176
2018 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға
қол жеткізу 98,5%–ды, ауылдық елді мекендерде – 54,6%–ды,
қалаларда ағынды суларды
тазартумен қамту-67,4%-ды, ауылдарда-6,6%-ды құрады.
2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша халықты орталық сумен қамтамасыз ету
94,6%-дан 95,2%-ға дейін өсті. 2019 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін
дамыту шеңберінде барлығы 7 жоба іске асырылды. 2020 жылы сумен жабдықтаудың 18
жобасын іске асыру жоспарланған, бұл халықты қамтуды 95,7%-ға дейін арттыруға мүмкіндік
береді.
Ақтөбе облысында су құбырларының жалпы ұзындығы 2017 жылы 3114,9 км және 2018
жылы 4763,8 км және 2019 жылы 5017,2 км
құрайды, оның ішінде 2017 жылы 1401,7 км
немесе 45% желілер және 2018 жылы 479,5 км немесе 10% ауыстыруды және 2019 жылы
411,6 немесе 8,2% жөндеуді қажет етті. Сумен жабдықтау желілерінің едәуір тозуы Ақтөбе
қалаларында,
Темір ауданында, Шалқар ауданында, Хромтау ауданында байқалды.
2019 жылы ауылдық елді мекендер бойынша сумен жабдықтаудың 12
жобасын іске
асыруға 1501,4 млн.теңге қарастырылды. Қалалық сумен жабдықтауды дамытуға
республикалық бюджеттен 2 жобаны іске асыруға 856,5 млн.теңге қарастырылған.
Көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде мынадай
көрсеткіштерде көрсетілген
экономикалық тиімділікке қол жеткізілетін болады: АЕМ-де сумен жабдықтауға қол жеткізу
көрсеткіші 2020 жылы 100%-ға жетеді, су құбыры желілерінің тозуы 12%-ға төмендейді (45%-
дан 33%-ға). Сумен жабдықтау жобаларын іске асыру үшін
бюджет қаражатынан басқа
халықаралық қаржы ұйымдарының инвестициялары пайдаланылатын болады.
2017 жылы "Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту"
жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Жобаның болжамды құны шамамен
16,9 млрд. теңгені құрайды.
Нәтижесінде 2018 жылы облыстағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 936,9 км-ге жетті,
2019 жылы 389,8, оның ішінде 41,5 км 2018 жылы және 47 км 2019 жылы ауыстыруды қажет
етті, 2018 жылы 31,8 км және 2019 жылы 7,4 км-ге ауыстырылды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда – 98,5%, ауылдарда – 56,5%, қалаларда –
67,4%, ауылдарда – 6,6% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: