Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет74/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Байланысты:
KAO-3-2020

алып, тұмсығын көкке көтеріп, әй, бір ұлыды. ...Көк Бөрі баласы ит 
сияқты адамға жарамсақтана алмайды. Ол үрмейді де, қыңсылап 
жыламайды да. Тек, Көктегі Тәңірге ғана мұңын шағады [25]. 
Бұдан түйетініміз: Көк бөрі – қайсар, шыдамды, қорлыққа да 
қасқайып шыдас беретін хайуан. Сондықтан да халқымыз оны 
құрметтеген, киесінен қорыққан. Бөріні қорламаған, ешқашан да 
азаптап өлтірмеген. Егер де азаптап өлтірсе, жамандыққа ұшырайды 
немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған. Осы ойды жазушы былай 
жеткізеді: «Әлде содан ба, әлде басқа себептен бе – кім біледі, бір 
Тәңірден басқа ешкім білмейді. Әйтеуір, содан соң-ақ әлгі айбынды 
асқақ хан билеген елдің әлемді жарқыратқан Күні бешінге, ақшамға 
қарай құлдырай береді деседі... 
...Көк Бөрі біздің қасиетті киеміз ғой. Көк Түрік заманында көк 
байраққа алтындап, Көк Бөрінің басын салып қояды екен. Сол тегін деп 
пе едіңіз?! Тегін емес қой» [25]. 
М. Мағауин «Қасқыр – Бөрі» әңгімесінде қасқыр мен бөрі атауы 
бір болғанымен, оның ерекшелігіне тоқталады:
Бөрінің орнына қасқыр келді. Шын мәнісінде екеуі бір-ақ аң: бөрі 
деген – қасқыр, қасқыр деген – бөрі. Атау ғана ауысқан. Сырттай 


265 
қарағанда. Ал шын мәнісінде... бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр – бұрынғы 
бөрідей бола алмады. Бөрі – ырыс еді, ұран еді,бөрі – батыр еді. Ендігі 
қасқыр...сорға айналды, ұранға ене алмады, оның ерлігінің өзі 
қарақшылыққа саналды. Барлық асқақ сыпат, жақсы қасиет – бөрінің 
бойында қалды. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді... Баяғы құрт 
пен шенеден, кешегі бөріден қайтқан бақ, көшкен рух қасқырға 
қонбапты. Қасқыр – даланың төрт аяқты жыртқыш, қорқау, жебір, 
рахымсыз аңы ғана екен. Бұрын батырды бөріге теңесе, енді қадыр-
қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға теңейтін болыпты. 
Жазушы осылай ой түйе келіп, өзінің ұрпағының қайтадан 
бұрынғы «бөрі» қалпына түсуін қалайды. Ол: «Көк бөрінің бүгінгі 
ұрпағы өзінің әуелгі қалыбын табуы үшін, тек жүрек қана басқаша 
соғуы керек!» – деп кейінгі ұрпақты жүректі, қайсар, батыл болуға 
үндейді. Осылайша ол арғы атамыз – Ер Түрік, қазақ елі – Бөрі әулеті 
екенін дәлелдейді [26]
Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» атты тарихи романында 
қасқырлар өлім мен өмір арасында көрінеді: «Ошақбайдың көзіне қос ақ 
қасқыр шалынды, қырқаны құлдап бермен жосып келеді. Әлгінде 
азынап ұлыған дәп осы мұндар мақұлықтар екенін білді. Тақап қалғанда 
көрді, екеуінің аузында екі бөлтірік бар, түн әлпетінде бөлтірігін 
тістеп ауа қашқан қасқырларды көргені осы. Әлгілер қарсы ұшырасқан 
аттылыны көргенде қалшиып, қатып тұра-тұра қалысты. Бауырын 
көтермеген күшіктерін жерге түсіріп алды. Арланы болар, жер 
бауырлап жатты. Азуды қандар қырғын шайқасты күтті. Көзінде 
қамсау от пен өшпенділік тұрды» [27]. Бұл үзіндіден қасқырдың өз 
баласын тастамай, қандай қиындық болса да шыдап, баласы үшін 
қандай шайқас болса да дайын тұрғанын байқаймыз. 
Д. Рамазанның «Көкжалында» адам және табиғат арасының 
арпалысы ешбір бояусыз, бар қалпында суреттеледі. Әңгіме желісі 
бойынша, қасқырдың апанынан бөлтіріктерді алып кеткен Серік 
Елубайдың аулына келіп тоқтайды. Бөлтіріктерінің осы ауылда екенін 
сезген қасқырлар ауылдың малына шабады. 
...Елубай да қарап қалған жоқ, бар ерiк-жiгерiн бойына жиып
қасқая қалған қасқырдың құлақ шекесiн ала көздей берiп оқтаулы 
тұрған шүрiппені басып қалды. Басын төмен сала жиырыла түскен 
кәрлi қасқыр «шипам бiттi» дегендей сол жағына қарай сылқ етiп 
құлады да, қимылсыз қалды...
...Сорғалай аққан ащы терiн сүртiп алмақ боп бойын жаза 
тiктеле берген кезде тау беткейiнен өзіне қарай құлдилап келе жатқан 
көкжалды көзі шалды. Бүлкектей басып ентелеп келедi. Елубай 


266 
алдыңгүнi өзi қуған арланды жазбай танып, қапелiмде не істерін бiлмей 
қатты састы. Қашып құтыла алмасын да сездi. Қолындағы күрегiн 
қыса ұстаған күйi мылтық құсатып кезене шошаңдатып та көрдi. 
Қасқыр қаймығар емес, ешқандай қауiп-қатердiң жоқтығын iшi 
сезетiн сияқты. «Бөрі адамның көзiнен қорқады» деушi едi!» Елубай 
жандалбасалап оның ойнақшыған отты көзiне тіке қарады. Арланның 
аялдайтын түрi жоқ. …ырылдап келiп сол жақ иықтан ала түскен 
ашулы арлан ақсиған азу тiстерiн батырып жiберiп күтiр-күтiр 
еткiздi де, жұлқылай тартып қалды. Үстi-басын қан жуып кеткен 
Елубай есi шыға есеңгiреген күйi тiзерлеп отыра қалды [28]. 
Әңгімеден көріп отырғанымыздай, қасқырлар бөлтірігін алып 
кеткен адамның соңына түсіп, сол ауылдың қойына шауып, маза 
бермейді. Елубай қасқырдың қаншығын атып өлтіреді. Жұбын 
өлтіргеннен кейін тіпті ашынған арлан қасқыр Елубайдың өзін аңдып 
жүріп, ақыры оны өлтіріп тынады. Бұл әңгімеде де бөлтіріктерінен 
айырған, жұбын өлтірген адамнан кек алған көкжал қасқырдың өр 
мінезін, түз тағысына тән ерекше кекшілдік қасиетін көреміз.
Аталмыш әңгімелерден түйетін түйін: бөрінің алғырлығы, 
төзімділігі, батылдығы, мықтылығы, қайсарлығы сияқты қасиеттерді 
санасына түйіп өскен ұрпақтың бойында «бөрілік рух» сезімі оянары 
анық. 
Қорыта айтқанда, фольклорлық және көркем әдеби шығармаларда 
сомдалған қасқыр бейнесі қазақ халқының дүниетанымын, діни наным-
сенімін, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға болуымен қатар, 
халықтың ұлттық рухын көтеретін тектілік қасиетімен де ерекшеленеді.
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. 
https://www.zakon. kz/ 
4853272-n1201rs1201ltan-nazarbaev..html
2. Жанайдаров 
О. Ежелгі Қазақстан мифтері. Қазақстан балалар 
энциклопедиясы. –Алматы, 2006. – 252 б. 
3. Қазақтың мифтік әңгімелері. // Құраст. Ыбыраев Ш., Әуесбаева П. – Алматы: 
«Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002. – 320 б. 
4. Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. – Алматы, 
2011. – 432 б.
5. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. 
6. Балтабаева Г.С. Көне түркі көк бөрі тотемі және қазіргі қазақ әңгімесі. – 
Түркология, № 5-6, 2010. 
7. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 264 б. 
8. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: Фолиант, 2007. Т.44: Батырлар жыры. – 
496 б. 
9. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: Фолиант, 2008. Т.50: Батырлар жыры. – 
464 б. 


267 
10. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: Фолиант, 2006. Т.39: Батырлар жыры. – 
448 б. 
11. Қазақ халық әдебиеті: Көптомдық. – Алматы, 1989. – Т.4: Батырлар жыры. – 
400 б. 
12. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т.1. – 256 б.
13. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1984. – Т.2. – 336 б. 
14. Тарихи жырлар. Үшінші том. Кенесары – Наурызбай. – Алматы, 1996 – 341 
б. 
15.  Аронұлы С. Ақиық. Толғaулaр, сын-сықaқтaр, aйтыстaр. – Алмaты: 
Жaзушы, 1975. – 140 б. – Б. 13. 
16. Жұмабаев М. Шығармалары (әдеби басылым) 1-том. Өлеңдер, дастандар. – 
Алматы: Жазушы, 2013. – 376 б. 
17. Күлеев Б. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 2000. – 284 б. 
18. Жабаев Ж. Толық шығармалары, – Алматы ,1946. – 271 б.
19. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. – Алматы, 2001. – 470 б. 
20. 
https://bilimsite.kz/maqal_matel/11012-kaskyr-turaly-makal-matelder.html
 
21. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Ертегілер. Т.1 – Алматы, 1988. – 288 б. 
22. Жас өркен. Повестер, әңгімелер, ертегілер/ Құраст.Б.Сарыбаев. – Алматы, 
1988. –Б. 92-122 
23. Айтматов Ш. Жан пида. Роман. – Алматы: «Жалын», 1988. – 480 б. 
24. Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз. Роман. – Алматы: Жазушы, 1999. – 472 б.
25. Мұртаза Ш. Ай мен Айша. 
https://reader.bookmate.com/gwEHwnQN
 
26. Мағауин М. Қасқыр – Бөрі. https://magauin.com/angimeler/qasqyr-bori 
27. Досжан Д.Жібек жолы.Роман. 
https://ru.bookmate.com/books/pzQRApWr
 
28. Рамазан Д. Көкжал.Әңгіме. 
https://adebiportal.kz/kz/news/view/2841
 
Резюме 
В данной статье повествуется о значимости тотема «волк» в мировоззрении 
казахского народа и его архетипном свойстве. Тотем «волк» отражается как в устном 
народном творчестве, так и в казахских художественных произведениях. Это говорит 
о том, что тотем является средством развития национального духа. Также 
рассматривается символическая сущность тотема «волк». 
Resume 
The authors of this article examine the importance of «көк бөрі» totem for Kazakh 
nation’s viewpoint and feature as a historical heritage. Discovering the description of «wolf 
spirit» in folklore critsations and works of fiction is one of the fixed assets of spirit 
development. Furthermore, this article gives the symbolic meaning of the wolf totem. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет