Перифраздары



Pdf көрінісі
бет68/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

жол бұзады, сөйлей білмеген ел бұзады», «Аузында 
əзілі жоқтың, қолында шоқпар», «Кесірлі ауыздан 
кесапатты сөз», «Тентекке сөз жаңғырық, шапқан 
атқа жел жаңғырық» деген тəрізді нақыл сөздерге 
қарап отырсаңыз, а деп аузын ашқаннан адамның кім 
екенін байқауға болатынын көресіз. Халқымыздың сөз 
өнеріне аса зор мəн бергенін дəлелдейтін мақалдардың 
бұл да бір парасы.
Сөйлеу өнеріне дағдылану оңай емес. Ең алдымен 
тыңдай білер құлақ керек, содан кейін ұға білер зерде 
болсын. Себебі, «Тыңдаушысы болмаса сөз жетім», 
«Суды сіңетін жерге құйып, сөзді ұғатын адамға 
айтқан абзал», «Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді», 
сондықтан құйып алатын құйма құлаққа айт дейді халық 
нақылы. Өнегелік үлгіні нұсқап отырып өзінше бір түйін 
жасайды. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана 
болады», ал мұның бəрі қолынан келмесе, «Айта білмес 
ауыздан, тыңдай білген құлақ артық». Сөз білмесең 
үндемегеннің өзі абзал. Өйткені «Үндемеген үйдей 
пəледен құтылады», «Үндемегеннің ойы жүйрік».


322
Мақалдың енді бір тобы – сөйлер сөзге мейлінше 
ұқыпты, сақ болуды талап етеді. Өйткені «Айтылған 
сөз атылған оқпен тең». «Ауыздан шыққан сөзді атпен 
де қуып ұстай алмайсың», «Отыз тістен шыққан сөз 
отыз рулы елге тарайды», «Сөйлегенше сөзіңе өзің 
қожа, сөйлеген соң өзіңе сөзің қожа». Міне, сондықтан 
да сөйлемес бұрын, ойланып алған артық болмайды 
дегенді негіздейді.
Сөзге қойылатын талаптың бірі барынша қысқалық, 
нақтылық, дəлдік. Қашанда «Ақылдың сөзі қысқа, айта 
қалса – нұсқа», «Адамның даналығы – сөзінің қысқа-
лығы» болмақ. Айтар ойыңды қысқа сөзбен жеткізе 
алмасаң басыңа бəле болып жабысады. Халықтың 
«Етегің ұзын болса, аяғыңды орайды, тілің ұзын болса, 
басыңды орайды», «Артық тұз асқа залал, артық сөз 
басқа залал», «Жауынның көптігі жерді құртады, 
сөздің көптігі ерді құртады» деуінде үлкен мəн бар. 
«Пышақ жетесіне, сөз келтесінен» болып жатса құба-
құп. Мылжыңдықтан жаман азап жоқ. Өйткені «Дау 
шешеннен қорқады, шешен мылжыңнан қорқады», 
«Тұзды сабын жеңеді, шешенді мылжың жеңеді» деген 
сөз бар. Сөздің қысқалығына құмарлық «Көп сөз – көмір, 
аз сөз – алтын» болатындығын сезгендіктен туады. 
Керек десеңіз халық ұғымында «көп сөз – есекке де 
жүк». Осындай ащы ауаны да араластырып «арқанның 
ұзыны, сөздің қысқасы жақсы» екенін ескертіп отырады. 
Ал қысқа сөзде мəн болмаса, оның да құны бір тиын. 
Қысқа сөз көп мағына көтеріп тұрса ғана құнды. Мəн
қашанда сөздің ақиқаттығынан туындайды. Айтылған 
əңгімең шындыққа негізделмесе, сөзімді тыңдамды 
деп жұртқа өкпелеме. «Əуелгі сөзің рас болса, соңғы 
сөзіңнің өтіміне жақсы», сондықтан «Айтылған сөздің 
құдіреті – ақиқатта». Ақиқаттың салмағын мына 


323
тəрізді сөздерден анық аңғаруға болады: «Суды шым 
тоқтатар, сөзді шын тоқтатар», «Тіл жүйрік емес, 
шын жүйрік», «Түйін-түйін сырыңды түбінде келіп 
шын ашар» т.т.
Əрине шындықтың тізгінін ұстап, діттегенін орындау 
оңай емес. Өйткені «Ақ сөз ащы болғандықтан» «Тура 
айтып туғаныңа жақпайсың». Ал туралықтың жолына 
түсіп, қара қалды қақ жаратын қасиетке ұмтылған 
адамда қашанда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде 
иман жоқ» деген қағида болу керек.
Халық сөзді үлкен өнер есебінде тұтынған адамдарға, 
оның жоғарыда əңгіме болған неше түрлі шарттарын 
ұсынады да, мұны игерген кісілерді шешендіктің 
өлкесінен іздейді. Қазақ халқының тарихында бұл 
өнердің айрықша мəні болған. Ел басындағы неше түрлі 
əлеуметтік мəселелердің, дау-дамай, талас-тартыстар-
дың көбін шешеннің дөп қосып айтқан бір сөзі шешіп 
кетіп отырған. Шешен адамды қадірлеуде осындай сыр 
бар. Зер салыңызшы, халық шешендік өнер жайлы, 
шешен адамдар жайлы аса зор ілтипатпен əңгімелейді: 
«Ай ортақ, күн ортақ, шешеннің тілі ортақ», «Батыр 
жауда озады, шешен дауда озады», «Ине көзінен 
сынады, шешен сөзінен сынады», «Шебердің көзі мерген, 
шешеннің сөзі мерген», «Шешеннің пайдасы тиер, 
сотқардың найзасы тиер», «Шебер көптің апасы, шешен 
көптің опасы», дейді. Ал сөз білгеннің бəрі бірдей шешен 
бола бермейді. Сарнап, мақал-мəтелді жатқа соққан 
адам де ретті-ретсіз жерін байқамаса, қасиеті шамалы. 
«Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен 
боларсың», «Көпті көрген көсем, дөп сөйлеген шешен», 
яғни шешен адамға қойылар талап үлкен. Сөздің қадірін, 
қасиетін, салмағын, сəнін, əрін, нəрін, дəмін, сөлін үнемі 
қадағалап, сауатты пайдаланған адам ғана шеберліктің 


324
шыңына бет түзейді. «Дауды шешен бітірмейді, шебер 
бітіреді» дегенде де істің шебер шешім табуына есеп 
болатын ақиқатқа негізделген сөйлеу қисынын ұғамыз.
Сондықтан сөз өнерінің қайнар бұлағы халық 
ортасында. «Кен асылы жерде, сөз асылы елде», 
«Бабадан сөз қалады, əкеден көз қалады», «Кəрі, кəрінің 
сөзі дəрі», «Аталар сөзі – ақылдың көзі» болғандықтан 
да халықтың нақыл сөздеріне көпшілік құмар. Сол 
себепті де, сөз атасы – мақал жайында кейбір пікірімізді 
бүгінгі оқырманмен ойласқымыз келеді. «Бөз атасы 
мата болса, сөз атасы – мақал» екенін əңгімелеп, 
халықтың өз мүлкін өзіне ұсынғымыз келеді. Əсіресе 
өсіп келе жатқан жастар қауымының асыл қазынамыз – 
ана тіліміздің байлығына мəн беруге бейім еместігін 
көргенде қынжылмасқа лаж жоқ. Ертеңгі күні «айтар 
нақылы жоқтың – табар ақылы жоқ» болып жүрмесін 
деп күйзелесің. Əсіресе мектеп оқушылары, студенттер, 
ауыл-қала интеллигенттері ана тіліміздің айшықты 
элементтері болып табылатын мақал-мəтелдің сөз 
өнерін шыңдай түсетін мектеп екенін ұға түссе деп 
айтып отырмыз. «Кемеңгерге де кеңес керек» деген ғой. 
Қайран қазақ, мемлекеттік тілді білгеніне ғана мəз болып 
қалмай, соның кереметін де терең түсініп, өзінің сөйлеу, 
жазу мəдениетін шыңдай түссе екен деген ой-дағы бұл!


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет