Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет4/69
Дата11.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#42397
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Нейронның құрылысы. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. 
Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ 
өсінділерін -дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон (нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын 
миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық 
жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке 
ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр 
изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - 
байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс 
екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің 
пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс 
түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық 
заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. 
Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол – 
клеткааралық сұйыққа толы кеңістік. 
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. 
Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші. 
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған 
нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады. 
Жүйкелер мен жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының 
өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және 
миелинсіз. 
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке 
талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы 
жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де 
байланысты. Жүйке талшықтарын диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет