ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ ТƏСІЛДЕРІ
Фразеологиялық тіркестердің аудармасын тексеру
күрделі əрі қиын іс. Күнделікті практикалық істе де,
теориялық мəселелер үшін де фразеологияның мəні зор.
Қайсыбір тілде болмасын заттың, нəрсенің ұғымдық
мəні, мағынасы бірдей болады да, ал олардың сти-
листикалық қызметі əр тілде əртүрлі. Сонымен бірге
сөздердің тіркесу қабілеті де бірдей емес. Бұл жағдай-
дың аудару процесіне белгілі дəрежеде əсер ететіні
даусыз.
Мұны тереңірек зерттеу үшін ең алдымен фразео-
логиялық единицалардың түрлеріне тоқтап өтелік.
Акад. В.В. Виноградов орыс тілінің материалына
сүйене отырып, бұлардың үш түрін алып қарайды.
Фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тізбектер
жəне фразеологиялық тіркестер Виноградовтың пікі-
рінше, фразеологиялық единицаның негізгі түрлері –
осылар. Осылай бөлу ғылымда белгілі бір тəртіп енгізіп,
жүйелі зерттеу ісін жүргізуге септігін тигізбей қоймайды.
Ғылым дəл анықтаманы қалайды. Егер біз бастауыш,
баяндауыш дегендерді басқа бір атаулармен атаған болсақ
не болар еді. Ешқашан да дəйекті пікірге жете алмас едік.
Фразеологиялық единицаларды осындай жүйеге келтіру
өте орынды. Виноградовтың бұл классификациясын
басқа тілдер үшін де пайдалануға болады, көп ғалымдар
солай жасайды да.
Фразеологиялық түйдектер мен тізбектер белгілі бір
тілдің өзіне ғана тəн ерекше құбылыс. Оның өзіндік өңі,
əрі болады, аударма ең алдымен осы қасиеттерді беруі
тиіс. Фразеологиялық тізбектер жəне фразеологиялық
түйдектер деп отырғанымыз не? Бұл екеуінің белгісі
ретінде идиомдарды, мақал-мəтелдерді қараймыз,
326
яғни нақыл сөздерді аудармада қалай беру керек. Міне,
ең алдымен осы мəселенің басын ашу қасиет. Нақыл
сөздер деп отырғанымыз, лингвистика тілімен айтқанда,
идиомдар мен фразалық топтар.
Осы екеуінің де ортақ қасиеттері болумен қатар,
өзгеше белгілері де бар. Аудармасын сөз етуден бұрын,
осындай өзгешіліктерін ажыратып, ортақ қасиеттерін
анықтап алайық. Идиом тобындағы сөздер өздерінің
негізгі мағыналарынан айырылып, басқа ұғымды береді.
Егер мұның компоненттері бастапқы мағынасынан
алшақтамай барып бір ұғымды берсе, онда ол идиом
емес, фраза болғаны. Идиом тобындағы сөздер лекси-
калық формасы мен мағынасын жоғалтады да, тек
грамматикалық формасын сақтайды.
Ал енді бұлардың ортақ қасиеттеріне келсек, фраза-
ның да, идиомның да құрамындағы сөздер тұрақты
келетінін байқаймыз. Оның компоненттерінің орнын
ауыстыруға, басқа бір сөздермен жанастыруға болмайды.
Белгілі бір орында тек өзімен үйірлес сөздермен қатар
тұрады. Көбінесе бұлардың жігін ажырату қиын. Бірінің
орнына бірін қолдана беруге болады, олардың ортақ
қасиеттері осылай.
Сөйтіп, компоненттерінің жеке күйіндегі негізгі
мағынасынан айырылу, не айырылмауына қарай идиом
мен фразаның айырмасын ажыратамыз. Бұлардың ерек-
шеліктері əсіресе басқа тілдерге аудару процесі кезінде
ерекше көзге түседі. Бұл жөнінде акад. І.Кеңесбаев:
«Мақал, фраза, идиомдарды басқа системалы тілге
аударарда бұлардың өзара негізгі айырмашылықтарының
бірі айқын көзге түседі: идиом сөздердің дені сөзбе-сөз
(мақал фразадағы сөздердегідей) аударуға келмейді, бұл
жоғарыда біз атап кеткен лексикалық өзгешеліктен туған
қасиет», – дейді.
327
Міне, осындай идиом, фразалардың аудармасын
берерде мұқият болу керек. Жоғарыда айтқанымыздай,
идиом категориялары көп жылдар бойы халықпен біте
қайнасқан, сол халықтың өзіне ғана тəн ерекше құбылыс
болғандықтан, бұларды амалсыздан «калька» жолымен
аударуға тура келеді. Бірақ бұған үйір болудың əдеби
тіл үшін ешбір пайдасы жоқ, зияны көп нəрсе. Нағыз
қиындық осы кезеңде туады. Жазушының шеберлігі де
осы жерде көрінеді. Шебер жазушы мұндай жағдайда
мағына жағынан сəйкес келетін идиомдарды, тізбекетерді
қалайда табуға тырысады. Ерінбей ізденген аудармашы
табады да. Осындай қиындықтарына қарамастан нақыл
сөздердің аудармасы адамды қызықтыратын нəрсе.
Акад. І. Кеңесбаевтың «аудару техникасы, аударма тілі
өз алдына айрықша сөз болуға, айрықша тексерілуге
тиіс деп ойлаймыз» деуі осының айғағы.
Біз енді пікірімізді нақты мысалдар негізінде дамытып
көрелік. Мақаламызға материал ретінде М. Горький
творчествосын таңдадық.
Əдебиетте белгілі бір жазушыны мадақтау үшін,
ең алдымен, оның шығармаларының тілін сөз етеміз.
Халықтық тіл екен дейміз. Неліктен бұлай дейміз? Көр-
кем шығарманың əрін кіргізіп, жан бітіретін тіл екенін
талай замандар бойы данышпан адамдар айтып келеді,
əлі талай айтатын болады. Жазушы белгілі бір халық-
тың өкілі. Ол өз шығармасында сол өз халқының бей-
несін бергісі келеді. Шығармасын халыққа түсінікті етіп,
солардың мақсат-мүддесін тəрбиелейтіндей етіп жа-
зады. Яғни ол халық тілін барынша пайдаланады. Халық
тілі өте бай. Əсіресе, нақыл сөздердің неше алуаны
халық ортасында туындап жатады. Халық мақалдап,
мəтелдеп сөйлейді. Оның сөздерінде небір тамаша идиом
сөздер мен фразалық топтар бар. Нағыз халықтық жазу-
328
шы міне осы элементтердің бəрін екшеп пайдаланады.
Ол да мақалдап сөйлеуге тырысады. Халықтың мол
байлығын пайдалана отырып, жазушы белгілі бір тілді
дамытуға үлес қосады. Жалпы нақыл сөздерді бір тілден
екінші тілге аударуға бола ма? Ғалымдар, аудармашылар
бұл мəселеге қалай қарайды? Егер біз идиомдардың,
мақал-мəтелдердің қазақ тіл білімінде, əдебиеттану
ғылымында көптен зерттеліп келе жатқанын ескерсек,
бірнеше пікір бар екенін байқаймыз. Бұл жөнінде акад.
Кеңесбаевтың қандай пікірде екенін жоғарыда айттық.
Ал белгілі сыншы, филология ғылымдарының
кандидаты М. Қаратаев 1957 жылы «Тынық Дон» қазақ
тілінде жəне көркем аударманың кейбір мəселелері» деген
мақаласында аудармадағы ең қиын нəрсе осы идомдар
мен мақал-мəтелдер деп атап көрсетеді. Соны екінші
тілде берудің тəсілдерін тəжірибеден келтіріп, үш түрлі
əдіс ұсынады. Филология ғылымдарының кандидаты,
үлкен аудармашы С. Талжанов та өзінің «Көркем
аударманың кейбір мəселелері» деген еңбегінде осы
мəселеге барып, өз пікірін ортаға салады. Бірақ осының
бəрінде де нақыл сөздерді аударуды проблемалық мəселе
ретінде арнайы зерттелмеген. Көбісі терең бармай, тиіп-
қашып айтады. Ал нақыл сөздерді аударуға бола ма, жоқ
па деген сұраққа бұл ғалымдардың бəрі де дұрыс жауап
береді. Аударуға əбден болады жəне автордың стилін
беруді қазіргі кезеңде реалистік аударманың басты
принципі деп қарасақ, бұларды аудару өте қасиет те. Біз
мақаламызды негізінен осы мақсатқа байланысты жазып
отырмыз.
Ал енді нақыл сөздердің аудармасы жөнінде мағ-
лұматымыз кеңейе түсуі үшін жəне мұның өзін
проблемалық мəселе ретінде тексеріп отырғанда, біз
фразеологизм аудармасы туралы орыс баспасөзінде
329
жарияланған мақалалар мен еңбектерге тоқталмай өте
алмаймыз. Олар қандай мақалалар?
Жалпы фразеологизмдердің аудармасы жайында
ғылыми зерттеу еңбектерінің күні бүгінге дейін аз екенін
жоғарыда ескерткен болатынбыз. Соған қарамастан
үлкен ғалымдардың еңбектерінде, кейбір салиқалы
мəжілістерде сөйлеген сөздерінде аударма жайында,
оның ішінде фразеологизмдердің аудармасы туралы тиіп-
қашып айтпай тұра алмайды. Сонда бəрі фразеологизм
аудармасын тексеру өте күрделі іс екенін, бұған көп еңбек
ету қажет екенін жасырмай айтады. Жəне көпшілігі осы
мəселеге қызығады.
Жолбасшы материалдың аздығынан біздің пікіріміз де
бір абсолютты ақиқатты білдіреді деп таласа алмаймыз.
Тек біздің мақсатымыз азды-көпті бұрын жазылған
мақалаларды зерттеп қарай отырып, солардың негізінде
өз топшылауымызды ұсынбақпыз.
«Иностранные языки в школе» журналының 1948
жылғы 3 нөмірінде доцент А.Я. Рожанский (Москва)
«Идиомы и их перевод» дейтін мақаласын жариялады.
Ол идиом туралы түсініктің əлі күнге бір жүйеге
келтірілмегенін, тіпті көптеген авторлардың пікірлері
түйісіп қалған жағдайдың өзінде де онша дəлелді емес
екенін əңгімелейді. Мəселен, А. Кунин «Идиоматические
вырожения» (1934) деген, В. Потоцкая «Французские
идиоматические выражения» кітабында т.б. ағылшын,
француз зерттеушілері, сол сияқты орыс зерттеушілері
де Даль, Ушаков сөздіктерінде де кейбір пікір
алшақтықтарын ескермегенде, идиом жөнінде пікір
ұқсастығын байқаймыз.
Олар идиом мəнін өз компоненттерінен шығаруға
болмайды жəне идиомдары басқа тілдерге аудару мүмкін
емес дейді. Мұндай салтқа айналған пікірді таратушы
330
шет тілі мұғалімдері болды. Автор аударуға болады
деген идеяны қолдап, дəлел келтіреді. Ең алдымен
ол идиомдарға сипаттама береді, оның табиғаты,
семантикасы, құрылысы, экспрессивті бояуын айқындап
алады. Рожанский идиом мағынасын өз компоненттерін
шығара алмаймыз дейтіндерге енді қандай дереккөзден
іздейміз оның мəнін деп қарсы сұрақ қояды. Рожанскийдің
дəлелдеуінше, идиомдардың мынадай белгілері бар
екен. Идиом біртұтас жəне ауыспалы мағыналы тұрақты
тіркес (устойчивое словосочетание) екен. Осыны жеке-
жеке алып қарайды. Зерттеушілердің көбісін шошытып
жүрген идиомның бір қасиеті – метафоралығы.
Рожанский идиом компоненттерінің жеке мағынасынан
барып идиомдық мағына шығатынын дəлелдейді. Əрбір
идиомның келтірінді мағынасы оның компоненттерінің
ең бастапқы лексикалық мəнінен туындап жатады. Ол
бірте-бірте метафоралап əуенге, ауыспалы мағынаға ие
болады да, біртұтас кейіпке түседі. Біз кейбір тұрақты
тіркестердің бір жағдайда тура мағынасында, ал екінші
бір жағдайда идиомдық мағынаға қолданыла беретінін
білеміз дейді. Мысалы: протянуть ночи, задать ток т.б.
Тіркестердің идиомдық мəні мен тура мағынасы
арасында қандай байланыс бар? Бұл ассоциацияға
байланысты.
Идиомдар мағынасы жағынан лексикаланған тір-
кестер, яғни формасы жағынан сөз тіркесі де, мəні
жағынан сөз тіркесі де, сөз болып келеді. «...В разных
языках разные образы могут вызвать образование идиом
одного и того же значения. Но и в одном языке создаются
синонимические ряды из идиом, подсказанных раз-
ными образами».
Идиомды аударуға болмайды дейтіндер көп-ақ. Олар
егер аудара қаласақ, мағынасыз бірдеңе болып шығады
331
дегенді айтады. Əрине сөзбе-сөз аудару мағынасыз-
дыққа апаратыны даусыз. Бірақ сол идиомның əрбір
компонентін сөзбе-сөз қабылдап көрелікші, не болар
екен?
Калька жолымен тілімізге еніп, сіңісіп кеткен
талай тамаша үлгіні білеміз. Екіншіден, идиомдардың
эквивалентін таба білу. Бұлар өте көп. Жəне аударудың
ең бір жақсы да өнімді тəсілі болмақ.
Сонымен Рожанский идиомдарды аударудың негізгі
жолдарын ұсынады. Алдымен идиомдардың эквива-
лентін табуды ең қасиетті шарт екенін айтады, екіншіден,
сөзбе-сөз аудару (калька) мұны мүмкін екенін дəлел-
дейді, бірақ бұл өте шектелген жол. Үшіншіден,
идиомдардың мағыналық мəнін, маңызын жай текспен
беру жолы. Осының қайсысын таңдай білу аудармашы-
ның сөз мəдениетіне, түпнұсқаны терең ұғынуына,
екі тілдің күллі байлығын бойына сіңіре білгендігіне
байланысты. Ең ақырында автор фразеологиялық
идиоматикалық қорымызды игеру сөз мəдениетінің,
аударма мəдениетінің артқандығын көрсетеді. Ең
алдымен өз ана тілінің идиомаларын жете білу қажет.
1958 жылы 15-18 қаңтарда Алматыда орыс тілінен
Орта Азия, Қазақстан жəне Əзірбайжан халықтарының
тілдеріне əдебиетті аудару мəселесіне арналған өңірлік
мəжіліс болды. Мұнда Қ. Сағындықов идиомдары
аудару тəжірибесіне байланысты баяндама жасады. Ол
«В.И.Ленин шығармаларында кездесетін идиомдарды,
қанатты сөздерді, мақалдар мен мəтелдерді қазақ тіліне
аудару» деп аталады.
Бұларды аудару поэзияны аудару сияқты өте ауыр.
Маркс, Энгельс, Ленин мақал-мəтелдерге, бейнелі
сөздерге диалектикалық тұрғыдан қарау керек, олар
əрқашанда қоғамдық өмір құбылыстарының сəулесі,
жаңа мен ескі күресінің сəулесі ретінде қарау керек деп
332
үйретеді. Ленин қанатты сөздерді, мақал-мəтелді былай
бағалайды: «Бывают такие крылатые слова, которые
с удивительлной меткостью выражают сущность,
довольно сложных явлений».
Ұлы сыншыл жəне ойшыл Белинский мақал-мəтел-
дерді əрқашанда əрбір халықтың дамуы кезеңіндегі
нақтылы, тарихи негізін қарау керек дейді. Əрбір халық
басқа ешбір елде жоқ көптеген сөздер мен терминдерге,
тіркестерге ие, міне, соларды көркем аударманың
арқасында бүкіл адамзаттың игілігіне айналдыру қажет
деген.
Пушкин: «Подстрочный перевод никогда не может
быть верен. Каждый язык имеет свой оборот, свои
условленные риторические фигуры, свои усвоенные
выражения, которые не могут быть переведены на другой
язык соответствующими словами» деп жазды.
Гоголь: «Бейнелі сөздерді берерде механикалық əдіс-
тің қажеті жоқ», – деді. Міне, осылай негізгі пікірді кел-
тіре отырып, Сағындықов Лениннің идиомды орасан
көп қолданғанын жəне оны қазақ тіліне берудің тə-
жірибесін сөз етеді. Ленин шығармаларында кездесетін
бейнелі сөздерді аударуды мынадай топқа бөледі:
а) художественные образы, афоризмы, изречения и
крылатые слова;
ə) идиомы и фрозеологические сочетания;
б) пословицы и поговорки.
Сағындықов Федоровтың «Введение в теорию
перевода» деген еңбегінде идиомдарды, фразалық
тіркестерді өзіне сай эквивалентін тауып беру керек деген
пікірін жақтайды. Ғалым Ленин тəжірибесіне сүйенеді
дейді. Ұлы көсемнің идиомдарды, мақал-мəтелді
аударуда екі түрлі қолданғанын айтады. Біріншіден,
мақалдардың барлық сөздерін түгел аудару, екіншіден,
мағыналық аударма, яғни тек мағынасын беру. Түп
333
нұсқаның формасы мен образын сақтамай-ақ, мақалдың
мағыналық дəлдігін бере білу басқа.
Сағындықов осы принцип негізінде жасалған үш
түрлі тəжірибені баяндайды.
1) «Точный перевод пословицы с сохранением
вещественно-образного значения слов и соблюдение ее
харектера и афористичности».
Осы тəсіл негізінде қазақ тіліне көптеген жаңа
мақал-мəтел енді. «Волков бояться в лесу не ходить» –
Достарыңызбен бөлісу: |