Әлеуметтану дифф зачет


 Əлеуметтану пəнінің негізгі құрылымы жəне қызметтері



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау

3. Əлеуметтану пəнінің негізгі құрылымы жəне қызметтері.
Əлеуметтік құрылым- белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым –
қатынастарды қайталанып келіп отыратын үлгiлерi . Ол тек мінез - құлық
сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес , білім алуды неке құруды қалай


ұйымдастыру керектігі сияқты кеңiрек контекстегі проблемаларды да
қамтиды .
Əлеуметтанудың 3 қызметі бар олар:
Танымдық қызметі
Əлеуметтік кұбылыстарды зерттеу .
Əлеуметтік құбылыстардың мəні мен мазмұнын ғылыми тұжырымдау
Басқа құбылыстармен байланысын зерттеу .
Əлеуметтік кұбылыстардын заңдылықтарымен сипатын қарастыру
Əлеуметтік процесстердiн негiзiнде коғамдык өмiрдiң дамуы турасында
ғылыми болжамдар жасау.
Практикалық қызметі
Əлеуметтік құбылыстарды теоретикалық жəне эмпирикалық талдау
негізінде практикалық ұсыныстар енгізіледі.Бұл ұсыныстар əлеуметтік
басқару механизмдерін тиімді түрде жұмыс жасауына көмек береді.
Басқару құрылымының қызметін əлеуметтану қамтамасыз етеді .
Экономиканың ұлттық қатынастардың,саяси жүйесінің дамуына
басқару құрылымы əсер етеді.
Идеологиялық қызметі
Əлеуметтану белгілі-бір дəрежеде əлеуметтік топтардың,саяси
партиялардың қызығушылығын білдіреді.
Əлеуметтанушының ғылыми нəтижелері оның қоғамда алатын əлеуметтік
статусына тəуелді
4. Əлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
Əлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нəрсе – ол
қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып,
тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына əрбір нақтылы
қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан
əлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың əдістемесі мен
теориясы ретінде саналады. Əлеуметтанудың басқа ғылымдар мен
байланысының екінші түрі- ол адам туралы, оның іс-əрекетін қызметін оқып
үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің əдістері мен техникасын


тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық жəне гуманисттік
ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Əлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол
нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми
арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық
ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен
процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нəтижесінде əлеуметтік
экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу
жүргізудің нəтижесінде- құқықтық əлеуметтану; саяси теориямен бірге
отырып, саяси əлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық
əлеуметтану, тəрбие əлеуметтануы; əдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен
біріге отырып, əдебиет əлеуметтануы, тіл əлеуметтану, көркемөнер
əлеуметтануы, т.б. əлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет