құралдарын таңдауды, мұғалімнің ата-аналармен ынтымақтастық түрін және
бақылау кезеңінің ұзақтығын анықтауды жүзеге асырады. Заңға сәйкес
тексерудің ұзақтық мезімі 3 ай, одан кейін оқыту бағдарламасының түрі
анықталады.
Оқушының даму бұзылыстарының күрделілігіне қарай мектеп білім беру
интеграциясының әр түрлі үлгілерін: толық немесе жартылай (Даму мәселелері
бар оқушыларға бастауыш білім беру туралы қаулысы, 1991 ж.) ұсынады.
Нормативтік құжаттарда міндетті білім берудегі басымдылық толық
интеграциялауға берілуге тиістілігі аталып көрсетілген.
Толық интеграциялау үлгісінде ерекше қажеттіліктері бар балалар әдеттегі
сыныптарға қосылады. Әдеттегі сынып оқушыларының саны 25 адамнан
аспаған жағдайда, сыныпқа мүмкіндігі шектеулі оқушылардың үшеуін ғана
қосуға рұқсат етіледі. Интеграциялаудың аталған үлгісіндегі ерекше
қажеттіліктері бар балалар жалпы немесе бейімделген бағдарламалар бойынша
оқытылады. Бейімделген бағдарлама оқушының даму мен шектелу
ерекшеліктерін есеп ала отырып, жалпы білім беру жоспарының негізінде
құрылады. Ол көлемі ықшамдалған, аса күрделі емес оқу материалдарын
қамтиды, сондай-ақ оқытудың сәйкес келетін бейімделген әдіс-тәсілдерін,
16
құралдарын қолдануды білдіреді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар
о қушыларға арналған жеке оқу жоспарын мұғалім арнайы білім беру
м ұғалімімен бірлесе отырып құрайды. Дефектолог мамандардың қосымша
к өмегі жеке тәсіл немесе арнайы білім беру жұмысымен, сондай-а қ оқушыны
о ңалту бойынша (арнайы түзете дамыту саба қтары) арнайы сабақтар процесінде
ж үзеге асырылатын білім берудің толық интеграциясын қолдауға мүмкіндік
береді.
Заңға сәйкес Хорватияда оқушылар көлікпен тасымалдаумен және
оқушылардың жағдайына сәйкес көмекші қызметкердің бөлінуімен қамтамасыз
етіледі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға оның дамуындағы
ауытқушылықтардың зардабын төмендетуге арналған қосымша білім беру
және\немесе оңалту жұмыстарын қамтитын арнайы көмек ұсынылады [5].
Украина мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту
курсының мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі анықталған арнайы оқу
жоспарымен жүзеге асырылады. Оқу жоспарының инварианттық бөлігінде
білім беру және түзету блоктары ерекшеленген, ал вариативтік бөлігінде
оқушылардың танымдық қажеттіліктерін есепке ала отырып, дайындауды
жүзеге асыратын, қандай да бір мекеме қызметінің ерекшелігі көрініс табады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сабақтар, жеке және шағын топтық
түзету сабақтары, таңдау бойынша сабақтар жүргізіледі. Мектептерде
мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек
көрсету үшін барлық жағдайлар құрылады.
Украиндық инклюзивті оқытатын мектептерде мұғалім ассистенті - жаңа
лауазымы енгізілді. Бұл мамандар ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларға оқу бағдарламасын меңгеруде көмек көрсетуі қажет.
Үкімет отырысында жалпы білім беретін оқу орындарында инклюзивті
және кіріктіре оқытуды енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау
мақсатында сәйкес қаулы қабылдады.
Қаулыда атап көрсетілгендей, мұғалім ассистенті лауазымына инклюзия
жағдайында жұмыс істеу бойынша қайта даярлау курсынан өткен педагог
тағайындалуы мүмкін. Жалпы білім беретін оқу орындарында инклюзивті
оқытудағы мұғалім ассистентінің негізгі міндеттері оқыту мазмұны мен
әдістерін ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың мүмкіндігі мен
қажеттіліктеріне сай бейімдеу, сабақ барысында оқу материалын меңгеруге
бағытталған түзету шараларын қолдану болып табылады.
Сонымен қатар, қаулыда инклюзивті оқытатын ұйымдарда (соның ішінде,
жалпы білім беретін оқу орындарында; бұдан әрі - ЖББОО) мұғалім ассистенті
ретінде жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлердің дене және/немесе
ақыл-ой дамуын түзетуді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін педагогтер
үшін қарастырылған конституциялық құқықтары мен мемлекеттік
кепілділіктері қамтамасыз етілген [9].
17
Алғашқы кезде Украина министрліктер кабинетінің (бұдан әрі - УМК)
15.08.2011 жылғы №872 қаулысымен бекітілген ЖББОО инклюзивті оқытуды
ұйымдастыру ережесі қабылданды. Бұл құжатта белгіленгені:
•
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға тұлғалық бағытталған
оқыту әдістерін қолдана отырып және мұндай балалалардың оқу-танымдық
әрекетінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып инклюзивті оқытатын (дене
және психикалық дамуында кемістігі бар балалар, оның ішінде мүгедек балалар
үшін) сыныптарда білім беру қызметі көрсетіледі;
•
оқу-тәрбие процесінің тұлғаға бағыттылығын мұғалім ассистенті
қамтамасыз етеді. Бұл лауазымды ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар
оқитын бір сыныпқа 0,5 жүктеме есебімен енгізу Білім министрлігінің
06.1
2.2010 жылғы № 1205 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін оқу
орындарындағы үлгілік штаттық нормативтерімен қарастырылған.
Алайда, мұғалім ассистентінің мәртебесін анықтау, оның еңбекақысын
төлеу және қызметіне байланысты басқа да сұрақтар тез шешілген жоқ.
Ең алдымен заң шығарушылар «УМК-нің 1997 жылғы 14 сәуірдегі №346
және 2000 жылғы 14 маусымдағы № 963 қаулыларға өзгерістер енгізу туралы»
УМК қаулысын қабылдады. Жалпы білім беретін оқу орындарында инклюзивті
және кіріктіре оқыту бойынша мұғалім ассистентінің лауазымы:
•
14 маусымдағы № 963 УМК қаулысымен бекітілген педагогикалық
және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер лауазымы тізіміне енгізілді. Осыған
орай, мұғалім ассистенті педагогикалық қызметкер мәртебесін алды;
•
1997 жылғы 14 сәуірдегі №346 УМК қаулысымен бекітілген оқу
орындары мен білім беру ұйымдары, басқа мекемелердің оқу (педагогикалық)
бөлімдерінің басшы қызметкерлері, педагогикалық, ғылыми-педагогикалық
қызметкерлер мен ғылыми қызметкерлерге жыл сайынғы ұзақтығы 56 күнге
дейінгі негізгі еңбек демалысын беру ережесі қосымшаның III бөліміне
енгізілді. Мұғалім ассистентінің жыл сайынғы негізгі еңбек демалысының
ұзақтығы 56 күнді құрайтыны белгіленді [10].
Заңның қабылдануымен білім беру саласында маңызды өзгерістер
басталды. Оның ішінде, педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, балаларға
түзету көмегін беретін инклюзивті-ресурстық орталықтардың ашылуы.
Қазіргі таңда Англияда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар
жалпы білім беретін мектептерде, ресурстық қамтамасыз етілген жалпы білім
беретін мектептерде, жалпы білім беретін мектептердің арнайы (түзету)
сыныптарында, мемлекеттік және жеке (көбінесе, шіркеу жанында
ұйымдастырылатын) арнайы мектептерде оқиды.
1996 жылғы Білім туралы заң алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктер
анықтамасын айқындады. Бұл анықтама кейіннен білім министрлігімен
қабылданып, Кодекске енгізілді:
Баланың оқудағы қиындықтары арнайы қолдауды талап ететін болса,
онда оның ерекше білім беруге қажеттілігі бар дегенді білдіреді.
Баланың оқуда қиындықтары бар, егер:
18
а) оның жасындағы балалардың көпшілігіне қарағанда білім мен
іскерліктерді меңгеруде едәуір күрделі қиындықтары болса;
в) оның мүмкіндігі шектеулі, сондықтан мекен-жайы бойынша баратын
мектептегі оның жасындағы балаларға арналған әдеттегі оқыту құралдары оның
қолдануына келмейді немесе кедергі кетіретін болса;
с) ол 5 жасқа жетпеген, егер білім алу үшін оны арнайы қолдаумен
қамтамасыз етпесе, 5 жасқа қарай ол «а» немесе «в» санатына түседі [11].
Инклюзивті білім беру саласындағы британдық Орталық жүргізген
зерттеулер (New segregation statistics 2005) бойынша үкіметтік ақпаратқа сәйкес
2004 жылы Англияның әр түрлі аудандарындағы жалпы мектептерге енгізілген
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың санындағы пайыздық
көрсеткіштер айырмашылығы 24 есе болған [12]. Арнайы мектептер мен басқа
да бөлектеу мекемелерге баратын, Қорытындысы бар оқушылар пайызы ең
жоғары аудан South Tyneside, ал ең төмен көрсеткіш Newham (Лондонның
шығыс бөлігі) ауданында анықталған.
Егер мектепте балада үлгеріміне немесе тәртібіне байланысты
қиындықтар пайда болып, мектеп қызметкерлері оны ерекше білім беруге
қажеттіліктің көрінісі ретінде бағаласа, Кодексте белгіленген процес басталады.
Бұл ерекше білім беруге қажеттілігін анықтау және бағалауды жүргізіп, соған
сәйкес әрекет ету процесі.
Оқушыға қосымша көмектің базалық деңгейі «Мектеп әрекеті» деп
аталады. Бұл деңгейде мұғалім немесе ЕБҚ бар балаларды қолдау бойынша
үйлестіруші қосымша көмекті немесе жалпы мектеп бағдарламасынан
ерекшеленетін көмекті қажет ететін баланы анықтайды. Ата-аналар бұл туралы
хабардар болуы тиіс және оларға кеңес беріледі. Бұл жағдайда әрбір балаға
Жеке оқыту бағдарламасы (ЖОБ) әзірленеді. Онда мақсаттар, педагогикалық
стратегиялар, ұсынылатын көмек, берілген көмектің тиімділігін бағалау
критерийлері жазылады. ЖОБ кем дегенде жылына екі рет қайта қаралып,
осыған байланысты ата-анаға кеңес берілуі керек. Дегенмен, бұл міндетті құжат
емес, бірақ мектеп қызметкері белгілі бір баланың ерекше қажеттіліктерін
қанағаттандыру бойынша өз әрекеттерін тіркеп отыруға міндетті. Кейде ол
сабақ жоспарын әзірлеуде жүзеге асырылады.
Егер қолдаудың бұл деңгейі толыққанды нәтиже бермесе, мектеп сырттан
дефектолог, логопед немесе басқа мамандарды шақыруды қарастыра алады.
Қолдаудың бұл деңгейі «Плюс мектеп әрекеті» деп аталады .
Егер баланың үлгерімін бақылау осы екі деңгейде мектеп әрекеттерін
қанағаттандыра алмайтын болса, онда мектеп жергілікті білім беру органынан
нәтижесінде жоғарыда аталған «Ерекше білім беруге қажеттіліктері туралы
қорытынды» ресми құжаты әзірленетін стандартталған тексеру жүргізуге
сұраныс жасай алады.
Тексеру бала оқу орнына қабылданғаннан соң тек мектеп сұранысы
бойынша ғана емес, баланың ерте даму кезеңдерінде ерекшеліктері айқын
көрінетін болса, одан ертерек жүргізілуі мүмкін.
19
Мектеп пен бала бақшалар, әсіресе, жалпы білім беретін мектептер бала
қабылданған сәтте ол туралы ақпараттың ерекше қажеттілігін сезінеді. Келіссөз
жүргізу процесін, апелляция беру (қажет болғанда) және басқаны қамтитын
тексеру рәсімінің басынан соңына дейінгі ұзақтығы 26 апта болатындығын
есепке ала отырып, бала білім беру ұйымына барудан бір жыл бұрын тексеруді
бастау ұсынылады.
Жергілікті білім беру органы балада ерекше білім беруге қажеттілігі бар
екендігі туралы денсаулық сақтау органдары арқылы біліп, тексеру жүргізу
жоспары жөнінде отбасына хабарлай алады. Тексеруді жүргізу туралы өтінішін
ата-аналар да бере алады. Толық диагностика білім беру органының базасында
құрамына денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау органының өкілдері кіретін
мамандардың мультипәндік тобымен жүзеге асырылады. Тексеру нәтижесінде
Ерекше білім беруге қажеттіліктері туралы қорытынды жасалуы мүмкін.
Молдова республикасында инклюзивті білім беруді ң нормативтік базасы
Keystone Moldovaмен әзірленген Мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті
білім беру әдіснамасына сәйкес дамыған.
Keystone Moldova әдіснамасы инклюзивті білім беруді енгізудің келесі
кезе ңдерін ұсынады:
- ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды жіктеу;
- мектепішілік к өп бейінді комиссия құру және жанұялық білім беру
ортасын ба ғалау, бастапқы бағалау және кешенді бағалау, ЖДБ әзірлеу;
- инклюзия процесінде балалар мен жан ұяларға көмек көрсету;
- инклюзиялы қ ортаны әрбір мектептен педагогикалық кадрларды,
к өмекші педагогтарды, көп бейінді комиссияның мүшелері мен орталықтарды ң
Достарыңызбен бөлісу: |