Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет65/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Байланысты:
KAO-3-2020

ӘӨЖ81′23 
 
МӘТІН: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТ 
 
Х.А. ОРДАБЕКОВА 
филология ғылымдарының кандидаты, 
қауымдастырылған профессор, 
педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультеті 
Сулейман Демирел атындағы университет 
К. Қ. КҮРКЕБАЕВ 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
филология және әлем тілдері факультеті 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
Аннотация
Мақалада мәтіннің лингвистикалық және психолингвистикалық 
сипатын қарастыра келіп, күрделі семантикалық түзілім ретінде 
мәтіннің бүтіндігі, тұтастығы, эмотивтілігі, преценденттік сипаты
бейвербалдылығы сынды белгілеріне теориялық және практикалық 
тұрғыдан талдау жасалады. Нәтижесінде сөйлесімнің белгілі бір 
мақсатқа бағытталғаны және прагматикалық қасиеті мәтіннің 
толыққандылығын, 
бүтіндігін 
және 
өзара 
тұтастығын 
айқындайтындығы дәйектеледі. Сондай-ақ, қазақ тіл білімінде 
мәтінтану мәселесіне қатысты зерттеу жүргізген тілші-ғалымдардың 
еңбектеріне шолу жасай отырып, сөйлеу үдерісінде немесе мәтінде 
қолданылатын тілдік бірліктердің қызметі, олардың өзара тіркесімділік 
қызметі тілдік тұлғаның интеллектуалды қабілетімен, аялық білім 
жүйесімен 
тығыз 
байланысты 
екені 
айқындалады. 
Мәтін 
психолингвистикалық аспект тұрғысынан қарастырыла келіп, мәтіннің 
дифференциалды 
белгілері 
мен 
мәтін 
түзуші 
категориялар 
қарастырылады.
Түйін сөздер: мәтін, сөз семантикасы, сөйлесім әрекеті, 
психолингвистика, мәтін тұтастығы, коммуникативті тұтастық, 
құрылымдық тұтастық, коммуникативті жағдаят. 
 
Жалпы тіл білімінде мәтін мәселесі үстіміздегі ғасырдың 70-80 
жылдарына дейін сөйлем шеңберінде қарастырылып келді. ХХ 
ғасырдың екінші жартысынан негізі қаланған мәтін лингвистикасы 
бірнеше ғылымдар тоғысынан пайда болған ғылым саласы. Қазақ тіл 


248 
білімінде мәтінтану мәселесіне қатысты зерттеулер өз негізін
А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен алады. Мәтіннің 
лингвистикалық табиғатын тануға бағытталған еңбектердің қатарына
Р. Сыздық, М. Серғалиев, Б. Шалабай, Г. Смағұлова, А. Таусоғарова,
Г. Әзімжанова, С. Жусанбаева; газет мәтінін қарастырған Б. Момынова, 
Қ. Есенова; көркем мәтінді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған
С. Құнанбаева, Ж. Қайшығұловалардың еңбектерін жатқызуға болады. 
Мәтін лингвистикасына қатысты кеңес тіл білімінде И. Гальперин, 
С. Гиндин, З. Тураева, Л. Бабенко, А. Залевская, Г. Солганик,
Ю. Левицкий, Л. Поповская сынды ғалымдардың еңбектері жарық 
көрді. Зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация 
мәселесі, мәтін құрылымы, көмекші сөздердің жұмсалымдық қызметі, 
мәтін типологиясы мәселелері сөз болады. 
А. 
Бабенко, 
Ю. 
Казарин 
«Лингвистический 
анализ 
художественного 
текста» 
атты 
еңбегінде 
мәтін 
талдаудың 
лингвистикалық және антропоөзектік түрлерін ұсынды. Мәтін 
талдаудағы дәстүрлі тәсіл – лингвистикалық тәсіл саналды, оның 
нысаны – тіл және мәтін. Лингвистикалық тәсіл көркем мәтіннің тілдік 
бірліктерін, категорияларын сипаттауға негізделеді. Мұндай тәсілде 
лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер 
мен категориялар қамтылады.
Антропоөзектік тәсіл – мәтіннің интерпретациясына байланысты 
автор позициясы мен оқырман позициясы қамтылады. Бұл тәсіл арқылы 
мәтінтану төмендегідей бағыттарға бөлінеді: 
- прагматикалық бағыт (А. Баранин); 
- жанрлы-стильдік бағыт (М. Бахтин, М. Кожин); 
- когнитивтік бағыт (В. Дейк, Т. Виноградов); 
- деривациялық бағыт (Е. Кубрякова, Л. Мурзин); 
- коммуникативтік бағыт (Г. Золотова, Н. Болотнова); 
- психолингвистикалық бағыт (Л. Выготский, А. Леонтьев). 
Антропоөзектік бағыт мәтінді шығармашылық әрекеттің нәтижесі 
ретінде қарастырады. Қазіргі таңда мәтінтанымдық зерттеулердің 
қатары біршама толығып, мәтіннің күрделі табиғаты біртіндеп ашыла 
түсуде.
Лингвистиканың дәстүрлі зерттеу нысаны ретінде сөз, сөз тіркесі 
және сөйлемнің құрылымдық модельдері негізге алынады. Сөз  тілдік 
жүйенің негізгі құрылымдық-семантикалық бірлігі болып табылады. 
Сөз де, сөз тіркесі де зат, құбылыс, іс-әрекеттің атаулары ретінде қызмет 
атқарады. Бір тілде сөзбен таңбаланатын бірлік екінші тілде сөз 
тіркесімен таңбалануы мүмкін, кейде керісінше болады. Сол себепті сөз 


249 
бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылық шартты болып келеді. 
Мәселен, аспан әлемі – мироздание, шөп шабушы – косарь, железная 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет