Жаңартылатын энергия көздері. Жел әлеуетін есептеу үшін Ақтөбе облысының жел
картасы жасалды. Мәртөк ауданында 3 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде-
"Желэнерго" ЖШС (450 кВт/сағ), оны іске қосу 2019 жылдың аяғына дейін жоспарланған.
2019 жылы Қарғалы ауданында "Arm Wind" компаниясы қуаттылығы 48 МВт жел электр
станциясын пайдалануға берді. 2019 - 2020 жылдары "Kimpersay Energy" ЖШС жобасын іске
асыру жоспарлануда (жылына 100-ден 300 МВт-қа дейін).
ENI және General Electric трансұлттық компанияларымен бірлесіп жел электр станциясын
орнату бойынша жобаны іске асыру бойынша жұмыс басталды.
"C2energy GMBH" (Германия) компаниясы өз қаражаты есебінен Алға қаласында қуаты 50
МВт күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр.
2019 жылы облыстың жылу желілерінің жалпы ұзындығы 522,3 км құрады (2017 жылы –
519,7 км), оның ішінде 148,3 км – тозығы жеткен (28,4%), 78 км — ауыстыруды қажет етеді
(14,9%). Жылу өндіруші кәсіпорындар 6725,7 мың Гкал жылу энергиясын (2017 жылы — 5592,1
мың Гкал), қажет болған жағдайда 2148,5 мың Гкал (2017 жылы – 2164,6 мың Гкал) өндіреді.
Желілердегі шығындар 2019 жылы 487,1 мың Гкал құрады. Облыста желілер мен жабдықтарды
жаңғырту есебінен Ақтөбе қ., Алға қ., Мұғалжар, Хромтау, Шалқар аудандарында жылумен
жабдықтау желілерінің тозуын төмендетуге қол жеткізілді. Сонымен қатар, осы аудандарда,
сондай-ақ Қарғалы аудандарында желілердің тозуы жоғары болып қалуда.
2020 жылдың басында облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы 6720 км құрады.
Облыстың 315 елді мекенінен 113 (35%) газдандырылды, онда 792 мыңнан астам адам немесе
облыс халқының 90,1% тұрады. Қазіргі уақытта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 11 жоба
іске асырылуда, оны 2020 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 6000
халқы бар 6 елді мекен газдандырылатын болады.
Сонымен қатар, облыста "Бұхара-Орал" МГҚ газ құбырының артық жүктелуіне, сондай-
ақ Жаңажол ГӨЗ "Жаңажол-Ақтөбе" МГҚ желілерінің тозуына және газға сұраныстың
болжамды өсуіне байланысты газ тапшылығы бар. Осыған байланысты, қазіргі уақытта әкімдік
Үкіметпен бірлесіп "Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында магистральды газ құбырының 3-ші
желісін салу" жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, "Ақтөбе
қаласында "Жаңажол-Ақтөбе" МГ 2-ші желісінің құрылысы" жобасын іске асыру
жоспарлануда. 2-ші желінің құрылысы 135 елді мекенде халқының саны 187 000 адамнан
асатын Мұғалжар, Байғанин, Темір, Ойыл, Алға аудандарын үздіксіз газбен жабдықтау үшін
жағдай жасайды.
2016 - 2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысының өңірлік Кешенді энергия үнемдеу жоспары құрылып, іске асырылуда.
Ақтөбе қаласында көшені жарықтандыруды басқару жүйесі енгізілді, 30,1 млн. теңгеге (32
бірлік) арнайы құрал-жабдықтар орнатылды. 150,6 млн. теңге сомасына көше жарығын
жаңғырту (ескі шамдарды ЛЭД – 850 данаға, ЖБ тірек металлға – 310 данаға, көше жарығының
желілері сымдарына - 20 км ауыстыру) жүргізілуде.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізілуде. ЕҚДБ-
мен бірлесіп облыс орталығының кәріз желілерін жаңарту жобасы жүзеге асырылуда.
Тұтынушыларға суды тұтыну мен жылуды есептеудің жеке және жалпы үйлік құралдарын
орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есептеуіштер бойынша орташа облыстық көрсеткіш
абоненттерді қамту 91% құрайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жылуға арналған
шығындар 45%-ға дейін, ыстық суға арналған шығындар 30%-ға дейін төмендеді, бұл халық
үшін төлемнің төмендеуіне оң әсерін тигізді.