5. Əлеуметтік институттар мен процестер.
Қоғамдық құрылым -əлеуметтік қарым-қатынастардың қайталанатын
заңдылықтары.Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық қарым қатынасты
табуға болады. Бейсбол ойындары, достық байланыстар, отбасылар мен ірі
корпорациялар - бұлардың барлығы күнделікті қайталанатын қарым-қатынас
заңдылықтары. Бұл заңдылықтардың кейбірі ресми ережемен, яғни
заңдармен орнықтырылса, көпшілігі əдет-ғұрыптардың күшімен орындалады.
Əлеуметтік институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты
жəне күрделі əлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі - бірнеше
буынның өмірін қамтиды, əрі қүндылықтардың, нормалар мен мəртебелердің
жəне рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды жəне адамның негізгі
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мəселен, отбасы институтының өзіне тəн
тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді табу жəне бала тəрбиелеу.
«Ұғымдардың қорытындысы : институттарр рөлдер жəне мəртебелер»
кестесінде денсаулық сақтау саласының мысалында негізгі əлеуметтік
үғымдардың өзара қалай байланысатыны дəлелденеді.
Адамзат қоғамдары əркелкі болғанымен, олардың əрқайсысының
міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан əр қоғамда бірдей типтегі институттар
бар. Негізгі əлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын отбасы
институты.
• Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика институты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, əрі оны қорғап отыратын үкімет
институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз жəне жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқаратын дін
институты.
6. Қоғам əлеуметтік жүйе ретінде.
Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам
– биоəлеуметтік жан.
Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам
дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар
адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы
емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты жəне жеткілікті
дəрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір
аумақпен жəне мəдениетпен біріккен адамдардың тобы.
Əлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:
1.ӛмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;
2. өзара байланысы тұрақты жəне біртұтас адамдар жиынтығының болуы;
3. ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі, ӛзін-ӛзі басқарып отыруы, ӛзін-ӛзі ӛсіріп отыруы
жəне тб.
4. əлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен
əдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мəдени дəрежесінің болуы.
Жалпы əлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай
анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда –
адамдардың ӛздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы ӛзара
байланыстары мен ӛзара əрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи
бірлестігі. Яғни, ол ӛзін-ӛзі реттеумен, ӛзін-ӛзі дамытумен, ӛзін-ӛзі
толықтырумен жəне ӛндірумен сипатталатын, мəдени деңгейі жоғары
бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, əлеуметтік-мəдени
жəне басқа да ерекшеліктерімен кӛрінетін нақты қоғам түсіндіріледі.
Əлеуметтану ғылымында қоғам əлеуметтік құрылым, адамдардың ӛзара
əрекет ететін кеңістігі болып табылады.
Қоғам адамдардың ӛзара əрекетінің жемісі екендігін ӛткен заманның
əлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы əлеуметтанушылар да мойындайды.
Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше
анықтайды. Мəселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді:
«Қоғам – бұл ӛзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық
элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын,
бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен
қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан
дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Макс
Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пəннің оқу-əдістемелік
кешені 23 бет Барлығы 164
ЯкорьВебер: «Қоғам – бұл əлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған
əрекеттердің ӛнімі болып табылатын, адамдардың ӛзара əрекеті». Толкотт
Парсонс: «Қоғам – бұл əлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған
ортаға қатысты алғанда ӛзін-ӛзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол
жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бəрін жинақтай келе
мынандай қорытынды жасауға болады:
Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша
байланыстыратын ӛзара əрекеттер жүйесі.
Тұрақты əлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы ӛзара
əркеттердің жүйесі.
Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы
əлеуметтік байланыстар, əлеуметтік институттар мен ұйымдар, əлеуметтік
топтар мен қауымдастықтар, əлеуметтік нормалар жəне əдет-ғұрыптар.
Əлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын
ашып кӛрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын
жасау болып табылады.
Сонымен əлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз
байланысқан жəне ӛзара əрекеттегі жəне əлеуметтік тұтастықты құрайтын,
үлкен реттілікпен жинақталған əлеуметтік құбылыстар мен процестер
түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы
кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бəрін қарастыруға біздің
мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу
теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория жəне
т.б
Достарыңызбен бөлісу: |