Перифраздары



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Терминдер жəне олардың аудармалары. 
Алматы: Ғылым, 1990. – 129-141-бб.


351
М.ƏУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ПЕРИФРАЗДАР
Перифраз – сөздердің бейнелі мағынада қолдану 
тəсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Негізінде 
сөздерді перифраздық ыңғайда қолдану – бір нəрсенің, 
я құбылыстың атауын, оның өзіне тəн белгілеріне 
сүйене отырып, басқа астарлы мағынада суреттеу. 
Басқаша айтқанда, күнделікті тұрмыс қажеттіліктерінен 
туындайтын жаңа ұғымдарға байланысты өмір 
шындықтарын, құбылыстың кейбір ерекше реңктерін 
айту тəсілі. Перифраз жалпы көркем шығармаларда 
сөздерге я сөз тіркестеріне бейнелілік сипат беру 
процесіне ғана емес, сол сияқты газет, журнал беттерінде 
де, техникалық жəне экономикалық əдебиеттерде де 
кеңінен қолданылады. 
Жалпы алғанда, перифраз фразеологияның ерекше 
салаларының қатарына жатады. Себебі перифразда сөздерді 
бір-бірімен тіркестірудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Сонда перифраз дегеніміз – затқа, құбылысқа, 
процеске суреттемелі түрде ат қою болып шығады. 
Перифраз – лингвистикалық единица. Біріншіден, 
ол міндетті түрде тұрақты сөз тіркесінен жасалады, 
екіншіден, оның семантикасы келтірінді (коннотативті)
мағынада жұмсалады. Сөзді перифрастикалық мағынада 
қолданғанда, заттың тек жеке бір айрықша белгісі 
ғана алынады да, басқалары ескерілмейді. Үшіншіден, 
тілде бұрыннан қолданылып келе жатқан узуалды 
(тұрақтанған) перифраздар бар да, көркем шығармаға 
тəн жеке авторлық еркін (окказионалдық) перифраз 
бар. Алғашқысын жалпы тілдік, соңғысын стильдік 
құбылысқа жатқызамыз. Перифраздың өзіне тəн бір 


352
ерекшелігі – тура мағынадағы сөздердің тіркесі арқылы 
екінші бір жаңа ұғымды суреттеу. Бұл жағынан ол 
басқа көркемдеу, бейнелеу тəсілдерімен – метафора, 
метонимия, синекдоха, табу т.б. мағына жағынан 
ұштасып жатады. Айталық, бір заттың екінші бір 
затпен өзара функциялық ұқсастығы да перифраздық 
сөзге мəн беруге негіз бола алады. Сондай-ақ, перифраз 
тура мағынадағы бір сөзбен я белгілі бір сөз тіркесімен 
берілетін ұғымды бірнеше сөздер арқылы сипаттап 
суреттейді. Мысалы, бидай, мақта, жол деген ұғымды 
ақындар былайша перифраздаған.
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай (С. С.).
Ағылып паравоздар бірде тынбай,
Тасыған алтын астық, көмір мұнай...
Тау, тасты көктеп жаңа жолдар
Жерімнің бейне күре тамырындай (Ж. М.).
Қарағай, қайың, тал, терек,
Тамылжыған ну алтын.
Ақ мамықтай мақтасын,
Ақықтайын ақ алтын (Ə.К.).
«Қызыл алтын», «қызыл маржан», «алтын астық» 
дегендер бидайдың перифраздық атауы болса, «ақ 
алтын» тіркесі – мақтаның, ал «күретамыр» – жолдың 
перифраздық атауы. Бұл тіркестер үнемі, жиі қолданудың 
арқасында құлаққа үйреншікті узуалды перифраздық 
қолданысқа айналып кеткен. Олардың жалпы мағынасы 
контексте тұрғанда айқындала түседі.
Тіл байлығының бір көрінісі – оның синонимінде. 
Тіл-тілде синонимдер дара сөз де, тиянақты тіркес те 
болып келеді. 


353
«Өскелең бай тілдің басты белгілерінің бірі – 
синонимді сөздер. Тіл-тілдің өсіп көркеюі үшін, бай 
əдеби тілі боп жетілуі үшін синонимика категориясының 
айрықша маңызы бар [1,78]. Сөздік құрамда тура 
мағынада қолданылатын сөздердің көптеген синоним-
дері болады. Олар синонимдік сөздіктерде беріледі. «Бел-
гілі бір ұғымды білдіретін мəндес сөздердің топтарын 
синонимдік қатар дейміз [1,79]. Синонимдердің ішінде 
негізгі номинативті мағынада қолданылатын түрлері 
мен сол мағынаны білдіру үшін синонимдік қатар құрып 
тұған екінші бір абстрактілі ауыс мағынадағы сөздерді 
де кездестіреміз. Əрине, олар əр уақытта кең қолданы-
лады. Оның себебі тілде семантика жағынан бірдей 
жəне эмоционалды болуы мен əсері жағынан абсолютті 
тепе-тең екі сөздің болатындығы айқындалмаған. Ал 
енді ондай синонимдер бар болса, олар міндетті түрде 
не семантикалық, не стилистикалық дифференцияға 
ұшырайды. Сонымен, синоним сөздер – əр басқа ұғымды 
емес, бір ұғымды əртүрлі жақтан белгілейтін атаулар. 
Сөздердің мағыналық жақтан дамуы, қосымша мəн, 
мағыналарға ие болуы синонимдік қатардың толығып, 
баюына əсер етеді. Осыдан барып көпмағыналы сөздер 
(полисемия) мен синонимдердің қарым-қатынасы өзара 
байланысы келіп туады. 
Синоним сөздер мағыналық жақтан даму нəтижесінде 
жасалынады. Дəлірек айтсақ, ауыспалы мағынаның 
өзінің перифраздануы көбіне оның полисемиядан 
əбден бөлініп, саралануына – басқа бір лексикалық 
даралыққа, синонимге айналуына əкеліп соғады. 
Суреткердің əдемілікке, көркемділікке ұмтылу нəтижесі 
сөздерді, сөз тіркестерін бейнелеп, образдап, басқа бір 
атаумен, яғни перифразбен жеткізу тəсілін туғызады. 
Ал сөз қайталамаушылықты талап етуі осы образды 


354
синонимдердің шығуына келіп соқтырады. Бұл жайында 
Н.Н. Иванова «Перифраз – синонимдік тəсіл» [2,124]
десе, ал А.Т. Қоңыров кандидаттық диссертациясында 
перифразды «образды синонимдар» [3,45] деген. Қазақ 
тілі табиғатына осы соңғы пікір деп келетін сияқты. Бір 
ұғымды білдіретін мəндес сөздер, əрине синонимдер, ал 
ол жай сөзбен емес көркем, образды сөз тіркестерімен 
берілсе, əлбетте ол образды синоним болады. Н.Н. Ива-
нова мен Т.Қ. Қоңыровтың сөзін растай келе Ə. Болған-
баев та: «Синонимді қолданудың бір тəсілі – перифраз. 
Мұның мəнісі – жеке сөздің орнына оның түсінігін 
сипаттап беру. Алматы дегеннің орнына Қазақстанның 
астанасы, Күлəш деудің орнына – қазақтың бұлбұлы деп 
қолдануға болады [4,6] деген пікір айтқан.
Қазақ ақын, жазушыларының ішінде М. Əуезов, 
С. Мұқанов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мəуленов 
секілді сөз зергерлері образды синонимдердің сан алуан 
үлгілерін жасап қолданған. Соның қайсыбір нұсқалары 
мыналар тектес:
«... Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық 
заман ішінде үлы жан дүниеден көшті. Мағаштың 
қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай қаза тапты. 
Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы 
жарып аққан дариядай, игілік өмір үзілді.Сонау бір 
шатпақ тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз 
шыққан зəулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай 
кетті (М. Əуезов).
Ұлы жазушы келтірген үзіндіде Абай деудің орнына 
«ұлы жан, ұлы кеуде, игілік өмір, алып шынар» тəрізді 
метафоралық перифраз тəсілімен кемеңгер ақынға тəн 
ерекше қасиеттерге ден қойғызып, көңіл аудартқан. Ал 
өлді деген жағымсыз қатты сөздің орнына «дүниеден 
көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, құлады, кетті» 


355
деген жұмсақ эвфемистік перифразбен алмастырып 
отырған.
М.Əуезов өз шығармаларында тек образды сино-
нимдер, яғни образды перифраздарды ғана қолданбай, 
сонымен бірге метафоралық перифраздарды да кеңінен 
қолданған. Соның бір дəлелі мына мысал.
Ғайша жайын сырттан сөз қылушы қызыл ауыздар 
бар еді (М. Ə.). 
Осы келтірілген тіркестің лингвистикалық табиғатына 
бойлай отырып, оның лексика-семантикалық мəніне 
үңіле түсіп, біз мұны метафоралық перифраздар деп 
атадық.
Метафора мен метонимия тəрізді синекдоха да көркем 
əдебиеттегі бейнелеу, көріктеу тəсілінің бірі. Олай болса, 
синекдоха да алдыңғылар сияқты перифразға жақын 
мəселенің бірі. М.Əуезов оны да өз шығармасында 
түрлендіріп қолданғаны байқалады.
Құнанбай өз басы шешеден жалғыз, бəйбішенің 
жалғызы. Қара шаңырақ иесі (М. Ə.).
Кейін осы өсек еріккен қызыл ауыздың бірін кернеп 
кеткен уақытта ... (М. Ə.).
Алғашқы мысалдарда «қара шаңырақ» – үй деген 
ұғымды білдіріп тұр. Мұндағы қара сын есімі үй сөзінің 
анықтауышы ретінде – үлкен деген мағынаны білдіріп, 
келтірінді деген кейіпті танытып тұр. Синекдоханың 
перифразға жақын тұратыны сондықтан.
Бұл – сөз қолдану тəсілдерін мейлінше меңгерген, 
қазақ сөзінің құдіретін ерекше сезінген жандардың ғана 
игілігі.


356


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет