74
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
немесе бірнеше сөйлемге ауыстыру, г) нақты-
лау т.б. [2, 123]. Бұндай типология кез-келген
классификацияға қажет нақты ортақ логикалық
негіз қарастырылмағандықтан да шашыраңқы
көрінеді.
Аударма трансформациясының типология-
сын құрудың басқа да жолдары бар. Мəселен,
В.Н. Комиссаров «өзгеру сипатына қарай
аударма трансформациясы лексикалық, грам-
матикалық жəне лексика-грамматикалық деп
бөлінеді деп жорамалдайды» [3, 375], яғни,
тілдік жүйенің деңгейлерінің ажыратылуы негіз
ретінде қабылданады.
Лексикалық трансфор-
мация «түпнұсқа мен аудармадағы сөздер мен
сөз тіркестерінің арасындағы формалық жəне
мазмұндық қатынастарды сипаттайды». Комис-
саров лексикалық трансформациялар тобын өз
ішінен формалық өзгертулер мен лексика-
семантикалық ауыстырулар деп бөле отырып,
трансформация/транслитерация жəне калька-
лаудың біріншісіне жататынын жазады. Ал,
лексика-семантикалық ауыстыруларға нақты-
лау, жалпылау жəне модуляция (мағыналық
даму) жатады. Зерттеуші сөзбе-сөз аударма,
сөйлемнің бөлшектенуі, сөйлемдердің бірігуін
жəне грамматикалық ауыстыруларды грам-
матикалық трансформацияның
жиі кездесетін
түрі ретінде қарастырады. Зерттеуші лексикасы
да, түпнұсқаның синтаксистік құрылымдары да
өзгеретін аударма трансформациясын ерекше
топ деп атайды. Лексика-грамматикалық транс-
формацияның кең тараған түрлеріне антони-
миялық аударма, сипаттама аударма жəне
компенсация тəсілдерін кіргізеді.
Аударматанушы Я.И. Рецкер барлық транс-
формациялар тппологиясын тілдік жүйелер
деңгейіне негіздей отырып, лексикалық жəне
грамматикалық деп бөледі. Ол лексикалық
трансформацияны контекстегі бөтен тілдегі
сөздің мағынасын ашатын логикалық ойлауд-
ың тəсілдері деп анықтады. Я.И. Рецкер лекси-
калық трансформациялардың ішінен жеті ерек-
шелікті көрсетеді:
1. мағыналардың дифференциациясы;
2. мағыналардың конкретизациясы;
3. мағына генерализациясы;
4. мағыналық даму;
5.
антонимдік аударма;
6. толығымен өзгерту;
7. аудармадағы компенсация.
Зерттеуші: «Грамматикалық трансформа-
циялар АТ нормаларына сəйкес аударма үде-
рісіндегі сөйлемнің құрылымының өзгеруі бо-
лып табылады. Трансформация сөйлем құры-
лымы толығымен немесе жартылай өзгеруіне
байланысты толық немесе жартылай болуы
мүмкін. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері алмас-
тырылса, толық трансформация, ал тек тұрлау-
сыз мүшелері алмастырылса – жартылай бо-
лады. Сөйлем мүшелерінен басқа, сөз таптары
да ауыстырыла алады», – деп қорытынды-
лайды [4, 39].
А.Д.Швейцер аударма ғылымы туралы ал-
ғашқы терминдер тізімін жасай отырып, аудар-
ма əдістері мен трансформация тəсілдерін ажы-
ратады. Оның концепциясында аударма əдіс-
тері аударма тəжірибесіне жатады, ал əдістер-
дің негізін құрайтын трансформация көбіне ау-
дарманың теоретикалық
моделінің элементтері
болып табылады. Ол трансформацияны семан-
тикалық жəне синтаксистік (грамматикалық)
деп бөледі. Семантикалық трансформация-
ларды ол «ситуативті модельмен сипатталатын
жеке сөздер мен айтылымдардың мағыналық
құрылымының жалпы өзгертілуі» деп, ал син-
таксистіктерді «айтылымның грамматикалық
құрылымының өзгертілуі» деп анықтайды [5,
274]. А.Д. Швейцер семантикалық трансформа-
цияларға:
векторлық алмастыру;
семантикалық компоненттерді қосу;
семантикалық категорияларды алмастыру;
семантикалық компоненттерді түсіру;
тасымал;
семантикалық компоненттерді бөлу;
семантикалық компоненттердің қайта-
лануы;
кеңейту;
жылжыту;
семантикалық компоненттерді қысқарту;
тарылту – т.б. жатқызады.
Оның теориясында синтаксистік трансфор-
мациялар айтарлықтай орын алмайды. Ал, ан-
тонимдік аударма, жалпылау,
нақтылауды
А.Д. Швейцер аударма əдістері деп көрсетеді.
Ал ғалымдар Ж.П.Вине мен Ж.Дарбельне
ең алдымен аударманың тікелей жəне жанама
деп аталатын екі бағытын ерекшелеп айтады.
Тікелей аудармаға олар
кірме (транскрипция
немесе транслитерация секілді),
калькалау, сөз-
Достарыңызбен бөлісу: