбе облысының 35-500 кВ электр желілерін дамыту жоспары"
әзірленді.