Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет63/193
Дата10.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#42207
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   193
Калькалау - бұл оның құрама бөліктері – 
АТ морфемасы мен сөздердің лексикалық сəй-
кестіктерінің ауысуы арқылы жасалатын түп-
нұсқаның лексикалық бірліктерінің аудармасы. 
Калькалаудың маңызы бастапқы лексикалық 
бірліктің құрылымын көшіретін АТ жаңа сөздің 
немесе тұрақты тіркестің құрылуына негізде-
луінде жатыр. Мысалы, аудармашы superpower 
- «мықты мемлекет», mass calture – «көп мəде-
ниет», land-based missile – жерасты базалауы-
ның зымыраны, Rapid Deployment Force – тез 
жайылу күші деп аудара отырып, дəл осындай 
əрекет жасайды. Аударма үдерісінде транс-
крипция мен калькалаудың бір мезгілде қолда-
нылатын тұстары да бар: transnational – транс-
ұлттық, petrodollar – мұнайдоллар жəне т.б. 
Нақтылау сөздің немесе БТ тіркесінің кең 
заттық-логикалық мағынасынан АТ сөзі мен 
тіркесіне барынша тар мағынада ауысуы. Нақ-
тылаудың қолданылуы АТ кең мағынадағы сөз-
дің болмауына байланысты. Нақтылаусыз орын-
дала беретін дифференциациялаудан мағынаны 
нақтылаудың айырмашылығы – ол дифферен-
циациясыз жүзеге аспайды. Ағылшын мен фран-
цуз тілдерінің лексикалық бірліктерінің сəйкес-
тігіне қарағанда, нақтылау орыс тілінің лекси-
касына тəн қасиет. Оны лингвистер де атап көр-
сетеді. Мəселен, ағылшынның «meal» сөзі түрлі 
сөйлеу стильдерінде қолданылады. Meal сөзінің 
баламасы: принятие пищи, еда. Бірақ Have you 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 
Аударма үдерісіндегі трансформалау типтері 


76 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
had your meal? тіркесін аудару кезінде бұл 
баламаларды мүлде пайдалануға болмайды. 
Тəулік уақыттарына байланысты былайша ай-
туға тура келеді: Вы уже позавтракали? 
Пообедали? немесе Поужинали? Сондықтан
ережеге сəйкес, «meal» сөзін аудармада «таңғы 
ас, түскі ас, кешкі ас» т.б. тіркестерімен ауыс-
тыру біршама нақты: 
At seven o’clock an excellent meal was served 
in the dining-room. 
Асханада сағат жетіде өте жақсы түскі ас 
берілді. 
Егер тіркес ағылшын романынде не əңгіме-
сінде кездессе, онда нақты жағдайды (ең алды-
мен əлеуметтік) білу қажет болады, себебі ау-
қатты буржуазиялық отбасынан шыққан ағыл-
шындық үшін түскі ас уақыты жұмысшы отба-
сының кешкі ас уақытымен сəйкес келеді. 
Нақтылау ағылшынның to say мен to tell 
«сөйлеу» етістіктерінде кең таралған, олар орыс 
тіліне тек «сөйлеу» немесе «айту» деп аудары-
лып қана қоймайды, «тіс жару, қайталау, ес-
керу, мақұлдау, хабарлау, сұрау, қарсы шығу, 
бұйыру» жəне т.б. баламаларын қолдануға бо-
лады. 
“So what?” I said. 
- Сонымен не? – сұрадым мен. 
He told me I should always obey my father. 
Ол маған əкемді əрқашан тыңда деп кеңес 
берді т.б.
Генерализация (мағынаны жалпылау) бір-
шама тар мағынасы бар БТ бірліктерінің кең 
мағынадағы АТ бірліктеріне ауысуы, яғни өзге-
руі. 
Мағынаны жалпылау тəсілі дифференциа-
циялау мен нақтылау тəсілдеріне қарама-қарсы 
болып табылады, себебі ол жекені жалпыға, 
түрлік ұғымды топтыққа алмастырады. Ағыл-
шын не француз тілінен орыс тіліне аудару 
кезінде бұл əдіс дифференциациялау мен нақ-
тылауға қарағанда сирек қолданылады. Бұл 
ағылшын мен француз лексикасының ерешелік-
теріне байланысты. Осы екі тілдің сөздері сол 
мағынаға қатысты орыс сөздеріне қарағанда 
абстарктылы сипатқа ие болады. Мəселен, 
орыстың көркем шығармаларында кейіпкерлер-
дің бойы мен салмағы (егер бұл спорттық түсі-
нікке байланысты болмаса) мұқият дəлдікпен 
көрсетілмейді. Ал ағылшын түпнұсқасындағы a 
young man of 6 feet 2 inches орыс тіліне «ұзын 
бойлы жас жігіт» деп тəржімаланады. Генера-
лизация əдісі АТ бірліктері бойынша жүйелі 
сəйкестіктер де құруы мүмкін: foot – аяқ, wrist 
watch – қол сағаты жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет