335
Осы тұрғыдан келгенде, тереңдете зерттейтін
үлкен бір ғылыми проблема шығады. Яғни аударманы
кезеңдеп зерттеу проблемасы. Басқаша айтқанда, əрбір
кезеңде бой көрсеткен аудармалардың түрі мен сапасы,
аудармашылар қолданған тəсілдер мен жаңалықтарды
т.т. саралап талдап, зерттеп берген əлі ешкім жоқ.
Еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, дəлме-дəл аударма,
адекват аударма, баламалы аударма дегендер сол əрбір
кезеңнің нəтижесі. Айта берсек, аударманың терминдік
ұғымдарының өзін қарастырып, реттеп алатын да кез
болды. Неге десеңіз, бірен-саран жазылған зерттеулердің
өзіңде термин қолданыста бір жүйелілік байқала
бермейді. Мұндай нəрсе аударма ғылымының өзі əлі
қалыптасу дəуірінде екенін мегзейді. Енде ше бұл да – өз
алдына қарастыруды қалайтын сала.
Аударманы рухани баюдың, тіл мен əдебиетті,
мəдениетті байытудың бір жолы деп қараған жөн. Қазіргі
қазақ тіліңде ойлау жүйесінің өзінде соның сөз материалы
арқылы іске асырылатын құрылымдық сипатыңда, стилі
мен мақамында орыс тілінің ықпалын байқамау мүмкін
емес. Əсіресе, қазақтың тіл қорына үңілсеңіз, игі əсердің
жемісті үлгілерін молынан кездестіресіз. Осыдан көркем
аударманың ұлттық əдебиет пен ұлт тілінің байи түсуіне
мол септік жасайтынын байқау қиын емес.
Советтік дəуірімізде
актив, автор, анкета, аптека,
Достарыңызбен бөлісу: