Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет56/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

59
 
ҧлғайтады. Мҥдделерінің жалған қысылуына жауап берудің 
осындай тәсілі санасыз болып табылады, «зардап шегушінің» 
эгоцентризмі және инфантильдігін білдіреді. Агрессивтілік және 
азапты ҧлғайту ыза, табалаушылық, ӛкініш, долылық немесе баяу 
кҥйіну тҥріндегі айтарлықтай қатты эмоционалдық кҥйзелістермен 
ҧласады. Әдетте, агрессивті мінез-қҧлық кӛздің жануы, жҧдырықты 
сермеу, тістерді қайрау, алақанның жиегімен ҥстелді ҧру, аяқпен 
тарсылдату, дауыс кӛтеру сияқты теріс экспрессивті вербалды емес 
сигналдармен ҧласады. Агрессивті мінез-қҧлық ӛзін кем сезіну 
белгісі болуы да мҥмкін. біреулер осындай сезімнің салдарынан 
тҧйық болып, ӛз қалпақтарының астында тығылады, басқалары 
ашық және агрессивті жауап береді. Деструктивті қарым-қатынас 
кезінде адам психологиялық қорғануға мәжбҥр болады. 
Ең қҧлдыратқыш агрессия қасақана, интенционалды (лат. 
intentio – назар, ҧмтылыс) деп аталады, оның мақсаты – салдарын 
тҥсіне отырып, сҧхбаттасқа саналы тҥрде қасақана зиян келтіруге 
ҧмтылу. Осындай адамдар, әдетте қойған мақсатына жеткен соң, 
содан ләззат алады. 
Басу (императивті байланыс, лат. 
imperativus
- бҧйрықты, 
таңдауға мҥмкіндік бермейді) - авторитарлық немесе директивалық 
ӛзара әрекеттесу. Сҧхбаттасушыға әсер ету формасы бойынша ол 
сондай-ақ деструктивті қарым-қатынас тобына жатады, себебі оның 
басты мақсаты бір серіктестің басқасын ӛзіне бағындыру, оның 
мінез-қҧлқын, ой-пікірін бақылауға қолжеткізу және мәжбҥрлеуші 
ҥшін пайдалы болатын белгілі бір бағытта әрекет етуге мәжбҥрлеу 
болып табылады.
Осындай ӛзара әрекеттесу кезінде сҧхбаттасушының жеке 
ерекшеліктері мен жеке мақсаттары маңызды емес, ол адам ретінде 
емес, бақылауға жататын механизм ретінде, басқаның мақсатына 
қол жеткізу қҧралы ретінде қарастырылады. Имперавтивтік 
байланыстың ӛкілі әдетте бҧл кезде ӛзінің ынталарын жасырмайды, 
басқаны «Мен айттым!» принципі бойына әрекет етуге 
мәжбҥрлейді. Әсер ету қҧралдары ретінде бҧйрықтар, қорқытулар 
және бопсалау қолданылады; қашықтық, статус, басқалармен 
салыстыру кӛрсетіледі; шиеленіске қарым-қатынас атмосферасы 
туады. Әрекет етудің осындай стилінің ең әлсіз жері табыстарды 
белгілеудге, мақтауға және қолдауға, серіктестерді ынталандыруға 
ниет білдірмеу және білмеу

Тҧлға аралық қарым-қатынас кезінде 
бҧл стилдің пайдасы жоқ, себебі бҧл дағдарыстың себебі болып 
табылады, жанжал жағдайлар, теріс реакция және қарсылыққа әкеп 
соқтырады, адамдардың қарым-қатынасын бҧзады.
Осылайша, агрессивті мінез-қҧлық айтарлықтай әрқашан ӛзара 
әрекеттесуге деструктивтіліктің және қираушылықтың жағымсыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет